36.
Жыныстық айналым сипаттамасы
Жануарлар
Жыныстық құбылыстардың
ұзақтығы
Овуляция
мерзімі
(күйлеуге байланысты)
Жынысты
қ
айналым,к
Шылымда
ну
(эструс),
Күйлеу,
сағат
Сиыр
Кой,ешкі
Шошқа
бие
Коян
20—21
16—17
20—22
21—27
8—9
2—4
2—3
2—3
5—8
3—5
12—24
24—36
48—72
72—144
XX
10 – 12 сағаттан соң
24 –36 сағаттан кейін
36 –40 сағаттан кейін
24-36сағат бұрын
Шағылысқаннан 10 сағат
өткен соң
Күйлеудің бірінші күні жыныс айналымының басы болып саналады.
Күйлеу сатысының соңында ұрғашы малдың еркек малға деген құштарлығы
бəсендей бастайды.
Күйлеу сатысында немесе оның соңында фолликулалар жарылып,
жұмыртқа торша бөлініп шығады (овуляция). Малда овуляция шағылысу
процесіне тəуелсіз жүргенімен, шағылысу процесі оны шапшаңдатады. Ал,
іңгенде, қоянда, мысықта овуляция шағылысу нəтижесінде рефлекторлы
түрде жүреді. Лабораториялық кеміруші хайуандарда овуляция тəуелсіз
жүргенімен, сары дене тек шағылысқаннан кейін ғана іске қосылады.
Өнімтал жануарлар жыныс бездерінде фолликулалар бір мезгілде
жетілмейді, олар ретсіз (асинхронды) дамиды да, овуляция біраз уақытқа
созылады. Мысалы, мегежінде ол күйлеу басталған соң 20–40 сағат бойына
созылса, саулықта екі овуляция аралығы 2–6 сағат шамасында болады.
Овуляциядан кейін жыныстық айналымның екінші кезеңі - лютеиндік
кезең басталады. Бұл кезең сары дененің пайда болып, секрет бөлуімен
байланысты. Сары дене овуляциядан кейін фолликула торшаларынан
396
түзіледі. Олардың саны овуляция жүрген фолликулалар санына байланысты
жəне түлік түріне қарай өзгеріп отырады.
Сары денеде екі түрлі - ірі жəне майда, лютеоциттер кездеседі. Ірі
лютеоциттер түйірлі торшалардан, ал майда лютеоциттер фолликула
тостағаншасының торшаларынан пайда болады. Овуляциядан кейін сары
дененің массасы лютеоциттер санының көбеюімен емес, олардың мөлшерінің
ұлғаюы арқылы өседі.
Достарыңызбен бөлісу: |