Конвергенция
(тоғысу). Орталық жүйке жүйесінде афференттік жолдар
эфференттік жолдардан 4–5 есе көп. Сол себепті əртүрлі афференттік
талшықтармен қабылданған импульстер белгілі бір аралық, немесе
эфференттік нейрондарға тоғысуы мүмкін (190-сурет, А). Бұл құбылысты
конвергенция деп атайды (латынша соnvеrgere - жақындаймын, түйісемін
деген мағына береді).
Дивергенция
(ажырау). Орталық жүйке жүйесіне бір нейрон арқылы
жеткен импульс бірнеше нейрондарға, тіпті мидың əртүрлі бөлімдеріне
таралуы мүмкін (191-сурет, Б). Бұл құбылысты дивергенция деп атайды
(латынша dіvergere - алшақтаймын, ажыраймын деген мағына береді).
Жеңілдету
. Əрбір тітіркенуден кейін жүйке орталығының қозғыштығы
жоғарылайды. Егер орталық жүйке жүйесіне екі импульс тіркес əсер етсе,
олар тудыратын əрекет əрбір импульс жеке тудыратын əрекеттер
қосындысынан əлдеқайда күшті болады.
191 - сурет. Конвергенция (А) жəне дивергенция (Б)
схемасы.
532
Импульстердің бірінші легі келесі импульстер əсерін жеңілдетеді (192-
сурет).
Достарыңызбен бөлісу: |