Жануар физол



Pdf көрінісі
бет390/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   386   387   388   389   390   391   392   393   ...   504
18.3. Орталық синапстар 

 

Орталық  синапс  деп  аксон  ұшының  басқа  жүйке  торшасының 

денесімен  немесе  өсінділерімен  жалғасқан  жерін  айтады.  Бір  аралық  не 

қозғағыш  нейрон  беткейімен  жүздеген,  тіпті  мыңдаған  басқа  нейрондар 

аксондары  жанасады  (187-сурет).  Орталық  синапстар  орналасуына  қарай 

аксосомалық, аксодендриттік жəне аксоаксолық болып бөлінеді. Егер аксон 

басқа  жүйке  торшасының  денесімен  жалғасса,  оны  аксосомалық, 

дендритімен  жалғасса  –  аксодендриттік,  ал  аксонымен  жалғасса  – 

аксоаксолық деп атайды.  

 

186-ñóðåт.

 Íåéðîí 


т

¾ðëåði: 


--ñåçiìт-ë, Á — -ð-ëûº, 

—ºîç¹-ëтºûø 

íåéðîíä-ð. 

1—äåíäðèттåð, 

 



—  



íåéðîí    т½ë¹-ñû,    3  —

-êñîíä-ð


 


 

523


 

Қызметіне  қарай  синапстар  қоздырғыш  жəне  тежеуші  болып  бөлінеді. 

Олардың  əрқайсысына  біраз  құрылымдық  ерекшеліктер  тəн.  Қоздырғыш 

синапстар  негізінен  аксодендриттік  болып  келеді.  Олардың  синапстық 

саңлаулы  кеңірек  (300  Е  шамасында),  постсинапстық  мембранасы  қалың 

жəне  тығыз  болды.  Синапс  саңылауында  табақшалар  түрінде  бос  жатқан 

арнаулы  қосындылар  кездесіп  қалады.  Медиаторлар  көпіршіктері  ірі, 

дөңгелек  пішіндес  келеді.  Тежеуші  синапстардың  саңлауы  қоздырғыш 

синапс  саңлауынан  1,5–2  есе  кем,  постсинапстық  мембранасы  жұқа, 

медиаторлар  көпіршіктері  майда,  сопақша  келеді  де,  синапстық  саңлауда 

қосындылар болмайды. 

Қоздырғыш  жəне  тежеуші  синапстар  медиаторларының  сипатымен 

ерекшеленеді.  Қоздырғыш  синапстар  қозу  толқынын  ацетилхолин 

медиаторын  бөлу  арқылы  таратады.  Ацетилхолиннің  артық  мөлшері 

холинэстераза  ферментінің  əсерімен  шапшаң  бұзылып  отырады.  Орталық 

жүйке жүйесінде холинэргиялық  синапстар өте  кең  тараған,  олар жұлында, 

торлы  құрылымда,  мишықта,  қыртыс  асты  түйіндерде,  үлкен  ми  жарты 

шарларында кездеседі. 

Орталық  жүйке  жүйесінде  қоздырғыш  медиаторлар  қатарына  глутамин 

жəне аспарагин  қышқылдары  (глутамат  жəне  аспартат)  жатады.  Синапстық 

саңлаудан бұл аталған медиаторларды жүйке жəне глиялы торшалар сіңіріп 

алып отырады. 

Қоздырғыш  медиатор  постсинапстық  мембрананы  үйексіздеп,  оның 

натрий,  калий,  хлор  иондарына  өтімділігін  арттырады  да,  қоздырғыш 

постсинапстық потенциал (КПСП) тудырады. 

Тежеуші  синапстар  өз  қызметін  гамма-аминді  май  қышқылын  (ГАМК) 

жəне  глицинді  бөлу  арқылы  атқарады.  ГАМК  əрі  постсинапстық,  əрі 

пресинапстық тежелуді тудыратын медиатор. Ол жұлын нейрондарында да, 

ми  нейрондарында  да  табылған.  Оның  тежеуші  əсері  үлкен  ми 

жартышарлары, 

ми 


бағаны 

торшаларында, 

жұлынның 

қозғағыш 



 187-сурет.Мотонейрон 

беткейіндегі синапстар. 




 

524


нейрондарында байқалған. Ал, глицин тек жұлын торшаларының медиаторы 

болып  саналады.  Ол  Реншоудың  тежеуші  нейрондары  орналасқан 

аймақтарда көп кездеседі. Аталған екі медиаторды да синапстық саңлаудан 

жүйке жəне глиялы торшалар сіңіріп алып отырады. 

Тежеуші  медиаторлар  постсинапстық  мембрананы  гиперүйектеп,  оның 

тек  калий  мен  хлор  ионына  өнімділігін  арттырады  да,  тежеуші 

постсинапстық потенциал (ТПСП) тудырады. 

Орталық  жүйке  жүйесі  нейрондарына  катехоламиндер  (дофамин, 

адреналин,  норадреналин)  мен  серотонин  қоздырушы  да,  тежеуші  де  əсер 

етеді. Катехоламиндер моноаминдер тобына жатады, тирозин қышқылының 

туындысы  болып  табылады.  Серотонин  де  моноамин,  ол  трифтофаннан 

түзіледі.  Сүт  қоректілерде  серотонин  бөлетін  нейрондар  негізінен  ми 

бағанында  орналасады.  Бұл  медиатор  ОЖЖ-нің  жоғарғы  бөлімдерінің 

жұлын  қызметін,  гипоталамустың  -  дене  температурасын  реттеуінде 

маңызды рөл атқарады. 

Аталған  медиаторлардың  қатысуымен  орталық  синапстарда  қозу 

толқыны қалай беріледі?  

Аксон  ұшына  жеткен  жүйке  импульсі  əсерімен  синапс  көпіршіктерінен 

медиатор бөлінеді. Бөлінген медиатордың көп молекулалы бір үлесін квант 

деп  атайды.  Əрбір  көпіршік  ішінде  бір  квант  медиатор  сақталады. 

Көпіршіктерден  медиатор  босанып  шығуы  үшін  кальций  иондары  қажет. 

Сондықтан  пресинапстық  мембранаға  жеткен  жүйке  импульсінің  əсерімен 

кальций  арналары  ашылып,  кальций  иондары  аксонның  пресинапстық 

ұшына  өтеді.  Осы  кальций  иондарының  қатысуымен  медиаторлы 

көпіршіктер  пресинапстық  мембранаға  жақындап,  онымен  жабысады  да, 

медиатор  синапстық  саңлауға  бөлінеді.  Бұл  құбылысты  экзоцитоз  деп 

атайды.  Медиаторы  бөлініп,  солған  көпіршік  мембранасы  пресинапстық 

мембранаға  қосылып  кетеді  де,  оның  беткейін  үлкейте  түседі.  Одан  əрі 

пресинапстық  мембрананың  бір  жері  аксон  ұшының  ішіне  қарай  томпайып 

шығады  да,  қайтадан  медиатор  жинақтайтын  көпіршік  пайда  болады 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   386   387   388   389   390   391   392   393   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет