Жануар физол


 Жүйке орталықтары жəне олардың физиологиялық қасиеттері



Pdf көрінісі
бет394/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   390   391   392   393   394   395   396   397   ...   504
18.6. Жүйке орталықтары жəне олардың физиологиялық қасиеттері 

 

Жүйке орталығы деп организмнің нақтылы қызметін реттейтін орталық 

жүйке  жүйесіндегі  нейрондар  жиынтығын  айтады.  Организмде  қанша 

рефлекторлық  қызмет  болса,  сонша  жүйке  орталығы  болады.  Мысалы, 

тыныс алу, қан айналым, ас қорыту, сілекей бөлу, жылу реттеу т.с.с. Жүйке 

орталығы деген таза физиологиялық ұғым, оның себебі белгілі бір қызметті 

реттеуге қатысатын жүйкелік құрылымдар орталық жүйке жүйесінің əртүрлі 

бөлімдерінде  орналасуы  мүмкін.  Мысалы,  тыныс  орталығын  жұлында, 

сопақша,  ортаңғы,  аралық  мида,  ми  қыртысында  орналасқан  жүйкелік 

құрылымдар жиынтығы құрайды.  

Жүйке орталықтарына бірнеше физиологиялық қасиеттер тəн. 

 

189-сурет. Қозуды бір бағытта өткізу: 

А – оқшауланған жүйкемен қозуды өткізу, Б – орталық жүйке жүйесімен 

қозуды өткізу. 

Қозуды  бір  бағытта  өткізу.  ОЖЖ  қозу  толқынын  тек  бір  бағытта  - 

афференттік нейроннан аралық нейрондар арқылы эфференттік нейрондарға 

өткізеді.  Кері  бағытта  қозу  толқыны  таралмайды  (189-сурет).  Бұл 

заңдылықты  1823  ж.  бір  мерзімде  ағылшын  ғалымы  ×.Белл  жəне  француз 

ғалымы  Ф.  Мажанди  ашқан,  сондықтан  оны  Белл-Мажанди  заңы  деп  те 

атайды. 


Орталық  жүйке  жүйесінде  қозу  толқынының  бір  бағытта  өткізілуі  оның 

нейрондық құрылымының дəлелі. Екіншіден, бұл орталық жүйке жүйесінің 

қозуды  өткізетін  жолының  үзілмелі  сипатының,  анатомиялық  жəне 

функционалдық  тұрғыдан  əртектілігінің  белгісі.  Демек,  қозу  толқынының 

бір  бағытта  өткізілуінің  себебі  орталық  жүйке  жолдарының  анатомиялық 

əртектілігінде, орталық синапстардың болуында. 




 

530


Қозудың  өтуін    бөгеу  (баяулату).  Бұл  құбылыс  жүйке  импульстерінің, 

синапстар  арқылы  баяу  өткізілуімен  байланысты.    Қозу  толқынын  өткізуді 

қамтамасыз  ететін  негізгі  процестерді  (аксон  ұшынан  медиаторлардың  

бөлінуін,   олардың  синапстық саңлаудан  өтуін, қоздырушы постсинапстық 

потенциал  туындауын)  атқару  үшін  белгілі  уақыт  қажет.  Сүт  қоректілер 

жұлынының 

қозғағыш 

нейрондарында 

коздырушы 

постсинапстық 

потенциал аксон ұшына жүйке импульсі жеткенен соң 0,3–0,5 мс-тан кейін 

пайда  болады.  Осыдан  кейін  таралатын  əрекет  потенциалы  туындағанға 

дейін  тағы  да  1,2  мс  уақыт  өтеді.  Демек,  қозу  толқынының  бір  синапстан 

өтуі  үшін  1,5–2,0  мс  уақыт  қажет.  Зерттеулерге  қарағанда  қозу  толқыны 

жүйке  талшығымен  салыстырғанда  синапстарда    200    есе    баяу    таралады.  

Жоғары  сатыдағы    омырытқалы  жануарлардың  үлпекті  жүйке 

талшықтарында қозу толқыны 100 м/сек жылдамдықпен тарайды, немесе 1 

мм  жолды,  0,00001  сек  ішінде  өтеді.  Ұзындығы  1  мм  синапстық  аймақты 

0,002 сек ішінде өтеді. 

Синапс  арқылы  қозу  толқының  өту  жылдамдығын  арнаулы  тəжірибе 

арқылы анықтауға болады (190-сурет). Бұлшық етті жүйкелейтін сезімтал (Б

жəне қозғағыш (А) талшықтардан құралған жүйке тамырды тітіркендіргенде, 

бұлшық  еттің  əрекет  тогын  тіркейтін  гальванометр  екі  дүркін  электрлік 

өзгерістерді көрсетеді. Олардың біріншісі (А) қозғағыш жүйке талшықтарын 

тітіркендіруге жауап болса, екіншісі (Б) біраз уақыт өткен соң сезімтал жүйке 

əрекетімен  байланысты  туындайды.  Осы  екінші  жауап  реакциясының 

байқалуына  кеткен  уақыттан  қозу  толқынының  сезімтал  жəне  қозғағыш 

жүйке  талшықтары  арқылы  таралуына  кеткен  уақытты  алып  тастап,  синапс 

арқылы қозудың таралу мерзімін есептеп шығаруға болады. 

 

 



190-сурет. Қозу толқынын 

 бөгеу: 


А – қозғалтқыш жүйке, 

Б – сезімтал жүйке 

 

 

Синапстық  бөгелу  мерзімі  тітіркендіргіш  күшіне,  рефлекс  доғасының 



күрделілігіне, 

организімнің 

физиологиялық 

күйіне 


байланысты. 

Тітіркендіргіш күші артса, рефлекс уақыты қысқарады, ОЖЖ-сі қажыса - ол 

ұзарады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   390   391   392   393   394   395   396   397   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет