Жануар физол


 Вегетативтік жүйкелердің құрылымдық ерекшеліктері мен қызметі



Pdf көрінісі
бет383/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   379   380   381   382   383   384   385   386   ...   504
 

17.1. Вегетативтік жүйкелердің құрылымдық ерекшеліктері мен қызметі  

 

Сомалық (тəндік) жүйке жүйесі органимзнің сыртқы ортамен афференттік 



жəне  эфференттік  байланыстарын,  ал  вегетативтік  жүйке  жүйесі  ішкі 

ортаның  тұрақтылығын,  организмнің  бейімделу  реакцияларын  қамтамасыз 

етеді. Бұл жүйе зат алмасу процесінің қарқынын да реттейді. Сомалық жүйке 

жүйесінің  эффекторы  қаңқа  еті  болса,  вегетативтік  жүйке  жүйесінің 

эффекторы ішкі ағзалардың бірыңғай салалы еттері, жүрек еті, əртүрлі бездер 

болып  табылады.  Вегетативтік  жүйкелердің  басты  қызметі  қозу  толқынын 

орталық жүйке жүйесінен ішкі ағзаларға өткізу. 

Вегетативтік жүйке жүйесіне сомалық бөліммен салыстырғанда бірнеше 

морфологиялық ерекшеліктер тəн. 

1.  Вегетативтік  жүйкелер  орталық  жүйке  жүйесінің  тек  қана  белгілі  бір 

бөлімдерінен  ғана  басталады.  Мысалы,  парасимпатикалық  жүйке 

орталықтары  ортаңғы  мида,  сопақша  мида  жəне  жұлынның  құйымшақ 

бөлігінде,  ал  симпатикалық  жүйкелер  орталығы  жұлынның  көкірек–

беломыртқалық бөлігінің бүйір мүйіздерінде орналасады. Ал сомалық жүйке 

орталықтары мидың бағандық бөлігі мен бүкіл жұлын бойында орын тебеді. 

2.  Сомалық  жүйкелермен  салыстырғанда  вегетативтік  жүйкелердің 

қозғыштығы  жəне  қозу  толқынын  өткізу  жылдамдығы  төмен.  Мысалы, 

вегетативтік,  жүйкелерде  қозу  толқыны  секундына  1–30  м  жылдамдықпен 

өтсе, сомалық жүйкелерде 60–120 м жылдамдықпен тарайды. 

3.  Вегетативтік  жүйкелерде  миелин  қабығы  болмайды,  олар  үлпексіз 

жүйкелер, ал сомалық жүйкелер үлпекті, миелинді жүйкелер. 



 

509


6.

 

Вегетативтік жүйкелердің шеткей бөлігі екі нейроннан, ал сомалық 



жүйкелердің  шеткей  бөлігі  -  жалғыз  нейроннан  тұрады.  Вегетативтік 

жүйкелер  жүйкелейтін  мүшелеріне  жетпей  арнаулы  түйіндерде  үзіледі, 

сондықтан  олар  түйінге  дейінгі  (преганглийлік)  жəне  түйіннен  кейінгі 

(постгалийлік)  талшықтарға  бөлінеді.  Сомалық  жүйкелер  жүйкелендіретін 

мүшелеріне үзілмей жетеді. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   379   380   381   382   383   384   385   386   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет