Төмендеу
, немесе орталықтан тепкіш өткізгіш жолдар. Бұл жолдар
ОЖЖ-ің жоғарғы бөліктерін жұлынның эффекторлық нейрондарымен
байланыстырады. Олардың негізгілері қыртыс-жұлындық (пирамидалық),
рубро-жұлындық, вестибула-жұлындық жəне ретикуло-жұлындық жолдар
болып табылады.
Пирамидалық жол үлкен ми жарты шарлары қыртысының қозғағыш
аймақтары нейрондарының аксондарынан құралады. Жол жөнекей бұл
аксондар аралық, ортаңғы, сопақша ми құрылымдарына, торлы құрылымға
бүйір тармақтар береді де, сопақша мидың төменгі бөлігінде олардың көп
талшықтары қарсы бетке өтіп, латеральдық пирамидалық жол құрайды. Бұл
жол жұлынның бүйір бағанында орналасады. Аксондардың қалған бөлігі өзі
басталған беткеймен жұлынға дейін жетеді де, өздері аяқталатын жұлын
сегменттерінде дененің қарсы бетіне өтеді. Бұл жолды тура пирамидалық
жол деп атайды. Аталған екі жол талшықтары да жұлынның астыңғы
(вентральдық)
мүйізіндегі
мотонейрондарда
аяқталады.
Бұл
жол
талшықтарының құрамы əртекті болып келеді. Онда үлпекті жəне үлпексіз
талшықтар да кездеседі. Ипмульстер де əртүрлі жылдамдықпен өткізіледі (1–
100 м/с).
Пирамидалық жолдар арқылы келген импульстер ерікті қимылдардың
атқарылуын қамтамасыз етеді. Бұл жолдың айқасқан жəне тура талшықтар
түрінде қосарлануы оның сенімділігін арттыра түседі.
Рубро-жұлындық жол (Монаков жолы) ортаңғы мидың қызыл ядросы
нейрондарының аксонынан құралған. Ядродан шығысымен бұл жол
талшықтары мидың қарсы жартысына өтеді де, олардың бір бөлігі мишық
пен торлы құрылымға, ал қалған бөлігі - жұлынға бағытталады. Бұл жол
талшықтары жұлынның бүйір бағанымен өтеді де, өздері жалғасатын
556
сегменттің аралық нейрондарында аяқталады. Рубро-жұлын жолы арқылы
мишықтан, вестибулалық жүйке ядросынан, жолақ денеден тарайтын
импульстер өтеді де, бұлшық ет тонусы мен еріксіз қимылдар үйлесімі
басқарылады.
Вестибула-жұлын жолы сопақша мида орналасатын Дейтерс ядросы
торшаларының өсінділерінен құралады. Бұл ең көне жол. Ол арқылы
вестибулалық мүше мен мишықтан таралатын импульстер жұлынның
төменгі мүйізіндегі мотонейрондарға беріледі де, бұлшық ет тонусы, қимыл
үйлесімі, дене тепе-тендігі реттеледі. Бұл жол зақымданса қимыл үйлесімі,
кеңістікті бағдарлағыштық қабілет бұзылады.
Достарыңызбен бөлісу: |