377
бездер қызметіне тежеуші əсер ету мүмкіндігін ескерген жөн. Олардың
нысана ағзаларға қосалқы əсерінің сипатын жан-жақты зертеу де қажет.
Эндокринология саласындағы ғылыми жетістіктер мал шаруашылығы
мен мал дəрігерлік жұмыста гормондарды мына бағыттарда пайдалануға
болатынын көрсетті.
1. Бордақы жас малдың (бұзаулар мен торайлардың) өсіп-жетілуін
анаболизмдік немесе гипогликемиялық əсері бар гормондық препараттармен
(андрогендер, эстрогендер, инсулин, соматотропин) жандандыру. Бұл
мақсатта ұлпаларда белоктардың түзілуін арттырып, олардың ыдырауын
бəсеңдететін аноболизмдік əсері басымырақ стероидты препараттарды
пайдаланған тиімді. Анаболиктерді емдік мақсатта пневмония мен
диспепсиядан жазылған бұзауларға қолданған да жөн.
2. Ұрғашы малдың ұрпақтану (репродуктивтік) қызметін реттеу. Бұл
мақсатта прогестиндер, гонадотропиндер, ГТ релизинг-гормон, СЖК,
простагландиндер қолданылады.
3. Сиырдың сүттілігін арттыру. Бұл бағытта желіннің секрециялық
элементтеріне тікелей əсер етіп, қоректік заттардың желін мен басқа ұлпалар
арасында таралуын реттейтін соматотропин, соматолиберин сияқты
гормондар қолданылады. Гормондар жиынтығын қолдана отырып таналарда
сүттену процесін тудыруға болады.
4. Қойдың жүнін, ешкінің, қоянның жəне қолда өсірілетін басқа
аңдардың түбітін өсіру үшін тиреоидтық, немесе антитиреоидтық
гормондарды, соматотропинді, стероид-анаболиктерді пайдалану тиімді.
5. Малдың табиғи төзімділігін арттыру, төл басын аман сақтау
мақсатында эстрогендер мен кортикостероидтарды пайдалануға болады.
Пайдаланылатын гормондық препараттың сипатына жəне көзделген
мақсатқа қарай оларды не ас қорыту жолы арқылы береді, не егеді, не тері
астына қондырады. Кейбір жағдайда экзогендік гормондар немесе релизинг-
факторлардың орнына қажетті бездердің функционалдық белсенділігінің
күшейген кезіндегі əсерін қайталайтын биологиялық белсенді заттарды
егеді. Мұндай заттарға амин қышқылдары, биогендік аминдер, ”өсу
факторлары” т.б. жатады.
Практикада экзогендік гормондарды егумен қатар организмнің
гормондық статусын зеттеу əдісі де кеңінен қолданылады. Бұл əдіс малдың
өнімділігін болжауға, белгілі бір технологиялық тəсілдердің (мысалы, жаңа
сауын аппаратының) əсер сипатын, малдың физиологиялық күйін (буаздық
т.б.) анықтауға мүмкіндік береді.
Гормондарды малдың саулығына жəне өнімдер арқылы адам
денсаулығына зиян келтірмейтін болған жағдайда ғана қолданады. Бұл
мəселе қатал санитарлық - гигиеналық бақылауда болады.
Достарыңызбен бөлісу: