11.6. Стреске бейімделуде гипоталамус пен эндокриндік жүйенің
маңызы
Стресс деген сөз ағылшын тілінен аударғанда булығу, ширығу жағдайы
деген мағына береді. Стресс жайлы ілімді Канада патофизиологы жəне
эндокринологы, Нобель сыйлығының лауреаты Ганс Селье ұсынған. Бұл ілім
XX ғасырдағы ең үлкен жаңалық деп танылған.
Булығу күйі əр түрлі қолайсыз факторлардың (инфекция, улы заттар,
суықтық, шаршап-шалдығу, қансырау, ауырсынту, малды тасымалдау,
таңбалау, пішу, азық тапшылығы т.б.) əсерінен туындайды.
Ганс Селье созылмалы жағымсыз əсерге организм тек сол тітіркендіргіш
туындыратын нақтылы реакциялармен жауап беріп қана қоймай (мысалы,
суықтыққа тері тамырларының тарылуымен), əсер табиғатына тікелей
қатысы жоқ, бейқалып, жалпылама реакциялармен де жауап беретінін
анықтаған. Осындай процестердің арқасында организм өз қызметін қолайсыз
жағдайға бейімделуге жұмылдырады. Организмде əр түрлі жалпылама
реакцияларды тудыратын қолайсыз факторларды Селье булықтырғыштар
(стрессорлар) деп атауды ұсынған. Стрессорға əсер күші үйреншікті
деңгейден жоғары, сондықтан бейімделу тетігінің тек жүйкелік жолын ғана
емес, гормондық тетігін да əрекетке қосатын тітіркендіргіштерді жатқызады.
Достарыңызбен бөлісу: |