Жануар физол


 Вегетативтік жүйке бөлімдерінің құрылымдық



Pdf көрінісі
бет384/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   380   381   382   383   384   385   386   387   ...   504
Байланысты:
Zhanuarlar-fiziologiyasy Nesipbaeb

 

17.2. Вегетативтік жүйке бөлімдерінің құрылымдық 

ерекшеліктері мен қызметі  

 

Құрылымдық  ерекшеліктері  мен  атқаратын  қызметіне  байланысты 

вегетативтік  жүйке  жүйесі  симпатикалық  жəне  парасимпатикалық 

бөлімдерге  бөлінеді.  Вегетативтік  жүйкелер  жүйесінің  əртүрлі  бөлімдерінің 

өздеріне тəн ерекшеліктері болады (180-сурет). 

1.  Симпатикалық  жəне  парасимпатика  лық    жүйкелер  орталығы  жүйке 

жүйесінің  əртүрлі  деңгейінде  орналасады.  Симпа  тикалық  бөліктің 

орталықтары  жұлын  сұр  затының  көкірек  жəне  бел  омыртқалық  

бөлімдерінің  бүйір  мүйіздерінде  орналас  са,  парасимпатикалық  орталықтар 

ортаңғы жəне аралық ми мен жұлынның құйымшақ бөлімінде орын тебеді. 

2. Симпатикалық бөлімнің түйіндері өздері жүйкелендіретін органдардан 

тыс орналасса, парасимпатикалық түйіндер ағзалардың өзінде орын тебеді. 

3. 

Симпатикалық  бөлім  əмбебап  келеді,  барлық  органдарды 



жүйкелендіреді. Парасимпатикалық бөлік əмбебап емес: тері тамырлары, тер 

бездері,  бүйрек  үсті  бездер,  несеп  ағарлар,  көк  бауыр,  қаңқа  еттері 

парасимпатикалық жүйкелермен жүйкеленбейді. 

 



 

510


 

 

 



180-сурет.  Вегетативтік  жүйкелер  құрылысы 

мен байланыстары: 

1  –  лимбикалық  аймақ,  2  –  гиппокамп,  3  – 

төмпек  асты  аймақ,  4  –  кезеген  жүйке,  5  – 

талма шумақ, 6 – парасимпатикалық жүйе, 7 – 

симпатикалық  жүйе,  8  –  парасимпатикалық 

жүйе, 9 – жамбас жүйкесі, 10 – тер бездерін, 

теріні,  қан  тамырларын  жүйкелейтін  бөлім, 

11 – көз, 12 – сілекей бездері, 13 – бастың қан 

тамырлары, 14 – қалқанша без, 15 – өкпе, 16 – 

жүрек, 17 – қарын, 18 – бауыр, 19 – ұйқы безі, 

20  –  бүйрек  үсті  без,  21  –  бүйрек,  22  –  ащы 

ішек, 23 – тоқ ішек, 24 – қуық, 25 — жыныс 

мүшелері.  Үзілмеген  сызықтар  –  түйінге 

дейінгі  талшықтар,  үзілмелі  сызықтар  – 

түйіннен кейінгі талшықтар. 

 

4. 


Симпатикалық 

жүйкелерге 

мультипликация  (көп  тарамдану)  құбылысы 

тəн:  түйіннен  соңғы  талшықтар саны түйінге 

дейінгі  талшықтар  санынан  əлдеқайда  артық 

болады.  Парасимпатикалық  жүйке  айтарлықтай  көп  тарамданбайды  (181-

сурет). Симпатикалық жүйкенің эфференттік талшықтары парасимпатикалық 

жүйке талшықтарынан ұзын келеді.  

5.  Симпатикалық  жүйке  ұштары  эрготоксинмен,  ал  парасимпатикалық 

жүйке ұштары - атропинмен жансызданады. 

6.

 

Симпатикалық  жүйкелерден  қозу  толқыны  симпатин,  ал 



парасимпатикалық  жүйкелерден  -  ацетилхолин  медиаторлары  арқылы 

таралады.  Бірақ  қазір  қозу  кезінде  кейбір  симпатикалық  жүйке  ұштарының 

ацетилхолин,  ал  парасимпатикалық  жүйке  ұштарының,  керісінше, 

норадреналин  бөлетіні  де  дəлелденді.  Осымен  байланысты  вегетативтік 

жүйкелер  холинергиялық  жəне  адренергиялық  болып  екі  топқа  бөлінеді. 

Холинергиялық  жүйкелер  өз  қызметін  ацетилхолин  бөлу  арқылы,  ал 

адренергиялық жүйкелер - норадреналин бөлу арқылы атқарады. 

 

 




 

511


 

181-сурет. Мультипликация схемасы. 

 

Медиаторлардың  атқарушы  органдарға  əсері  осы  органдардағы 



постсинапстық  мембрана  қасиеттеріне  байланысты.  Ацетилхолин  де, 

норадреналин  де  органның  табиғатына  қарай  оған  қоздырушы,  не  тежеуші 

əсер  етеді.  Егер  орган  əрі  симпатикалық,  əрі  парасимпатикалық  жүйкемен 

жүйкеленсе,  онда  ацетилхолин  мен  норадреналин  қарама-қарсы  əсерге  ие 

болады. 

Вегетативтік  жүйке  жүйесінің  симпатикалық  жəне  парасимпатикалық 

бөлімдерінің  организм  функцияларына  əсерлері  де  əртүрлі.  Симпатикалық 

бөлімнің  қозуы  нəтижесінде  организм  стресс  жағдайынан  шығады. 

Симпатикалық  жүйе  жүрек  жұмысының  ырғағын  жиілетіп,  артериялық 

қысымды  жоғарылатады,  бұлшық  еттің  қанмен  жабдықталуын  жақсартып, 

қандағы  глюкоза  деңгейін  көтереді,  ал  ас  қорыту  жүйесі  органдарының 

қызметін əлсіретеді. Осы көрсетілген əсерлер организмді стрестен шығаруға 

жұмылдырады.  Парасимпатикалық  жүйе  жүрек  жұмысын  баяулатып,  қан 

қысымын  төмендетеді,  ас  қорыту  ағзаларының  қызметін  жандандырады. 

Демек,  оның  əсерімен  организм  қоры  толықтырылып,  қалыптастыру 

процестері  жүреді.  Сонымен,  симпатикалық  жүйе  организмнің  жалпы 

белсенділігін  жоғарылатса,  парасимпатикалық  жүйе  оның  əрекеті  кезіндегі 

шығындарды жабуға, организм қорын қайта толықтыруға жағдай тудырады. 

Жоғарыда  баяндалған  жайлар  симпатикалық  жəне  парасимпатикалық 

жүйкелер  бір-біріне  қарама-қарсы  əсер  ететінін  байқатады.  Бірақ  тұтас 

организмде  олар  тек  салыстырмалы  антогонизм  жағдайында  болады. 

Олардың  функционалдық  байланысын  кереғарлықтың  бірлестігі  ретінде 

қараған  жөн.  Олардың  əрекетіне  айналымдық  сипат  тəн.  Мəселен,  бір 

бөлімнің  белсенділігінің  жоғарылауы,  екінші  бөлімнің  қызметінің 

күшеюімен 

алмасып 


отырады. 

Түнгі 


мерзім 

мен 


ертеңгісін 

парасимпатикалық  реакциялар,  ал  күндіз  жəне  кешқұрым  -  симпатикалық 

реакциялар  басымырақ  болады.  Көп  жағдайда  аталмыш  бөлімдер 

синергиялық  эффект  көрсетеді.  Мысалы,  қолқа  барорецепторлары 

тітіркенгенде  қан  қысымы  бір  жағынан  парасимпатикалық  жүйкелердің 

белсенділігінің  артуы,  екінші  жағынан  жүректің  симпатикалық  жүйке 

талшықтарының белсенділігінің  əлсіреуі нəтижесінде төмендейді. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   380   381   382   383   384   385   386   387   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет