528
2.
Рецепторлар табиғатына қарай рефлекстер экстерорецептивтік,
интерорецептивтік,
проприорецептивтік
болып
жіктеледі.
Экстерорецептивтік рефлекстер дененің беткейінде, интерорецептивтік
рефлекстер - ішкі ағзаларда, ал проприорецептивтік рефлекстер - ет пен
буында орналасқан рецепторлардың тітіркенуінен басталады.
3. Жүйке орталықтарының орналасу орнына қарай рефлекстер
жұлындық, булбарлық, мезэнцефальдық, диэнцефальдық жəне қыртыстық
болып бөлінеді. Демек, рефлекс күрделілігіне қарай жұлында, сопақша мида,
ортаңғы мида, аралық мида, немесе ми қыртысында орналасқан
орталықтардың басқаруымен атқарылады. Əрине рефлекстің бұл негізде
жіктелуі көп жағдайда шартты топтастыру болып табылады, себебі ОЖЖ-ің
əр түрлі құрлымдары арасында тығыз морфологиялық жəне функционалдық
байланыс болады. Мысалы, ми қыртысы, ОЖЖ-ің ең күрделі жəне ең
жоғары бөлімі болғандықтан, мидың əртүрлі бөлімдері мен жұлының
қызметін үйлестіріп, бағыттап отырады.
4. Эфференттік бөлімнің сипатына қарай рефлекстер тəндік (сомалық)
жəне вегатативтік болып бөлінеді. Сомалық рефлекстердің эффекторлары
дене еттері болса, вегатативтік рефлекстер əртүрлі ішкі ағзалар мен қан
тамырларының қызметінің өзгеруімен бейнеленеді.
5. Жауап реакциясының түріне қарай рефлекстер қимыл-əрекет, сөл бөлу
т.б рефлекс болып бөлінеді.
6. Эффекторға əсеріне байланысты рефлекстер қоздырғыш жəне тежеуші
болып бөлінеді.
7.
Барлық рефлекстерді шартсыз жəне шартты де топтастырады.
Шартсыз рефлекстер - туа пайда болған рефлекстер. Олар белгілі бір
жануарлар түріне тəн, ұрпақтан ұрпаққа беріледі. Əрбір шартсыз рефлекс
белгілі бір рецептивтік өрістің тітіркенуімен басталады жəне шартсыз
рефлекс доғасы ОЖЖ-нің төменгі бөлімдерінде тұйықталады.
Шартты рефлекстер тіршілік барысында жүре пайда болған, жеке
дарақтарға ғана тəн жəне ұрпақ қуаламайтын рефлекстер. Оның тұрақты
рецептивтік өрісі болмайды (мысалы, шартты сілекей бөлу рефлексін электр
шамына, қоңырауға, терінің əртүрлі бөліктерін тітіркендіруге т.с.с
қалыптастыруға болады). Шартты рефлекстер доғасы үлкен ми жарты
шарлары қыртысында тұйықталады.
Шартты рефлекс белгілі бір табиғи əрекетті тудыратын үйреншікті
тітіркендіргіштің əсерінен емес, осы тітіркендіргішпен қабаттасқан белгінің -
шартты тітіркендіргіштің əсерімен байланысты қалыптасады. Демек, кез
келген шартты рефлекс шартты тітіркендіргішті қабылдайтын
анализатор орталығы мен шартсыз əрекетті реттейтін орталық
арасында уақытша байланыстың пайда болуының нəтижесі болып
табылады.
529
Шартты
рефлекстер
бір-бірінен
шартты
жəне
табиғи
тітіркендіргіштердің, организм мен осы тітіркендіргіштер түрінде
бейнеленген сыртқы орта қатынастарымен ерекшеленеді.
Достарыңызбен бөлісу: