сол торшаның ішінде жүретін процестерге əсер етеді. Олар қанға сіңсе тез
376
қысымын төмендетеді. ПГФ қан тамырларын тарылтады. Көптеген
простагландиндер бірыңғай салалы еттердің жиырылуын күшейтеді. Олар ас
қорыту ағзаларының қимылын, жыныс органдарының қызметін реттеуге
қатысады. ПГЕ жəне ПГФ ексе, мал организміне еш залал келместен ол іш
тастап, шуын бөледі. Жыныстық айналым соңында аналық жыныс жүйесінде
простагландиндердің концентрациясы өсіп, сары дене жойылады да, келесі
айналым басталады. Аталық безден бөлінген простагландиндер шəуеттің
өміршеңдік қабылетін ұзартуға жағдай тудырады. Сонымен қатар олар
аталық жыныс органдарының қан тамырларын кеңейтіп, жыныс жолының
бірыңғай салалы еттерінің жиырылуын күшейтеді. Простагландиндер
медиаторлардың бөлінуін өзгерте отырып, орталық жəне шеткей синанстарда
нейро-гуморальдық əсерлердің берілуін реттеуге қатысады деген болжамдар
да бар.
Достарыңызбен бөлісу: