Жануар физол


 Нейрон жайлы жалпы түсінік



Pdf көрінісі
бет389/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   385   386   387   388   389   390   391   392   ...   504
Байланысты:
Zhanuarlar-fiziologiyasy Nesipbaeb

 

18.2. Нейрон жайлы жалпы түсінік 

 

Организмдегі  ең  күрделі  құрылым  жүйке  жүйесі  болып  табылады.  Ол 

өзара  тор  құра  бірігетін  ондаған  миллиард  жүйке  торшаларынан  құралған 

(адамда  жүйке  торшаларының  жалпы  саны  50  миллиардқа  жетеді).  Демек, 

жүйке  жүйесінің  құрылымдық  жəне  функционалдық  негізі  -  жүйке 

торшасы, немесе нейрон. Нейрон деп жүйке торшасы мен оның өсінділерінің 

жиынтығын  айтады.  Əрбір  нейронда  төрт  құрама  болады:  жүйке 

торшасының тұлғасы (денесі), қысқа өсінділер - дендриттер, ұзын өсінді - 

нейрит,  аксон  жəне  аксон  ұштары,  немесе  терминалдар  (184-сурет). 

Нейронның  аталған  құрамаларының  əрқайсысы  өзіне  ғана  тəн  қызмет 

атқарады. 

Нейрон тұлғасы, немесе сома, талдау - синтездеу процестерін жүргізеді. 

Оның  құрамында  ядро,  рибосомалар,  эндоплазмалық  тор  жəне  басқа 

қосындылар болады. Нейрон денесінде медиаторлар, торша белоктары жəне 

басқа  компоненттер  түзіледі.  Сома  нейронның  əрекетін,  біртұтастығын 

қамтамасыз етеді. Ол зақымданса бүкіл нейрон қызметі бұзылады. 

Аксон  жүйке  импульстерін  басқа  торшаларға  -  жүйке,  ет  немесе 

секрециялық  құрылымдарға,  жеткізеді.  Аксон  -  жүйке  торшасының  ұзын 

өсіндісі. Бірқатар аксондар орталық жүйке жүйесін (ми мен жұлынды) шеткі 

ағзалармен  жалғастырады.  Сезімтал  (сенсорлық)  нейрондар      аксоны   

тітіркеністі      шеткі      рецепторлардан      ОЖЖ-не  жеткізеді.  Қозғағыш 

(моторлық) нейрондар аксоны жүйке импульстерін ОЖЖ-нен дене еттеріне, 

ішкі ағзаларға жеткізеді.  

 

184-сурет. Нейронның құрылым принципі: 

1  –  дендрит  тікенектері,  2  –  нейрон  тұлғасы 

(сома),  3  –  аксонның  бастапқы  сегменті,  4  – 

коллатераль, 5 – миелин қабығы, 6 – үзілімдер, 7 – 

аксон ұшы. 

 

Аксонның  негізгі  қызметі  -  жүйке  импульсін 



өткізу.  Бұл  импульстер  аксон  мембранасының 

өтімділігінің 

өзгеруіне 

байланысты 

электр 

потенциалы  түрінде  аксон  бойымен  сомадан 

жүйке  ұшына  дейін  толқын  сипатта  таралады. 

Аксон  аяқталар  жерінде  тарамданып,  жіңішке 

тармақтар  (терминалдар)  түзеді  де,  əрбір 

 



 

521


терминал  өздері  жалғасатын  торшалармен  арнаулы  жалғамалар  (синапс) 

құрады. 


 

Дендриттер  жүйке  торшасы  өсінділерінің  бұтақтана  тармақтануы 

нəтижесінде  пайда  болады.  Олар  басқа  нейрондар  əсерін  синапс  арқылы 

қабылдайды.  Əрбір  жүйке  торшасының  дендриттерімен  жүздеген  немесе 

мыңдаған  нейрондар  аксонының  терминалдары  жалғасады.  Əрбір  қозған 

терминал медиатор бөледі де, дендрит мембранасының өтімділігіне əсер етіп, 

оның электр потенциалын өзгертеді.  

Дендритте  пайда  болған  синапстық  потенциал  одан  əрінейрон  тұлғасына 

беріледі. Егер дендритте қоздырғыш синапстық потенциал пайда болса, онда 

жүйке импульсінің туындау жиілігі артады, ал тежегіш синапстық потенциал 

туындаса, керісінше,  ол кемиді. 

Жүйке  торшалары  орталық  жүйке  жүйесінің  функционалдық  негізі 

болғанымен,  олар  жүйке  жүйесіндегі  барлық  торшалардың  тек  10  пайызын 

ғана құрайды. Ал, жүйке жүйесіндегі торшалардың негізгі бөлігін нейрондар 

арасындағы кеңістікті толтырып тұратын глиялық торшалар құрайды.  

Глиялық  торшалар  төрт  топқа  бөлінеді:  ми  мен  жұлында  орналасатын 

астроциттер,  олигодендроциттер  жəне  микроглия  мен  шеткі  жүйкелерде 

орын тебетін жүйкеқап (шванн) торшалары (185-сурет). 

 

185-сурет. Глиялық торшалардың  

орналасуын бейнелейтін схема. 

 

Îëèãîäåíäðîöèттåð

 

æ¸íå 



æ¾éêåº-ï  тîðø-ë-ðû  -êñîíäû 

áîéë-é 


îðí-ë-ñ-äû. 

аñтðîöèттåð

  º-í  т-ìûðë-ðû 

ìåí  íåéðîí  äåíåñiíi»  -ð-ñûíä- 

æ-т-äû. 


Îë-ðäû» 

êåéáið 


¼ñiíäiëåði 

ê-ïèëëÿð 

ë-ð 

º-áûð¹-ñûìåí  æ-í-ñ-äû.  Îñû 



т

-ìûð 


ì-»ûíä-¹û 

(ïåðèâ-ñêóëÿðëûº) 

¼ñiíäiëåð 

æ½ëûí-ìè (ãåì-тîýíöåô-ëèÿëûº) 

т

îñº-óûëû 



º½ð-ìûí- 

êiðåäi. 


Îë-ð 

º-íí-í 


íåéðîíä-ð¹- 

т

-ñûì-ëä-í-тûí  ºîðåêтiê  ç-т 



т

-ðäû» 


º½ð-ìûí 

ðåттåéäi. 



Ìèêðîãëèÿ

 

т



îðø-ë-ðû 

ìè 


ô-ãîöèттåði  áîëûï  т-áûë-äû. 

Îë-ð 


т

îðëû 


ýíäîтåëèéëiê 

æ¾éåíi»  º½ð-ìûí-  êiðåäi.  Á½ë 

т

îðø-ë-ð  ñ-ó,  ç-ºûìä-ëì-¹-í 



ìèä-  ñèðåê  êåçäåñåäi  äå,  ìè 

½ëï-ñû 


æ-ð-º-тт-í¹-íä- 

îë-ðäû» ñ-íû ê¾ð  ¼ñåäi. 




 

522


 

Нейрондар  атқаратын  қызметіне  қарай  үш  топқа  бөлінеді.  Олардың  бір 

тобы  тітіркеністі  рецепторлардан  ОЖЖ-не  жеткізеді.  Бұл  сезімтал, 

афферентік,  немесе  сенсорлық  нейрондар  (186-сурет).  Олардың  тітіркеністі 

өткізетін ұзын өсінділерін орталыққа тепкіш жүйке талшықтары дейді. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Нейрондардың  екінші  тобы  қозуды  ОЖЖ-нен  торшаларға,  ұлпаларға, 

органдарға жеткізеді. Оларды эфференттік немесе қозғағыш нейрондар деп 

атайды.  Олардың  шеткей  жүйке  құрамына  кіретін  ұзын  өсінділері 

орталықтантепкіш жүйке талшықтары деп аталады. 

Нейрондардың үшінші тобына сезімтал жəне қозғағыш нейрондарды бір-

бірімен  жалғастыратын  аралық  немесе  жалғаушы  нейрондар  жатады. 

Жалғаушы нейрондар тек ОЖЖ-сі аумағында орналасады. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   385   386   387   388   389   390   391   392   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет