Жануар физол



Pdf көрінісі
бет267/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   263   264   265   266   267   268   269   270   ...   504
 

11.8. Қалқанша без 

 

Қалқанша  без  кеңірдектің  алдыңғы  екі-үш  сақинасының  вентральдық 



беткейінде, көмекейдің қалқанша шеміршегінің артында орналасқан жұп без. 

Оның массасы жылқы мен сиырда 25–40 г, шошқада 15–20, қой-ешкіде 5–10 

г, тауықта  40–100 мг. Əр түлік малда бездің пішіні əр қилы: ірі қара мен итте 

без бөліктері мойнақ арқылы жалғасса, жылқы мен қой-ешкіде мойнақ онша 

сезілмейді, ал шошқада без бөліктерге бөлінбей тұтаса жатады. Филогенездік 

тұрғыда без ас қорыту ағзаларымен байланысты, жұтқыншақ қабырғасынан 

дамиды.  Без  сыртынан  дəнекер  ұлпалы  қапшықпен  қапталған.  Одан  бездің 



 

358


ішкі  ұлпаларына  перделер  тарап,  без  жеке-жеке  көпіршіктерден 

(фолликулалардан) тұратын бөліктерге бөлінеді. Көпіршіктер қабырғасы бір 

қабат  эпителий  торшаларынан құралып,  сырт  жағынан  қан  капиллярларына 

бай  дəнекер  ұлпалы  қабықпен  қапталған.  Көпіршіктер  қуысы  құрамында 

тиреоглобулині  бар  біртекті  коллоидпен  толған.  Көпіршіктегі  коллоидтың 

мөлшері бездің функционалдық күйіне байланысты өзгеріп отырады: жұмыс 

үстіндегі безде коллоид азаяды. 

Қалқанша  без  қанмен  өте  мол  жабдықталады.  Қанды  ол  алдыңғы  жəне 

артқы жұп қалқаншалық артериялардан алады. Адамда без арқылы сағатына 

5–6  л  қан  өтеді.  Иттің    денесіндегі  қан  қалқанша  безден  күніне  16  рет  өтіп 

шығады. Органның 100 г массасына шаққанда қалқанша бездегі қан айналым 

қарқыны артқы аяқтан 100 есе, қанқа еттерінен 46, мидан 28, бүйректен 5,5 

есе  артық.  Без  кезеген  жəне  симпатикалық  жүйке  талшықтарымен 

жүйкеленеді. 

Қалқанша без тироксин жəне үшйодты тиронин деп аталатын екі гормон 

түзеді.  Олар  тирозин  амин  қышқылының  туындысы  болып  табылады. 

Тироксиннің  құрамында  йодтың  төрт  атомы,  ал  үш  йодты  тирониннің 

құрамында  -  үш  атомы  болады.  Үш  йодты  тиронин  тироксинмен 

салыстырғанда 5–10 есе белсендірек, бірақ ол аз мөлшерде түзіледі. 

Триоксин без торшаларында белокпен қосылып, тиреоглобулин түзеді де, 

көпіршіктер  қуысына  бөлінеді.  Ол  молекулалық  массасы  670000-ға  тең 

гликопротеид  болып  табылады  жəне  көпіршік  қуысында  бұйығы  түрде 

бірнеше  айға  дейін  сақталады.  Гипофиздің  тиреотроптық  гормонының 

əсерімен тиреоглобулин ыдырап, оның құрамынан тироксин жəне үш йодты 

тиронин  бөлінеді.  Бұл  гормондар  эпителий  торшалары  арқылы  қанға  сіңеді 

де, тироксин альбуминмен байланысып, тиреоальбумин түзіледі. Гормонның 

тек аз ғана мөлшері еркін күйде кездеседі. 

Қалқанша без гормондары организмдегі зат алмасу процесінің қарқынын, 

малдың өсіп-жетілуін реттейді, жоғары дəрежелі жүйке қызметіне əсер етеді. 

Бұл  гормондар  торша  митохондрияларындағы  тотығу  процесінің  қарқынын 

жоғарылатып,  торшадағы  қуат  жəне  белок  алмасуын  күшейтеді.  Тироксин 

белоктардың, көмірсулардың, майдың тотығуын жандандырып, ұлпалардың 

глюкозаны  сіңіру  қабілетін  жоғарылатады,  бауыр  мен  бұлшық  еттерде 

гликогеннің  ыдырауын  шапшаңдатады.  Тироксин  əсерімен  тек  қуаттық 

алмасу  ғана  емес,  құрылымдық  өзгерістер  жақсарып,  организмнің  өсіп-

жетілуі  шапшаңдайды.  Қалқанша  без  гормондары  денедегі  су  мен 

минералды  тұздардың  алмасуын  да  реттейді,  ас  қорыту  ағзаларының 

қызметіне ықпал етеді: кілегей қабық эпителийінің қызметін жандандырып, 

белоктың,  ұшпалы  май  қышқылдарының  (ҰМҚ),  кальций  мен  фосфор 

тұздарының,  т.б.  қосылыстардың  сіңуін  жақсартады.  Олардың  əсерімен 

бұлшық  еттегі  алмасу  процестері  күшейіп,  сүт  түзу  процесі  жақсарады, 

желінде  казеин  мен  бета-лактоглобулиннің  синтезі  артады  (130-сурет).  Бұл 




 

359


гормондар мал тұқымдарының пісіп-жетілуіне де ықпал етеді деген пікірлер 

бар. 


Малға қосымша тироксин ексе (жасанды гиперфункция) негізгі зат алмасу 

күшейіп,  жүйке  жүйесінің  қозғыштығы  жоғарылайды,  жүректің  соғуы 

жиілеп,  жиырылу  күші  артады,  дене  қызуы  көтеріледі,  организмдегі 

көмірсулар  қоры  кеміп,  мал  тез  қажиды,  əлжуаздық  байқалып,  салмақ 

жоғалады. 

Қалқанша  безді  сылып  тастау  (гипофункция)  негізгі  зат  алмасу  процесін 

күрт  төмендетіп,  малды  əлсіретіп  жібереді.  Мұндай  операциядан  кейін  ет 

тонусы  нашарлап,  дене  температурасы  төмендейді,  жыныстық  қызмет 

бұзылып,  жүйке  жүйесінің  қозғыштығы  əлсірейді,  жоғары  дəрежелі  жүйке 

қызметі  бұзылып,  шартты  рефлекстердің  қалыптасуы  қиындайды.  Безі  жас 

кезінде  сылынып  тасталған  малдың  сүйегі  қатайып-жетілмей,  жыныстық 

ағзалардың, жүйке жүйесінің дамуы тоқтап қалады, мал өспейді. 

Бездің  гиперфункциясынан  адамда  базед  дерті  байқалады.  Бұл  жағдайда 

зат  алмасу  қарқыны  жоғарылайды,  адам  қатты  арықтап,  жүректің  соғуы 

жылдамдайды, дене қызуы көтеріліп, жұмыс қабілеті төмендейді, əлжуаздық, 

тершеңдік, 

ашушаңдық 

сезіледі. 

Гипертиреоз 

(бездің 


қызметінің 

жоғарылауы)  жағдайында  ми  қыртысының    қызметі  бұзылып,  қозу  процесі 

басымдық    алады да,  тежелу  процесі нашар  туындайды, мал  тез болдырып, 

жылдам арықтай бастайды. 

 

 

 



 

Организмде  йод  жетіспеген  жағдайда  без  шырышты  секретті  көп  бөліп, 

көпіршіктер  қабырғасы  керіліп  кетеді  де,  бездің  көлемі  өседі,  бірақ 

секрециялық  торшалар  қызметі  нашарлайды,  гормондардың  түзілуі 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   263   264   265   266   267   268   269   270   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет