394
фосфолипидтерден құралған торша мембранасы маңызды рөл атқарады.
Мембрана арқылы заттар диффузия, осмос жəне белсенді тасымалдау
жолдарымен алмасады.
Фолликулалардың өсуі, жетілуі кезінде, овуляция алдында жəне одан
кейін ұрғашы мал организмінде, əсіресе оның жыныс ағзаларында,
айтарлықтай морфологиялық жəне функционалдық өзгерістер байқалады.
Аналық жыныс бездерінде əркез көпіршіктену сатысындағы фолликулалар
(Грааф көпіршігі) кездеседі. Олар эстрогендер түзеді жəне фолликулалардың
өсуімен байланысты бұл процесс күшейе түседі. Эстрогендер қан арқылы
денеге тарап, ұрғашы малдың жыныстық айналымын реттейді.
Достарыңызбен бөлісу: