Жануар физол


 Мидың құрылысы мен қызметі



Pdf көрінісі
бет418/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   414   415   416   417   418   419   420   421   ...   504
Байланысты:
Zhanuarlar-fiziologiyasy Nesipbaeb

 

19.3. Мидың құрылысы мен қызметі 

 

Ми  -  орталық  жүйке  жүйесінің  алдыңғы  жəне  ең  маңызды  бөлімі.  Ол 



бассүйек қуысында - ми сауытында орналасады. Ми да ақ жəне сұр заттардан 

тұрады.  Ақ  зат  өткізгіш  жолдардан  түзіледі,  ол  миды  жұлынмен  жəне  ми 

бөлімдерін  өзара  байланыстырады.  Сұр  зат  шоғырланып,  ақ  затта  ядролар 

түрінде орналасады. 

Мойын  омыртқаның  бассүйекпен  жалғасқан  жерінде  жұлынның 

құрылысы  өзгеріп,  ол  ми  сабағына  айналады.  «Ми  сабағың  деген  атпен 

сопақша  ми,  көпір, ортаңғы  ми  жəне  аралық  ми  құрылымдарын  біріктіреді. 

Ми  сабағының  ішінде  тармақталған  тор  түрінде  торлы  құрылым  немесе 



ретикулярлы формация орналасады. 

Анатомиялық  тұрғыдан  ми  ромб  тəрізді  ми  жəне  үлкен  ми  болып 

жіктеледі.  Өз  кезегінде ромб  тəрізді ми  сопақша жəне  артқы  миға  бөлінеді. 

Артқы миға көпір мен мишықты жатқызады. Үлкен ми ортаңғы, аралық жəне 

соңғы  (алдыңғы)  ми  болып  бөлінеді.  Мидың  бөлімдеріне  өзіндік 

құрылымдық жəне қызмет ерекшеліктері тəн.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   414   415   416   417   418   419   420   421   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет