Жануар физол



Pdf көрінісі
бет276/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   272   273   274   275   276   277   278   279   ...   504
Жолдас  прогестероны  буаздықтың  сəтті  өтуі  үшін  қажет,  ал  жолдас 

гонадотропині  прогрестеронның    түзілуін  күшейтіп,  малды  іш  тастаудан 

сақтайды. 

Буаз биенің қанында 40-шы күнінен бастап гонадотроптық гормон пайда 

болады.  Бұл  гормон  бұзылмай,  қанда  ұзақ  сақталады.  Ол  жатыр  кілегей 

қабығында түзілетін гормон. Оны буаз бие қан сарысуының гонадротропині 

(СЖК) деп атайды. 

Барлық  мал  плацентасында  хорион  (қағанақ)  гонадотропині  түзіледі. 

Оның  бөлінуі  буаздық  мерзімінің  өсуімен  байланысты  үдей  түседі.  Бұл 

гормон плаценталық прогесторонның  бөлінуін күшейтеді. 




 

373


Жолдастың  өсу  гормоны  буаз  мал  организмінде  қанттың  шығынын 

азайтып,  оны  май  қышқылдарының  көзі  болып  табылатын  майға 

айналдырады.  Ал  май  қышқылдарының  алмасуы  нəтижесінде  холестерин 

түзіледі  де,  ол  плацента  арқылы  ұрық  қанына  өтіп,  торшалар  мембранасын 

құруға  пайдаланылады.  Холестерин  ұрықтың  өсуі  жəне  əртүрлі 

гормондардың түзілуі үшін қажет. 

Жыныс  гормондарының  түзілуі  жəне  бөлінуі  нейрогуморальдық  жолмен 

реттеледі.  Жыныс  бездері  афференттік  жəне  эфференттік  жүйкелермен  өте 

мол жабдықталған, бірақ олардың қызметінің рефлекторлық жолмен реттелу 

тетіктері  жайлы  деректер  онша  көп  емес.  Жүйке  жүйесі  жыныс  бездерінің  

қызметін гипофиз арқылы реттейді. Гипофиздің фоликуланы жандандырушы 

гормоны  ұрғашы  малда  фолликулалардың  пісіп-жетілуін,  ал  еркек  малда  - 

сперматогенезді 

жандандырады. 

Лютеиндеуші 

гормон 


жыныс 

гормондарының түзілуін, ал пролактин сары денеде прогрестронның түзілуін 

жəне  сүттену  процесін  жақсартады.  Эпифиз  мелатонині  жыныс  бездерінің  

өсіп-дамуын тежейді. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   272   273   274   275   276   277   278   279   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет