Жануар физол


Гемоглобин (Нb) жəне оның қосылыстары



Pdf көрінісі
бет35/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   504
Байланысты:
Zhanuarlar-fiziologiyasy Nesipbaeb

Гемоглобин (Нb) жəне оның қосылыстары. Эритроциттер өзінің негізгі 

қызметі - оттегі мен көмір  қышқыл газын тасымалдау процесін, құрамында 

ерекше белок – гемоглобиннің болуының арқасында атқарады. Эритроциттің 

жалпы массасының 34 пайызы, ал құрғақ затының 90 пайызы гемоглобиннен 

тұрады.  Гемоглобин  глобин  белогы  мен  төрт  молекулалы  бояғыш  

зат  –  гемнің    күрделі  химиялық  қосылысы.  Оның  молекулалық  салмағы  - 

68000.  

Гем - белсенді топ, ол гемоглобинге əр түрлі газдармен байланысқыштық 

қасиет  береді.  Глобин  амин  қышқылдарының  төрт  полипептидті  тізбегінен 




 

47

түзілген  (екі 



α

-  тізбек,  екі 

β

  -  тізбек). 



α

-  тізбек  амин  қышқылдарының  141 

қалдығынан,  ал 

β

-  тізбек–146  қалдығынан  құрылған  (4-сурет).  Олардың 

маңызы  əр  түрлі.  Амин  қышқылдарының 

α

  тізбегі  оксигенация  процесін 



(оттегімен қанығу), ал 

β

 - тізбегі - оттегіні беру үшін қажет. 



 Гемоглобин  əртүрлі  қышқылдардың  əсерімен  гем  жəне  глобинге 

ыдырайды  да,  гем  геминге  айналып,  кристалдар  түзеді  (5-сурет).  Гемин 

кристалдары  қоңыр  түсті,  паралелограмма,  ромб  пішіндес  келеді.  Əр  түлік 

қандарындағы  гемнің  құрылысы  бірдей,  сондықтан  оның  кристалдары  да 

бір-біріне  ұқсас  (6-сурет),  ал  мал  гемоглобинінің  қасиеттері  түрліше.  Ол 

кристалдарының 

пішінімен, 

оттегімен 

қосылу 

жылдамдығымен 

ерекшеленеді.  Бұл  белоктың  -  глобиннің,  өзіндік  ерекшеліктеріне 

байланысты. 

Құрамында  темір  атомы  болуына  байланысты  гемоглобин  түрлі 

газдармен 

қосылыс 

түзеді. 


Оттегімен 

қосылысқан 

гемоглобинді 

оксигемоглобин  (Нb0

2

)  деп  атайды.  Гемоглобин  оттегімен  оңай  қосылып, 



оңай айырылысады. Гемоглобиннің бір молекуласы темір молекулаларының 

қосымша байланыстары арқасында оттегінің 4 молекуласымен əрекеттеседі. 

Бұл  қосылыста  темірдің  валенттілігі  өзгермейді.  Гемоглобин  көмірқышқыл 

газымен де қайтарымды қосылыс түзеді, оны карбогемоглобин (НbСО

2

)  деп 


атайды.  Гемоглобиннің  аталған  қосылыстары  қалыпты  жағдайда  түзіліп, 

тыныс алу процесін қамтамасыз етеді. 

 

 

4-сурет. Гемоглобин молекуласы                  5-сурет. Гемин кристалдары 



(

α

-жəне 



β

-полипептидтік тізбектер,н - гем) 

 

 



 

48

  



    

Гемоглобиннің  организмге  пайдасыз  қосылыстары  да  бар.  Мысалы,  ол 

көмір  тотығымен  (иіс  газы) қосылып, берік  қосылыс  - карбооксигемоглобин 

(НbСО)  түзеді.  Иіс    газының  қауіптілігі  гемоглобинмен  жылдам  қосылып, 

берік  байланыс  түзуінде.  Егер  бөлмедегі  ауада  иіс  газының  0,04  пайыз 

қосындысы  болса,  онда  организм  ауыр  уланады,  ал  бұл  газдың 

концентрациясы  0,1  пайызға  жетсе  –  оттегі  мен  гемоглобиннің  əрекеттесуі 

қиындап, тотығу процесі бұзылады да, организм тұншығып өледі.  

Гемоглобинге  əр  түрлі  күшті  тотықтырғыштар  əсер  етсе  (Н

2

О



2

,  азон, 

вертолет тұзы, азот тотығы т.б.), оның құрамындағы темір үш валентті күйге 

көшіп, оттегімен берік қосылыс – метгемоглобин (НbО) түзеді. Бұл қосылыс 

құрамындағы 

оттегіні 

организм 

пайдалана 

алмайды, 

сондықтан 

метгемоглобин  көп  түзілсе,  оттегі  жетіспегендіктен  зат  алмасу  процесі 

бұзылып, организм уланады.  





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет