Жануар физол



Pdf көрінісі
бет388/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   384   385   386   387   388   389   390   391   ...   504
 

 

 

 

 

 

 

 

18-ТАРАУ.  

 


 

518


ОРТАЛЫҚ  ЖҮЙКЕ  ЖҮЙЕСІНІ³  ЖАЛПЫ ФИЗИОЛОГИЯСЫ 

 

18.1. Орталық жүйке жүйесінің құрылымдық сипаты 

жəне қызметі 

 

Кез  келген      организмнің      тіршілік        əрекеті        қоршаған        орта 



жағдайларына  қарай  қалыптасады.  Ал  сыртқы  орта  жағдайы  əркез 

құбылмалы  күйде  болады.  Жүйке  жүйесі  ішкі  жəне  сыртқы  əсерлерді 

қабылдап,  оған  жауап  беру  нəтижесінде  организмді  қоршаған  ортаның 

өзгерген  жағдайларына  бейімдейді.  Сонымен  қатар,  жүйке  жүйесі  əртүрлі 

органдардың,  ұлпалардың,  торшалардың  қызметін  реттеп,  оларды  өзара 

үйлестіріп,  организмнің  біртұтастығын  қамтамасыз  етеді.  Демек,  жүйке 

жүйесі  жеке  органдар  мен  бүкіл  организмнің  күрделі  əрекетін  басқарып, 

түрлі физиологиялық  процестердің  үйлесімді  жүруін қамтамасыз етеді. 

Жүйке  жүйесі  жан-жануарлар  мен  адамда  ұзақ  эволюциялық  даму 

нəтижесінде  пайда  болған  жəне  сыртқы  орта  құбылыстарының  əсерінен 

өзгеріп,  күрделеніп  отырады.  Организм  тіршілік  ету  үшін  оның  қоршаған 

ортамен  қарым-қатынасын,  тұтастығын,  жеке  құрылымдары  (торшалары, 

ұлпалары,  органдары)  əрекетіндегі  өзара  үйлесімді  қамтамасыз  ететін 

ерекше байланыс жүйесінің болуы қажет. Осыдан организмнің эволюциялық 

дамуы барысында оның байланыс жүйесі жетіліп, күрделеніп отырған. 

Организмдегі  ең  көне  жəне  ең  қарапайым  байланыс  түрі  “торшадан  - 



торшаға“  əсер  принципімен  қалыптасады.  Кез  келген  торша  сыртқы  əсерге 

зат алмасу қарқынын өзгертумен жауап береді. Одан əрі осы торшада пайда 

болған  алмасу  өнімдері  көрші  торшаға  əсер  етіп,  оның  əрекетін  өзгертеді. 

Осылай  өзара  тізбекті  əсердің  салдарынан  бүкіл  организм  торшаларының 

функционалдық  күйі  өзгереді.  Əрине,  бұл  жағдайда  əр  торшаның  əрекетке 

қосылу шапшаңдығы мен ондағы реакция қарқынының əр түрлі болуы заңды 

нəрсе.  Демек,  байланыстың  бұл  түрі  жетілмеген,  қарапайым  болып 

табылады.  

Эволюциялық  даму  барысында  организмнің  сыртқы  орта  əсерлеріне 

бейімделуі  нəтижесінде  байланыстың  басқа  түрі  –  гуморальдық  реттеу 



тетігі  пайда  болады.  Бұл  жағдайда  жеке  торшалар  мен  ұлпалардың 

физиологиялық күйінің өзгеруіне байланысты пайда болған алмасу өнімдері 

ұлпалық  сұйыққа,  лимфаға,  қанға  сіңеді  де,  осы  биологиялық  сұйықтар 

арқылы басқа торша мен ұлпалардың қызметіне əсер етеді. 

Организімнің сыртқы  əсерге  бейімделуінің одан  əрі  жетілуі  нəтижесінде 

жүйкелік  байланыс  механизімі  пайда  болған.  Жүйке  жүйесі  организм 

реакциясын шапшаңдатады жəне сыртқы орта əсерінің нақтылы бір мүшеге, 

немесе мүшелер жүйесіне тікелей бағытталуын қамтамасыз етеді. 

Ең  алғашқы  қарапайым  жүйке  жүйесі  ішек  қуыстыларда  (медуза, 

актиниялар)  пайда  болады.  Оларда  жүйке  элементтері  эпителий  астында 



 

519


орналасады  да,  құрылымы  жағынан  толық  жіктелмей,  организмде  тор 

құрайды.  Гаглийлер  (түйіндер)  осы  торда  шашыраңқы  орналасады.  Бұл 

жүйке жүйесінің диффузиялық (шашыраңқы) түрі (183-сурет, А). 

Эволюциялық  қатарда  пайда  болған  жүйке  жүйесінің  келесі  күрделірек 

түрі  -  түйіндік  (ганглийлік)  жүйке  жүйесі.  Ол  былқылдақ  денелілерде, 

құрттарда,  буынаяқтыларда  кездеседі.  Бұл  жағдайда  жүйке  торшалары 

организмнің  ұзына  бойында  дененің  жеке  сегменттерінде  түйін  құра 

орналасады (183-сурет, Б), Аталған түйіндер бір-бірімен жəне дененің жеке 

бөліктерімен  жүйке  торшаларының  өсінділері  -  жүйке  талшықтары  арқылы 

байланысады. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Жүйке жүйесінің ең күрделі, жетілген түрі - түтікті жүйке жүйесі (183-

сурет, В). Ол омырытқалы жануарлар мен адамға тəн. Жүйке жүйесінің бұл 

түрі  жүйке  торшаларының  арнаулы  түтікшелердің  ішінде  шоғырлануы 

нəтижесінде  пайда  болады  да,  ол  орталық  жəне  шеткей  бөлімдерге  айқын 

бөлінеді.  Жүйке  жүйесінің  орталық  бөлімін  жұлын  мен  ми  құрайды  да, 

шеткей бөлігі жүйке торшаларының өсінділілерінен пайда болады. Аталған 

жүйке жүйесінің негізін – нейрондар құрайды. 

Баяндалған  жайлар  жүйке  жүйесінің  құрлымдық  эволюциясы  үш 

принцип  негізінде  жүргенін  көрсетеді.  1.  Жүйке  торшаларының  дененің 

белгілі  бір  бөліктерінде  шоғырлануы;  2.  Жүйке  жүйесінің  алдыңғы 

бөлімдерінің басым дамуы; 3. Жүйке жүйесінің нейрондарға бөлінуі.  

Филогенездік  даму  барысында  жүйке  жүйесі  құрылымының  өзгеруімен 

байланысты  оның  қызметі  де  күрделенеді.  Жүйке  жүйесімен  қозу 

толқынының 

таралу 


шапшандығының 

өсіуіне 


байланысты, 

оның 


қозғыштығы мен құбылмалылығы артады. Жүйке жүйесінің түйіндік түрінде 

сыртқы  əсерге  жауап  қайтарудың  рефлекторлық  принципі  -  қозуды 

рецепторлардан  жүйке  түйіндері  арқылы  атқарушы  органға  беру  қабілеті, 

 

183-ñóðåт.

  Æ¾éêå 

æ¾éåñiíi» º½ðûëûìäûº 

т

èïтåði: 


— 

ø-øûð-»ºû 



(äèççóôèÿëûº) тèï, 

 Á 


— 

т

¾éiíäiê 



(ã-íãëèéëiê) тèï, 

 Â — т¾тiêтi тèï. 

 



 

520


пайда  болады.  Түтікті  жүйке  жүйесі  деңгейінде  рефекторлық  прицип 

сапалық  жағынан  жетіле  түседі  де,  жүйке  жүйесінің  əрекетінде  шартты 

рефлекторлық механизм пайда болады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   384   385   386   387   388   389   390   391   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет