кілегей қабықта, теріде əртүрлі жаралар т.б. ауытқулар байқалады. Осымен
516
өзгерулерінің негізінде жүрек етінің қозғыштық, өткізгіштік жəне
жиырылғыштық сияқты қасиеттерінің өзгерістері жатады деген тұжырымға
келді. Ал, жүрек етінің аталған қасиеттері зат алмасу процесінің қарқынына
байланысты екені ешбір дəлелдеуді қажет етпейтін шындық.
И.П.Павлов іліміне сəйкес кез келген органда үш түрліы жүйке
талшықтары ұшырасады. Олар бірі органға тəн əрекеттерді, екіншісі -қан
тамырларының физиологиялық күйін (қоректік заттардың жеткізілуін), ал
үшіншісі - нəрлену процесін реттеп отырады. Орган тиісті қызметін дұрыс
атқару үшін қажетті мөлшерде қоректік заттармен қамтамасыз етіліп қана
қоймай, органға жеткізілген сол заттар орынды, тиімді пайдаланылып, ағза
дұрыс қоректену керек. Бұл процесс жүйке жүйесінің нəрлендіруші
қызметінің
арқасында
атқарылады.
И.П.Павлов идеялары Л.А.Орбели мен оның шəкірттерінің еңбектерінде
əрі қарай дамуын тапты. XX ғасырдың 20–шы жылдарына дейін қаңқа еттері
вегетативтік жүйкелермен жабдықталмайды деген көзқарас қалыптасқан
болатын. Ал Л.А.Орбели қаңқа еттерінің симпатикалық талшықтармен
жүйкеленетінін
анықтап,
олардың
да
қос
жақты
бақылауды
болатынын дəлелдеді. Оның зерттеулеріне сəйкес қаңқа еттері тек
сомалық жүйкелермен ғана емес, симпатикалық жүйкелермен де
жабдықталады.
Симпатикалық жүйкелер ет талшықтарының əрекетіне тікелей əсер
етпейді, бірақ олардың функционалдық күйін өзгертеді. Симпатикалық
жүйкені тітіркендіргенде еттің жиырылу күші артып, тіпті қажыған ет
талшықтарының да жұмыс қабілеті жоғарылайды. Бұлшық етке келетін
симпатикалық жүйкелерді тітіркендіргенде ет талшықтарының серпімділік
қасиеті артып, ондағы қуат көзінің (аденозинүшфосфор қышқылы,
креатинфосфат, гликоген) қоры көбейеді, ол оттегіні мол сіңіре бастайды.
Бұл құбылыстардың негізінде симпатикалық жүйкелердің нəрлендіруші əсері
жатады. Сипатикалық жүйке орталық жүйке жүйесінің функционалдық
күйін де өзгертеді. Оны тітіркендіргенде жұлынның рефлекторлық қызметі
күшейеді, ал симпатикалық шекаралық баған түйіндерін алып тастағаннан
соң И.М.Сеченов тежелуі байқалмайды. Симпатикалық жүйкелердің
əсерімен зат алмасу процестерін қамтамасыз ететін ферменттердің
белсенділігі артады.
Жоғарыда баяндалған фактілердің негізінде Л.А.Орбели симпатикалық
жүйке жүйесінің бейімдеу – нəрлендіру əсері жайлы ілімнің негізін салды.
Бұл ілімнің негізгі қағидалары организмнің барлық ұлпалары мен
мүшелеріне, соның ішінде орталық жүйке жүйесінің барлық бөлімдеріне, ми
жарты шарлары қыртысына да тəн. Жүйке жүйесінің бейімдеу əсері ағзаның
қозғыштық қасиетін жоғарылату, не төмендету арқылы жүреді жəне бұл
процесс симпатикалық жүйке жүйесінің органдағы зат алмасу процесінің
қарқынын өзгертуі (нəрлендіруші əсер) арқылы атқарылады. Нəрлендіру
517
нəтижесінде функционалдық жүйкелердің əрекеті үшін қажет қолайлы
жағдайлар туғызылады.
Зерттеулер нəрлендіруші жəне функционалдық жүйкелерді бір-бірінен
айқын шектеуге болмайтынын байқатты. Қозғағыш жүйкелер де белгілі
мөлшерде нəрлендіруші əсер көрсетеді. Олар қиылса, немесе зақымданса
бұлшық еттегі зат алмасу процесі бұзылып, оның құрылымы өзгереді,
ауқымы кішірейеді.
Нəрлендіруші əсер сезімтал жүйкелерге де тəн. А.Д.Сперанский
тəжірибелерінде жұлынның дорсальдық түбіршіктеріне келетін жүйкелерді
қиып тастағанда, немесе олар зақымданғанда теріні жара басып, дененің
бас жəне аяқ бөліктерінің нəрленуінде ауытқулар байқалған. Демек,
нəрлендіруші əсер организмнің бүкіл жүйке жүйесіне тəн ортақ қасиет.
Достарыңызбен бөлісу: