Жануар физол



Pdf көрінісі
бет265/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   261   262   263   264   265   266   267   268   ...   504
Байланысты:
Zhanuarlar-fiziologiyasy Nesipbaeb

Булығу 

(стресс) 

жағдайында 

қан 

құрамындағы 



адреналиннің, 

норадреналиннің, 

АКТГ-ның, 

СТГ-ның, 

глюкагонның, 

глюкокортикоидтардың, 

тироксиннің 

жəне 


йодпен 

байланысқан 

белоктардың,  қанттың,  еркін  май  қышқылдарының  деңгейі  жоғарылайды. 



 

355


Сонымен  қатар  қанның  ұйығыштық  қасиеті  өзгеріп,  қарын  сөлінің  бөлінуі 

баяулайды,  қан  түйіршіктерінің  саны  көбейіп,  жүрек  соғысы  жиілейді,  қан 

қысымы  жоғарылайды,  жүректегі  қан  айналым  күшейіп,  организмнің 

қорғанғыштық қабілеті артады. 

Стресс  мал  өнімділігін  төмендетеді,  оның  салмақ  қосуын  нашарлатады, 

өнім  өндіруге  жұмсалатын  азық  шығынын  арттырып,  жыныстық  жетілуді 

тежейді т.б. Дегенмен, организмнің стрессорларға жауап реакциясы малдың 

жынысына, жасына, жоғары дəрежелі жүйке қызметінің нұсқасына (типіне), 

стрессорлардың  күшіне  жəне  əсер  мерзімінің    ұзақтығына  байланысты 

өзгереді. 

Стресс  жағдайын  Селье  жалпылама  адаптациялық  синдром  (синдром  

ауруға  тəн  белгілер  жиынтығы) деп  атады.  Оның  себебі  -  əртүрлі дағдылы 

реакциялар  нəтижесінде  организм  сыртқы  ортада  қалыптасқан  жағдайға 

бейімделеді. 

Организм  стресс  тудыратын  тосын жағдайға  кездескенде орталық  жүйке 

жүйесінің  əрекетімен  оның  барлық  қорғанғыштық  қабілеті  іске  қосылады. 

Бұл процесте эндокриндік бездер (гипоталамус- гипофиз-бүйрек үсті бездер 

жүйесі)  маңызды  қызмет  атқарады.  Стрессор  əсерімен  алдымен 

рефлекторлы түрде адреналиннің бөлінуі артады. Адреналин гипоталамуске 

əсер етіп, одан кортиколиберин бөлінеді, ол гипофизден АКТГ-ның бөлінуін 

үдетеді.  Ал  АКТГ  өз  кезегінде  бүйрек  үсті  безінің  қыртысты  бөлігінен  зат 

алмасу  процесінің  қарқынын  күшейтетін  глюкокортикоидтардың  бөлінуін 

жақсартады.  Осының  нəтижесінде  зат  алмасу  қарқындап,  организмнің 

төзімділігі жоғарылайды. 

Булығу үш сатыда өршиді: 

1)  Дабыл  сатысы  -  АКТГ  мен  глюкокортикоидтар  секрециясының 

күшеюімен сипатталады. 

2)  Төзімділік  сатысы  -  зат  алмасу  процесі  қарқынының  күшеюімен 

байланысты  организмнің  қорғанғыштық  қабілетінің  жоғарылауымен,  оның 

əртүрлі қолайсыз əсерлерге төзімділігінің артуымен сипатталады. 

3)  Қажу  сатысы  -  стрессор  əсері  тым  күшті  болып,  ұзаққа  созылса, 

глюкокортикоидтардың  бөлінуі  тиылып,  зат  алмасу  процесінің  қарқыны 

басылады да, организмнің қарсыласу қабілеті төмендейді, ауру дендейді. 

                                      





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   261   262   263   264   265   266   267   268   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет