Жануар физол



Pdf көрінісі
бет296/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   292   293   294   295   296   297   298   299   ...   504
Байланысты:
Zhanuarlar-fiziologiyasy Nesipbaeb

Ооциттер дамуы екі сатыда өтеді: баяу жəне жылдам. Баяу даму сатысы 

осы  торшалардағы  ассимиляция  негізінде  жүреді  де,  бірнеше  жылдарға 

созылады. Жыныстық жетілу кезеңінің алдында мөлдір қабық пайда болып, 

ооциттердің көлемі өседі де, фолликулалар көлемі үлкейеді. 

Екінші,  жылдам  даму  сатысы,  жыныстық  жетілумен  байланысты. 

Гипофиздің  ФЖГ  синтезінің  күшеюі  нəтижесінде  фолликулалар  дамып, 

аналық безде екінші жəне үшінші реттік фолликулалар пайда болады. 

Əр  аналық  безде  əр  түрлі  даму  сатысындағы  фолликулалар  ұшырасады. 

Сақа  организмде  олардың  барлығы  толық  жетілу  сатысына  дейін 

дамымайды.  Мысалы,  сиырда  бүкіл  көбею  кезеңінде  бар  болғаны  300 

фолликула  толық  дамып  жетіледі,  немесе  əрбір  жыныс  айналымына  1–2 

фолликуладан  ғана  келеді.  Басқа  фолликулалар  дамудың  белгілі  бір 

сатысына  жеткен  соң  құпиясы  əлі  белгісіз  атрезия  (жетілмей  қалу) 

құбылысына  ұшырап,  бірте-бірте  жойылып  отырады,  немесе  строма 

(төсемік)  торшаларына  айналады.  Атрезияға  ұшырайтын  фолликулаларда 

гонодотроптық    гормондар  мен  эстрадиол  рецепторлары  болмайды  деген 

болжам  бар. 

Даму  үстінде  фолликулада  бірте-бірте  үлкейетін  қуыс  пайда  болады  да, 

онда  құрамында  эстроген  гормоны  бар  сары  сұйық  жиналады.  Осы  сұйық 

əсерімен  фолликулалар  қабырғасы  керіле  келе,  көпіршік  бейнесіне  көшеді. 

Жетілген фолликуланың (Грааф көпіршігі) сұйыққа толған қуысының ішінде 

бірнеше  қабат  торшалармен  қоршалған  ооцит  орналасады.  Фолликуланың 

ішкі бетін көмкеріп, ооцитті қоршап тұратын түйірлі (гранулездық) торшалар 

қабатын  фолликуланың  сыртқы  қабығынан  негіздік  мембрана  (эпителий) 

қабаты  бөліп  тұрады  (136-сурет).  Негіздік  мембранада  қан  тамырлары 

болмайды,  сондықтан  ооцит  пен  түйірлі  торшалар  қоректік  заттар  мен 

оттегіні  диффузиялық  жолмен  жəне  белсенді  тасымалдау  нəтижесінде  алып 

отырады. 




 

393


 

              

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Жетілген  фолликулалар  аналық  без  бетінен  томпайып  шығып,  без 



беткейінің  көп  бөлігін  алып  тұрады.  Шошқа  сияқты  өнімтал  жануарда 

аналық  бездерде  бір  мезгілде  15–18  фолликула  жетіледі  де,  бұл  кезде  без 

жүзім  шоғырына  ұқсап  кетеді.  Жетілген  фолликула  мөлшері  орта  есеппен 

сиырда 1,6 см, мегежінде 0,8, саулықта 0,6, биеде 3–5 см. Мал өнімталдығы 

бір мезгілде жарылған фолликулалар мен ұрықтанған жұмыртқалар санына 

байланысты. 

Аналық  жыныс  торшаларының  жетілуі  барысында  І–реттік  ооциттің 

алғашқы мейоздық бөлінуі нəтижесінде екі торша пайда болады (134-суретті 

қараңыз).  Оның  кішісіне  цитоплазманың  аз  ғана  бөлігі  беріледі  де,  басым 

үлесі  екінші  торшада  қалады.  Пайда  болған  кіші  торшаны  бастапқы 



бағыттаушы  немесе  полярлық  денешік  деп  атайды.  Əрі  қарай  олар  екі 

торшаға  бөлінеді  де,  дамымай  қалады.  Екінші  үлкенірек  торша  ІІ–  реттік 



ооцит  деп  аталады.  Оның  бөлінуі  нəтижесінде  тағы  да  бір  кіші  торша  - 

екінші бағыттаушы денешік, жəне хромосоманың гаплоидты жиынтығымен 

сипатталатын  ірі  торша  пайда  болады.  Бұл  қалыптасқан  жыныс  торшасы 



(гамета). 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   292   293   294   295   296   297   298   299   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет