Жануар физол



Pdf көрінісі
бет263/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   259   260   261   262   263   264   265   266   ...   504
Байланысты:
Zhanuarlar-fiziologiyasy Nesipbaeb

Гипофиздің 

артқы 

бөлігі, 

немесе 



нейрогипофиз, 

түрленген 

нейроглиялық  торшалардан  -  питуициттерден  құралған.  Бұл  торшалар 

гормондар түзу процесінде белгілі рөл атқарады. Қазіргі кезде қалыптасқан 

көзқарастарға 

сəйкес 


нейрогипофиз 

гормондары 

гипоталамустың 

супраоптикалық  жəне  паравентрикулярлық  ядроларында  түзіледі  де, 

липопротеидтік  секрет  түйіршіктері  түрінде  гипоталамус-гипофиз  жолы 

аксондары  бойымен  гипофиз  сабағы  арқылы  гипофиздің  артқы  бөлігіне 

өтеді.  Гипофиздің  артқы  бөлігі  тек  нейросекреттер  қоймасы  ғана  емес, 

сонымен  қатар  олардың  белсенді  күйге  айналуын  қамтамасыз  ететін 

маңызды  орган.  Нейрогипофизде  нейросекреттер  окситоцин  жəне 

вазопрессин  гормондары  түрінде  жиналады.  Вазопрессин  гипоталамустың 

супраотпикалық, ал окситоцин - паравентикулярлық ядроларында түзіледі. 



 

354


Вазопрессин антидиурездік əсер етеді. Ол бүйрек түтікшелерінен алғашқы 

зəр  құрамындағы  судың  кері  сорылуын  жандандырады.  Бұл  гормон  бүйрек 

түтікшелері  эпителийінің  гиалуронидаза  ферментін  бөлуін  күшейтеді. 

Аталмыш  фермент  торша  аралық  заттардағы  гиалурон  қышқылын 

полимерсіздеп,  түтікшелер  қабырғасының  өтімділігін  жоғарылатады, 

реабсорбция  процесін  күшейтеді.  Осымен  байланысты  вазопрессинді 



антидиуретин  (АДГ)  деп  те  атайды.  Бұл  гормон  алғашқы  зəрден  калий, 

натрий  жəне  хлоридтердің  кері  сорылуын  тежеп,  минералдық  заттар 

алмасуына  реттейді.  Сонымен  қатар  вазопрессин  артериолалар  мен 

капиллярлар арнасын тарылтып, қан қысымын жоғарылатады. 



Окситоцин - холинэстеразаны бейтараптап, ацетилхолиннің белсенділігін 

арттырады,  жатырдың    бірыңғай  салалы  еттерінің,  желіннің  альвеолалық 

бөлігіндегі  миоэпителийдің  жиырылуын  күшейтіп,  сүттің  бөлінуін,  малдың 

июін  реттейді.  Окситоцин  тұмса  малдың  туар  алдында  желіндеуін,  желінде 

май түйіршіктерінің түзілуін жандандырады. 

Еркек  малда  окситоцин  шағылысу  кезінде  шəуеттік  жолдың  бірыңғай 

салалы еттерінің жиырылуын күшейтіп, эякуляция тудырады. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   259   260   261   262   263   264   265   266   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет