КӨБЕЮ (ҰРПАҚТАНУ) ФИЗИОЛОГИЯСЫ
Көбею – жануарлардың өніп-өсуін, белгілі түрдің сақталуын қамтамасыз
ететін күрделі биологиялық процесс. Жоғары сатыда дамыған жануарлар
жыныстық жолмен көбейеді. Жаңа дарақ (индивидум) аталық жəне аналық
жыныс торшаларының қосылуынан пайда болған ұрықтан дамиды. Сүт
қоректілерде, оның ішінде үй жануарларында, бұл процесті арнаулы көбею
ағзалары қамтамасыз етеді. Көбею ағзалары эволюция процесінде дамып-
жетіле келе, əр түлік малда өзіне тəн ерекшеліктерге ие болады. Үй
жануарларының өнімталдық, көбейгіштік қабілеті олардың шаруашылыққа
тиімді көрсеткіштерінің бірі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |