Жануар физол



Pdf көрінісі
бет298/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   294   295   296   297   298   299   300   301   ...   504
 

 

 

12.6. Жыныстық айналым жəне оның əр түлік малдағы  ерекшеліктері 

 

Жыныстық  айналым  (цикл)  деп  жоғары  сатыда  дамыған  жануарлар 

аналығында  екі  овуляция  аралығында  белгілі  бір  ретпен  мезгіл-мезгіл 

қайталанып  отыратын  күрделі  морфо-физиологиялық,  мінез-қылықтық 

процестер  жиынтығын  айтады.  Жыныстық  айналым  кезінде  əртүрлі 

физиологиялық 

жүйелерде, 

əсіресе 


көбею 

ағзаларында, 

күрделі 

морфологиялық  жəне  биологиялық  өзгерістер  байқалып,  оның  əр  кезеңіне 

тəн жыныстық реакциялар қалыптасады. 

А.П.Студенцов  (1953)  теориясы  бойынша  жыныстық  айналым 

организмнің  барлық  физиологиялық  жүйелері  қатысатын  күрделі 

нейрогуморальдық  тізбектелген  процесс.  Ол  қозу,  тежелу  жəне  теңелу 



сатыларына бөлінеді. Əр сатыға жыныс ағзалары кілегей қабығының белгілі 

өзгерістері, малдың жыныстық  белсенділігі, мінез өзгерістері тəн. 

Жыныстық айналым кезіндегі құбылыстар аналық бездің физиологиялық 

күйі  мен  организмнің  гормондық  статусына  байланысты.  Осыған  орай 

жыныстық  айналымды  шартты  түрде  фолликулалық  жəне  лютеиндік 

кезеңдерге  бөледі.  Фолликулалық  кезеңде  аналық  безде  фолликулалар 

жетіліп, оларда түзілген гормондардың əсерімен жыныс ағзаларына қанның 

келуі  күшейеді,  жыныстық    қозу  байқалады,  ұрғашы  мал  мазасызданып, 

оның  тəбеті  жоғалады,  өнімділігі  кемиді  (сиырда  -  сүттілік),  жыныстық 

желік  пайда  болып,  ол  еркек  мал  іздей  бастайды.  Осы  сатыда  жыныстық 

айналымның  негізгі  белгілері  -  шылымдану  (эструс)  жəне  күйлеу 

құбылыстары байқалады. 



Шылымдану  (эструс)  сатысында  жыныс  ағзаларының  кілегей  қабығы 

қызарып,  ісінеді,  жатыр  бездерінің  қызметі  күшейіп,  жатыр  еттерінің 

қимылы  жиілейді,  жатыр  мойыны  ашылады  да,  жыныс  ағзаларынан  (ірі 

қарада)  шылым  (шұбалыңқы  шырышты  сұйық)  бөліне  бастайды.  Бұл 




 

395


кезеңнің ұзақтығы əр түлік малда əр түрлі (36-табл.). Бұл сатысында жыныс 

ағзаларында  байқалатын  күрделі  морфологиялық  жəне  функциялық 

өзгерістер  жыныс  торшаларының  қимылын,  өміршеңдігін,  бір-бірімен 

кездесуін жəне ұрықтың дамуын қамтамасыз етуге бағытталған. 



Күйлеу  -  эстроген  гормондарының  əсерімен  орталық  жүйке  жүйесінің 

қозғыштығының жоғарылап, организмнің ұрпақтану процесіне дайындығын 

қамтамасыз ететін күрделі процесс. Күйлеген сиыр мазасызданып, мөңіреп, 

азық қабылдамай, өнімділігін төмендетеді. Олар бір жерге жиналып, біріне-

бірі  артыла  бастайды.  Саулықтарда  бұл  белгілер  көмескі  байқалады. 

Күйлеген мегежіндер мазасызданып, бір-бірін иіскелеп, басқа мегежіндерге 

артыла  бастайды.  Күйлеу  шарықтаған  шақта,  олар  тынышталып,  көбіне 

қимылсыз тұрады, қабанның қасынан шықпай қояды. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   294   295   296   297   298   299   300   301   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет