Жануар физол



Pdf көрінісі
бет305/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   301   302   303   304   305   306   307   308   ...   504
Байланысты:
Zhanuarlar-fiziologiyasy Nesipbaeb

 

12.9. Ұрықтану процесі 

 

Фолликуладан  бөлініп  шыққан  жұмыртқа  (ооцит)  мөлшері  жағынан 



айтарлықтай  үлкен  торша  (диаметрі  120–150  мкм  шамасында).  Ол  ішінде 

сарыуыз  түйіршіктері  бар  цитоплазма  мен  шар  тəрізді  ядроны  қоршап 

жатқан жұқа сарыуыздық қабықпен қоршалған. Бұл қабықтың сырт жағында 

мукополисахаридтерден  құралған  мөлдір  қабық  орналасады.  Осы  екі  қабық 

арасында  сарыуыз  қуысы  болады.  Мөлдір  қабық  спермийлерге  əсер  ететін 

физиологиялық  белсенді  заттар  бөледі.  Оның  борпылдақ    құрылымы  

спермийлердің    акросомалық    жəне    плазмалық  мамбраналардан  босанып, 

қабық бетіне жабысуына мүмкіндік туғызады.  




 

402


Жұмыртқа сырт жағынан сəулелі желі деп аталатын қабықпен қапталған. 

Ол  бірнеше  қабатпен  орналасқан  фолликула  торшаларынан  тұрады  (139-

сурет). Бұл торшалар өзара құрамында гиалурон қышқылы бар іркілдек зат - 

мукополисахарид арқылы біріккен.     

Жұмыртқа  өздігінен  қозғала  алмайды.  Фолликуладан  босанған  ооцит 

жұмыртқалық  жолға  түседі  де,  оның  бойымен  осы  түтікше  қимылының 

арқасында  жылжиды.  Жұмыртқалық  жол  қабырғасының  толқынды 

қимылдары  қарсы  толқынды  қимылдармен  алмасып  отырады,  сондықтан 

жұмыртқа  түтік  бойымен  өте  баяу  жылжиды.  Жұмыртқа  өміршеңдік 

қабілетін  де  ұзақ  сақтамайды.  Егер  овуляциядан  соң  6–10  сағат  ішінде 

спермиймен кездеспесе, олардың құрылымы өзгеріп, цитоплазмасы бүріседі 

де, торша өліп қалады. 

                    

                      Нұрлы желі торшалары 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

  



  Спермий  мен  жұмыртқа  жұмыртқалық  жолдың  аналық  безге  жақын 

ұшында кездеседі. Осы аталық жəне аналық жыныс торшаларының қосылып, 

ұрық (зигота - шарана) түзілуін ұрықтану деп атайды. 

Бұрын 


спермийлер 

мен 


жұмыртқаның 

кездесуін 

хемотаксис 

құбылысымен  түсіндіріп  келген.  (Бұл  болжам  бойынша  жұмыртқадан 

бөлінген  заттар  аталық  жыныс  торшаларын  өзіне  тартады).  Қазіргі  кезде 

аталық  жəне  аналық  жыныс  торшалары  кездейсоқ  кездеседі  деген  ұғым 

қалыптасты.  Демек,  спермийлердің  көп  болуы  торшалардың  кездесу 

мүмкіндігін  арттырады.  Бірақ  жұмыртқа  бөлген  кіші  молекулалы  заттар 

спермийлерді  тартпағанымен,  олардың  қимылын  күшейтіп,  қозғалу 

қабілетінің ұзақ сақталуына ықпал етеді. 

Спермий  жұмыртқамен  жанасқаннан  соң  аналық  торша  қабығына 

жабысады  да,  ооплазмаға  ене  бастайды.  Бұл  процесс  акросома  (масақ) 

көмегімен онда жүретін күрделі өзгерістердің (акросомалық реакциялардың) 

нəтижесінде атқарылады. Спермийлер жұмыртқамен жанасқан соң оның бас 

бөлігінің  плазмалық  жəне  сыртқы  акросомалық  мембраналары  бір-бірімен 

бірнеше  жерден  жабысады  да,  осы  жерлерде  тесіктер  пайда  болып,  олар 



139-ñóðåт

µðûºт-íá-¹-í 



-í-ëûº  тîðø-:  

- – øîøº-,  

Á – áèå,  

 

– 



ñ-óëûº 

т

îðø-ë-ðû.



 

  Ì¼ëäið º-áûº

 



 

403


арқылы  сыртқа  сəулелі  желі  қабатының  фолликулалық  торшаларын 

біріктіріп  тұрған  іркілдек  затты  ерітетін  гиалуронидаза  мен  акросомалық 



протеиназа  ферменттері  бөлінеді.  Осының

 

нəтижесінде  спермийлерге 



жұмыртқаның меншікті қабығына - мөлдір қабыққа, жол ашылады. Осыдан 

кейін  жабысқан  мембраналар  көптеген  майда  көпіршіктерге  ыдырап 



(көпіршіктену  процесі),  спермий  теңбіл  мембранаға  оранып  қалады  (140-

сурет).  Бұл  мембрана  спермийдің  бас  бөлігінде  ішкі  акросомалық 

мембранадан,  ал  құйрық  жағында  плазмалық  мембранадан  құралған.  Ішкі 

акросомалық  мембрананың  еріткіш  ферменттерінің  əрекеті  арқасында 

спермий мөлдір қабықтан өтеді. Одан əрі спермий жұмыртқаның плазмалық 

(сарыуыздық) мембранасына бас жағының бүйір бетімен жабысады. Осыдан 

кейін  спермий  құйрығының  қимылы  тиылып,  торшалардың  плазмалық 

мембраналары  бірігеді  де,  спермийдің  басы  ооплазмаға  енеді  (141-сурет). 

Жыныс  жолына  жаңа  ғана  бөлінген  спермийлер  акросомалық  реакция 

жүргізе  алмайды,  демек  жұмыртқамен  қосылмайды.  Бұл  қабілет  олар 

капацитациядан өткеннен соң ғана пайда болады. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Жыныс 



торшаларының 

плазмалық 

мембраналарының 

қосылуы 


жұмыртқаның  белсенуіне,  немесе  “оянуына“  түрткі  болады.  Бұл  күрделі 

құбылыс.  Оның  нəтижесінде  мейозды  бөгеуші  əсер  тоқтап,  ядродағы 

өзгерістер  жұмыртқаның  аналық  безден  бөлінген  уақытта  тоқтаған  жерінен 

əрі  қарай  жалғасады.  Зат  алмасу  процесінің  қарқыны  жоғарылап,  торша 

мембранасының  натрий  мен  калий  иондарына  деген  өтімділігі  артады, 

цитоплазмада  байланысқан  кальций  босанады,  липидтер  синтезі  күшейіп, 

амин  қышқылдарын,    фосфаттарды    жəне    нуклеотидтерді    тасымалдаушы 

жүйелер жанданады, белоктар синтезі артады. 

 

140-ñóðåт

Ñïåðìèéäi» 



-êðîñîì-ëûº ðå-êöèÿë-ðû: 

-  –  ìåìáð-í-íû»  ðå-êöèÿ 

-ëäûíä-¹û  ê¾éi  (1--êðîñîì-);  á 

– 

-êðîñîì-ëûº 



æ¸íå 

ïë-çì-ëûº     ìåìáð-í-ë-ðäû»     

ºîñûëóû     – ê¼ïiðøiêтåíó; â – 

iøêi 


ìåìáð-í-ä-í 

á-ñº- 


ìåìáð-í-ë-ðäû» æîéûëóû. 

 



 

404


Жұмыртқа  торшаның  белсенуі  нəтижесінде  ооплазманың  сыртқы 

қабатында  өзгерістер  жүре  бастайды:  ооплазма  беткейінен  қабық  ажырап, 

түйіршіктер бөлінеді де, тіршілік сұйығы (пери-вителдік сұйықтық) түзіледі. 

Осы түйіршіктердің бір бөлігі еріп кетеді де, қалған бөлігі сарыуыз қабықпен 

қосылып,  “ұрықтану  қабығын“  түзеді.  Осы  қабық  түйіршіктерінің 

қатысуымен  жұмырт-қа  торша  бетінде  тығыз,  біртекті  глиалық  қабат  пайда 

болады. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Қабықтық  реакция  нəтижесінде  ұрықтанған  жұмыртқадан  ос-мостық 

белсенді  мукопротеид  бөлініп,  жұмыртқа  қабығы  мен  ооплазма  арасында 

тіршілік сұйығы пайда болады. Бұл процестің биологиялық маңызы зор, ол 

жұмыртқаға  спермийдің  өтуіне  мүм-кіндік  бермейді.  Сонымен  қатар, 

тіршілік  сұйығы  ұрықтың  жұ-мыртқа  қабығынан  шығып  кеткенге  дейін 

өсіп-дамуына қажет арнаулы орта болып табылады. 

Ооплазмаға  спермийдің  тек  бас  бөлігі  өтеді  де,  оның  ядросы  аталық 

пронуклеуске айналып, аналық торша ядросымен қосылады. Осы мезгілден 

бастап  хромосоманың  диплоидты  жиынтығы  қайта  қалыптасып,  спермий 

мен  жұмыртқа  бір  торшаға  -  зиготаға  (шаранаға)  айналады.  Зигота  екі 

бластомерге  бөлінеді  де,  олардың  əрқайсысынан  тағы  да  екі  бластомер 

пайда болады. 

Ұрықтану  нəтижесінде  пайда  болған  зигота  жұмыртқалық  жолмен 

біртіндеп жатырға қарай жылжиды да, шошқада 3–4, сиыр мен қойда  4–5, 

    


 

141-ñóðåт.

 

µðûºт-íó 



ïðîöåññiíäåãi ðåттiëiê 

 -  –  -í-ëûº  тîðø-;  á  – 

ñïåðìèéäi»  ì¼ëäið  º-áûºт-í 

¼тói; 


â 

– 

ñïåðìèéäi» 



îîïë-çì-¹- 

¼тói; 


ã 

– 

ïðîíóêëåóñтåðäi»  ï-éä-  áîëóû, 



åêiíøi 

ðåттiê 


äåíåøiêтi 

û¹ûñтûðóû; 

ä 

– 

ïðîíóêëåóñтåðäi»  æ-êûíä-óû;  å 



– õðîìîñîì-ë-ðäû» äèïëîèäтû 

æèûíтû¹ûíû» ê-ëûïт-ñóû; I – 

ì¼ëäið  ê-áûº;  2  –  ñ-ðûóûçäûº 

ºóûñ; 


– 

ñ-ðûóûç 



ìåìáð-í-ñû.

 



 

405


биеде  5–7  тəуліктен  соң  жатырға  түседі.  Зигота  жатыр  мүйізін  морула 

сатысында өтеді. 

                         



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   301   302   303   304   305   306   307   308   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет