Жануар физол



Pdf көрінісі
бет421/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   417   418   419   420   421   422   423   424   ...   504
Байланысты:
Zhanuarlar-fiziologiyasy Nesipbaeb

 

 

  

Мишығы  алынып  тасталған  жануарда  байқалатын  ауытқулардың  бірі  - 



астазия.  Жануар  қимылсыз  тыныш  тұра  алмайды:  не  екі  жағына,  не  алға-

артқа  теңселіп  тұрады.  Оның  басы  да  бірқалыпта  тұрмайды:  не  екі  жағына 

шайқалып,  не  еңкейіп-шалқайып  тұрады.  Мишықсыз  жануарда  қозғағыш 

 

209-ñóðåт.

 

Ìèøû¹û 


ç-ºûìä-í  ¹-í  èт 

ºèìûëä-ðû

 



 

561


жүйке  орталықтары  қызметіндегі  əрекеттестіктің  бұзылуының  салдарынан 

бұлшық еттердің үйлесімді жиырылу қабілеті жойылады (асинергия). 

Мишықсыз  жануар  артық  қимылдан  тез  қажиды,  ұзақ  жүре  алмай, 

жатаған келеді. Бұл құбылысты астения деп атайды. 

Мишық  пен  үлкен  ми  жарты  шарлары  қызметінде  тығыз  байланыс, 

ықпалдастық  байқалады.  Ми  қыртысы  неғұрлым  жақсы  дамыса,  соғұрлым 

мишық  та  жақсы  жетіледі.  Мишық  ми  қыртысының  күрделі  қимыл-

əрекеттерді реттеудегі қызметін жеңілдетіп отырады. Ол экстрапирамидалық 

жүйе арқылы таралатын қозу ағымын тежеп, пирамидалық жүйемен жылдам 

таралатын импульстерге жол ашады. 

Мишық  организмнің  қимыл-əрекетімен  қатар,  оның  вегетативтік 

қызметіне  де  əсер  етеді.  Мишықты  тітіркендіргенде  көздің  қарашығы 

үлкейіп, артерия қысымы жоғарылайды, тамырдың соғуы жиілейді, қажыған 

еттің  жұмыс  қабілеті  қалпына  келеді,  демек  симпатикалық  эффект 

байқалады.  Мишықты  алып  тастағаннан  соң  ас  қорыту  жолының  қимылы 

баяулап,  қарын  мен  ішек  сөлінің  бөлінуі  əлсірейді,  малдың  жүні  үрпиіп 

кетеді.  Малдың  қуат  шығыны  артады,  бұлшық  еттің  қантты  сіңіруі 

нашарлайды,  еттің  нəрленуінің  бұзылуы  салдарынан  атрофия  (сему) 

басталады. 

Баяндалған 

жайлар 

мишықта 


симпатикалық 

жəне 


парасимпатикалық  жүйкелену  орталығы  орналасады  деген  болжам  жасауға 

мүмкіндік береді. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   417   418   419   420   421   422   423   424   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет