Жануар физол


 Ас қорыту ағзаларының, бүйректің, өкпенің эндокриндік қызметі



Pdf көрінісі
бет277/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   273   274   275   276   277   278   279   280   ...   504
Байланысты:
Zhanuarlar-fiziologiyasy Nesipbaeb

 

11.14. Ас қорыту ағзаларының, бүйректің, өкпенің эндокриндік қызметі. 

Простагландиндер 

 

Көптеген  ұлпаларда  нысана  органдардың  реакциясын  тудыратын 



биологиялық    белсенді  заттар  пайда  болады.  Олар  арнаулы  торшаларда 

түзіледі  де,  ұлпалардың  жіктелуін,  қызметін  реттеуге  қатысады.  Олардың  

көбісі өздері əсер ететін нысана торшалардың маңында түзіледі де, əрекетін 

қанға  сіңбей-ақ  диффузиялық  жолмен  атқарады.  Бұл  заттар  гормондардан 

осы  қасиетімен  ерекшеленеді.  Сондықтан  оларды  ұлпалық  гормондар  деп 

атаған.  

Ас қорыту ағзаларының кілегей қабығында бірнеше биологиялық белсенді 

полипептидер  түзіледі.  Олар  ас  қорыту  жолының  секрециялау,  қимылдау, 

сіңіру  т.б.  қызметтерін  реттеп,  басқа  жүйелермен  үйлесімді  байланыстарын 

қалыптастыруда маңызды рөл  атқарады. 

Сілекей бездерінде қарын қимылын, оның сөл бөлуін күшейтетін паратин 

атты  гормон  түзіледі.  Сілекей  бөлу  күшейгенде  қан  тамырларын  кеңейтіп, 

сілекей  мен  қарын  сөлінің    бөлінуін  үдететін  калликреин  мен  брадикинин 

бөлінеді. 

Қарын  кілегей  қабығының  торшалары  парасимпатикалық  жүйке 

медиаторларының  əсерімен  гастрин  деген  зат  бөледі.  Ол  қарын  қимылын, 

оның  сөл  бөлуін  күшейтіп,  ұйқы  безінің  сөл  бөлуін  үдетеді.  Қарында 

гастрон  жəне  гистамин  атты  биологиялық  белсенді  заттар  да  бөлінеді. 

Гастрон қарынның сөл бөлуін тежеп, қарындағы ас қорытуды нашарлатады, 

ал  гистамин  -  қарынның  көмкерме  торшаларының  қызметін  жандандырып, 

негізгі торшалардың қызметін бəсеңдетеді.  




 

374


Ащы  ішекте  бірнеше  гормондар  түзіледі.  Олар  мына  төмендегі 

əсерлерімен сипатталады. 



Энтерогастрин - қарын қимылын жəне қарын сөлінің бөлінуін күшейтеді, 

ал энтерогастрон - қарынның бұл қызметтеріне тежеуші əсер етеді; 



Секретин  -  ұйқы  безі  сөлінің  бөлінуін  үдетіп,  бауыр  қызметін 

жандандырады; 



Панкреозимин  -  ұйқы  безі  сөлінің  бөлінуін,  оның  ферменттерінің 

белсенділігін күшейтеді; 



Инкретин - ұйқы безінің ішкі секрециялық қызметін күшейтеді; 

Энтерокринин - люберкюн бездерінің  қызметін реттейді; 

Дуокринин - бруннер бездерінің қызметін реттейді; 

Энтероцин - ащы ішектің қимылын күшейтіп, сөл бөлуін үдетеді; 

Вилликинин  -  ішек  бүрлерінің  жиырылуын  күшейтіп,  қоректік  заттардың 

сорылуын жақсартады; 



Серотонин (5-гидроокситриптамин) - ішектің  қимылын күшейтеді; 

Холецистокинин  -  өттің  бөлінуін  реттейді,  өт  қабы  мен  өт  өзектерінің 

жиырылуын тудырып, өттің ұлтабар ұшына бөлінуін үдетеді. 

Биологиялық  белсенді  заттар  бүйректің  юкстагломерулярлық  аппарат 

(шумақ  маңындық)  деп  аталатын  мионейроэпителиалдық  құрылымында  да 

түзіледі. Бұл құрылым шумаққа қан əкелуші жəне одан қан əкетуші тамырлар 

аралығында  орналасады.  Оның  құрамына  əкелуші  жəне  əкетуші 

тамырлардың  базальдық  мембранасында  орналасқан  юкстагломерулярлық 

торшалар (ЮГТ), дистальдық түтікшенің иірімді бөлігі (тығыз дақ), əкелуші 

жəне əкетуші тамырлардың юкставаскулярлық торшалары кіреді. 

Бүйректе  екі  түрлі  гормондық  жүйе  түзіледі.  Оның  біріншісі  ренин  - 



ангиотензиндік  жүйе  деп  аталады.  Ренин  арнаулы  юкстагломерулярлық 

эпителий  торшаларында  түзіледі.  Бұл  торшалар  əкелуші  артериолалар 

қабырғасының  шумаққа  жақындаған  бөлігін  көмкеріп  жатады.  Бүйрек 

тамырларындағы қысым төмендесе, симпатикалық жүйкелердің белсенділігі 

жоғарыласа, қанда катехоламиндердің концентрациясы көбейсе, организмде 

торша  аралық  сұйықтықтың  мөлшері  азайса,  бүйректің  дистальдық 

түтікшелеріндегі  сұйықта  электролиттер  құрамы  өзгерсе,  тығыз  дақ 

торшаларының  қызметі өзгеріп, рениннің  бөлінуі күшейеді. 

Ренин  қан  плазмасының  құрамындағы  глобулинге  əсер  етіп, 

ангиотензин-І  түзіледі.  Өкпе  мен  бүйрек  ұлпаларындағы  ерекше 

ферменттің  əсерімен  ол  ангиотензин-  ІІ-ге  айналады.  Ангиотензин-ІІ  өте 

күшті  тамыр  тарылтқыш  зат.  Сонымен  қатар  ол  альдостеронның  бөлінуін 

күшейтіп,  рениннің  түзілуін  бəсеңдетеді,  натрий  иондарының  кері 

сорылуын  үдетеді.  Осы  ренин–  ангиотензин  жүйесі  қан  тасудың 

(гипертонияның) кейбір түрінің өршуіне себепкер болады. 

Бүйректе  түзілетін  екінші  эндокриндік  қосылыстар  гормон  тектес 

простагландиндік  жүйе  деп  аталады.  Ол  арнаулы  ферменттің  əрекетінің 



 

375


нəтижесінде фосфолипидтер мен арахидин қышқылынан түзіледі. Бұл жүйе 

қан  айналу  ағзаларының  қызметіне  əсер  етіп,  симпатикалық  жүйкелердің 

əрекетін бəсеңдетеді, рениннің түзілуін күшейтіп, ангиотензин-ІІ-нің əсерін, 

антидиурездік  гормонның  күшін  əлсіретеді.  Бүйректе  сүйек  кемігінің 

кызметіне  əсер  етіп,  эритроциттердің  түзілуін  реттейтін  эритропоэтин 

деген гормон да бөлінеді. 

Автономды эндокриндік жүйе өкпеде де кездеседі. Олар жеке торшалар 

түрінде  мұрынның,  көмекейдің,  кеңірдек  пен  бронхылардың  кілегей 

қабығында орналасады. 

Өкпенің эндокриндік жүйесіне К- жəне Р-торшалары, нейроэпителийлік 

денешіктер жəне биогенді аминдер түзетін цилиндр торшалар жатады. Ауа 

құрамындағы  оттегі  мен  көмір  қышқыл  газының  əсерімен  бұл  торшалар 

қозады  да,  серотонин,  допамин  сияқты  биогенді  аминдер  бөледі.  Бұл 

өнімдер  қанға  сіңіп,  өкпедегі  газ  алмасу  процесін  реттейді,  басқа 

ағзалардың да қызметіне əсерін тигізеді. 



К-торшалар  шектеулі  ықпалы  бар  заттар  бөледі.  Олар  тамыр  тонусын 

жоғарылатып,  қанның  ұюын,  ет  талшықтарының  қажуын  баяулататын  зат  - 



серототинді бөледі. Егер бұл гормон көп бөлінсе, бронхылар түйіліп, тыныс 

алу  қиындайды.  Нейроэпителийлік  денешіктер  де  серотонин  бөледі.  Р-



торшалар  допамин  мен  бомбезин  бөледі.  Допамин  -  норадреналиннің 

бастапқы  түрі.  Ол  бронхыларды  кеңейтіп,  тынысты  жеңілдетеді.  Бомбезин 

өкпедегі  зат  алмасу  процесін  жақсартады.  Цилиндр  тəрізді  торшалар 

вазоактивті  интестинальды    полипептид  (ВИП)  бөледі.  Ол  бронхылар 

қабырғасындағы  хеморецепторларды,  бірыңғай  салалы  ет  талшықтарын 

қоздырады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   273   274   275   276   277   278   279   280   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет