Жануар физол


 Сопақша мидың құрылысы мен қызметі



Pdf көрінісі
бет419/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   415   416   417   418   419   420   421   422   ...   504
 

19.3.1. Сопақша мидың құрылысы мен қызметі 

 

Барлық  омыртқалы  жануарларда  сопақша  ми  жұлынның  жалғасы  болып 




 

557


табылады,  сондықтан  мидың  бұл  бөлігінде  жұлынға  тəн  қарапайым 

сегменттік сипат сақталады. Дегенмен, сопақша мида сұр жəне ақ заттардың 

орналасуындағы  реттілік  едəуір  өзгереді.  Филогенездік  даму  процесінде 

қалыптасқан  құрылымдық  жəне  əрекеттік  өзгерістер  нəтижесінде  жүйке 

торшалары шоғырланып, ерекше құрылым - ядролар пайда болған. Ядролар 

əртүрлі  рефлекторлық  қызметтердің  орталығы  болып  табылады.  Олардың 

біраз бөлігі сопақша мидың торлы құрылымының құрамына енеді. Сопақша 

ми  жұлын  мен  өзінде  орналасқан  ядролардан  басталатын  ми  жүйкелері 

арқылы  дененің  барлық  бөліктерімен  жалғасады.  Он  екі  жұп  ми 

жүйкелерінің  сегіз  жұбы  (V–XІІ)  осы  сопақша  мидан  басталады.  Олар 

үштармақ  (үшкүл),  əкеткіш,  беттік,  есту,  тіл-жұтқыншақтық,  кезеген, 

қосымша жəне бұғақ (тіл асты) жүйкелері (207-сурет). 

 

Сопақша миға да жұлын тəрізді рефлекстік жəне өткізгіштік қызмет тəн. 



Сопақша  мидың  рефлекстік  қызметінің  атқарылу  механизмі  жағынан 

жұлынның  аталмыш  қызметінен  айтарлықтай  айырмасы  болмағанымен 

биологиялық маңызы əлдеқайда жоғары. Сопақша мида тыныс алуды, тамыр 

арнасын,  жүрек  қызметін,  көмірсулар  алмасуын  реттейтін  орталықтар,  ему, 

шайнау, сілекей бөлу, жұту, қарын сөлін, ұйқы безі сөлін бөлу орталықтары, 

жөтелу,  түшкіру  рефлекстерінің  орталығы,  Дейтерс  ядросы  орналасқан. 

Сонымен  қатар  сопақша  мида  бас  еттерінің,  көздің,  ішкі  құлақ 

шытырманының  (лабиринттің)  афференттік  жүйкелерінің  орталығы 

орналасады.  Жұлын  арқылы  сопақша  ми  тері  жəне  қаңқа  еттері 

рецепторларымен  байланысады.  Сопақша  ми  қаңқа  еттері  мен  ішкі 

ағзалардың бірыңғай салалы еттері рецепторлары, тыныс алу жəне ас қорыту 

органдарының  кілегей  қабығының  жанасу  мен  температураны  сезінетін 

рецепторлары,  дəм  сезу  рецепторлары,  лабиринт  рецепторлары  арқылы 

толып  жатқан  əсерлерді  қабылдайды  да,  көптеген  күрделі  рефлекстерді 

қамтамасыз  етеді.  Ол  əртүрлі  органдардың  қызметін  реттеу  арқылы 

организмнің  ішкі  ортасының  тұрақтылығын  қамтамасыз  етеді,  вегетативтік 

қызметтерді,  қаңқа  еттерінің  тонусын  реттейді,  бұлшық  еттің,  ең  алдымен 

жазғыш  еттердің,  тонустық  жиырылуын  қамтамасыз  етіп,  дене  салмағын 

көтеруге, тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік береді. 

Бұлшық  ет  тонусын  реттеуде  сопақша  мидағы  Дейтерс  торшаларының 

маңызы  зор.  Егер  сопақша  ми  мен  ортаңғы  ми  арасын  тіліп,  Дейтерс 

торшаларының  қызыл  ядромен  байланысын  үзіп  тастаса,  жануарларда 



децеребрациялық  сіреспе  (ми  сіреспесі)  деген  атпен  белгілі  құбылыс 

байқалады.  Бұл  жағдайда  еттердің  тонусы  күрт  жоғарылайды  да, 

жануарлардың  денесі  керіліп,  аяқтары  сіресе  жазылады,  басы  кекшиіп, 

құйрығы қайқая көтеріледі. Мұндай малды аяғына тұрғызып қоюға болады, 

бірақ  оның  кеңістіктегі  кейпі  дұрыс  жағдайда  болмайды.  Оны  бүйіріне  не 

арқасына жатқызып қойса, аяқтары сіресіп, серейген күйінде қалады. 



207-ñóðåт

. Ìèäû» т¼ìåíãi 

áåтêåéiíi» ê¼ðiíiñi: 

1  ñîï-ºø- ìè; 2 — ê¼ïið; 

3-  ìè  ñ-á-ºт-ðû;  4-

åìiçäiêøå  äåíå;  5  —  ê¼ðó 

æ¾éêåiíi»  ºèûëûñû;  6  — 

èiñ  æó-øû¹û;  7  —  ÕÏ-øi 

ìè æ¾éêåëåði. 

 

 




 

558


Децеребрациялық сіреспе Дейтерс торшаларын бұзғаннан соң, немесе ми 

мен жұлынның байланысын жойып, олардың арасын тіліп тастағаннан кейін 

тиылады.  Оның  себебі  Дейтерс  торшаларынан  тараған  импульстер  жазғыш 

еттердің  тонусын  шектен  тыс  күшейтеді.  Ал  қызыл  ядро  Дейтерс 

торшаларының  əрекетін  бəсеңдетіп  отырады.  Дененің  жазғыш  еттері 

рецепторларынан,  вестибулалық  (сағалық)  мүшелерден  келген  импульстер 

Дейтерс  торшаларының  қозғыштығын  күшейтеді.  Сол  себепті  жазғыш 

еттерге  новокаин  ерітіндісін  ексе,  немесе  жұлынның  үстіңгі  түбірін  қиса, 

лабиринтті  бұзса  децеребрациялық  сіреспе  тиылады.  Дейтерс  ядросының 

белсенділігін  мишық,    қыртыс  асты  түйіндер,  үлкен  ми  жарты  шарлары 

бəсеңдетеді.  

Сопақша  ми  тонустық  рефлекстерді  реттей  отырып,  организмнің  қимыл 

əрекетін (жүру, тұру) қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Сопақша ми 

мен жұлыны сақталған жануарлар тек жұлыны ғана сақталған жануарлармен 

салыстырғанда  əлдеқайда  күрделі  рефлекстерді  атқарады.  Оның  негізгі 

физиологиялық  қызметтері  əлде  қайда  үйлесімді  келеді,  бірақ  мұндай 

жануарлардың  бұлшық  ет  тонусы  күшейіп,  олардың  қалыпты  қимылдар 

атқаруы қиындайды. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   415   416   417   418   419   420   421   422   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет