Кейіптену рефлекстері. Бұл рефлекстер дененің тепе-теңдігін сақтауды
қамтамасыз етеді. Олар əсер көзіне байланысты мойындық жəне
вестибулалық (сағалық немесе лабиринттік) болып бөлінеді.
Мойынның қалпын сақтау (тонустық) рефлекстері бастың кейпінің
өзгеруінің салдарынан мойын бұлшық ет проприорецепторларының
тітіркенуімен басталады. Бұл рефлекстерді алғаш рет Голландия физиологы
Р.Магнус мидың сопақша мидан басқа барлық бөлімдері алынып тасталған
мысыққа тəжірибе жасап, зерттеген. Мысықтың басын шалқайтқанда
алдыңғы аяқтардың жазғыш бұлшық еттерінің тонусы жоғарылап, артқы
аяқтардың жазғыш еттерінің тонусы төмендеген. Басты төмен иген кезде
алдыңғы аяқтың жазғыш еттерінің тонусы төмендеп, артқы аяқ еттерінің
тонусы жоғарлайды. Басты оңға не солға бұрғанда, бас бұрылған жақтың
аяқтарының жазғыш еттерінің тонусы жоғарылаған (212-сурет).
Мойын қалпын сақтау рефлекстерінің эффекторлық бөлігін тек аяқ еттері
ғана емес, көз еттері де құрайды. Осымен байланысты бастың кейпі бұзылған
кезде көз алмасының да жағдайы өзгереді, ол бас қисайған жаққа кері
бағытта қозғалады да, көру бағдары өзгермейді.
212-ñóðåт.
Äåöåðåáð-öèÿë-í¹-í
æ-íó-ðäû» êåéiïтåíó ðåôëåêñi:
1— äåöåðåáð-öèÿëûº ñiðåñïå; 2,3,
4—Ì-ãíóñ çåðттåãåí ìîéûííû»
т
îíóñтûº ðåôëåêñтåði.
564
Табиғи жағдайда мойынның тонустық рефлекстері мен вестибулалық
рефлекстер тығыз байланыста болады. Вестибулалық рефлекстер негізінен
ішкі құлақ сағасының жарғақты лабиринтіндегі рецепторлардың қозуынан
туындайды да, организмнің кеңістіктегі күйіне қарай дене кейпі мен тепе-
теңдігін сақтауды қамтамасыз етеді.
Тұлға түзеу рефлекстері жануар денесінің рабайсыз қалыптан өзінің
табиғи кейпіне келуін қамтамасыз ететін рефлекстер. Мысалы, мысықты
жерден көтеріп, арқасын төмен қаратып тастап жіберсек, ол өз денесінің
осімен айналып, жерге төрт аяғымен тік түседі. Оның денесі айналғанда
бірнеше тізбекті қимыл-əрекет байқалады. Алдымен вестибулалық тұлға
түзеу рефлексінің əсерімен мысықтың басы қалыпты күйіне оралып,
түзетіледі: тұмысығы жерге, шүйдесі жоғары қарай бағытталады. Осыдан
соң бастың кейпімен байланысты мойынның дене қалпын сақтау рефлекстері
іске қосылады да, оның денесі осінде айналып, тұлғасы қалпына келеді.
Сонымен, табиғи жағдайда вестибулалық тұлға түзеу рефлекстері
мойындық рефлекстермен толықтырылып отырады жəне оларды атқаруда
маңызды рөлді бастың кейпі атқарады.
Егер мидың жоғарғы бөлімдері мен сопақша ми арасын тіліп қойса, тұлға
түзеу рефлекстері атқарылмайды. Мұндай жануарларды шалқасынан
жатқызып қойса, ол өз бетімен аударылып, аяғына тұра алмайды. Ал миды
ортаңғы мидың алдынан тілсе, онда тұлға түзеу рефлекстері сақталады. Бұл
осы рефлекстер орталығының ортаңғы мида орналасқанының дəлелі.
Кейіптену рефлексі екі сатыда атқарылады. Оның біріншісі сатысында
дененің кеңістіктегі жағдайына қарамай бас түзетіледі, ал екінші сатыда
дененің тұлғасы жөнге келтіріледі.
Кеңістіктегі бастың кейпін түзеу қимылдары екі түрлі рефлекстік өрістен
тараған импульстердің əсерімен атқарылады, демек олар екі түрлі
рефлекстер жиынтығы. Мысалы, ортаңғы миы сақталган жануарды бүйіріне
жатқызып қойса, ол басын көтеріп, оны табиғи кейпінде - шүйдесін жоғары
қаратып ұстайды. Бұл рефлекс вестибулалық мүше рецепторларының
565
тітіркенуі нəтижесінде атқарылады. Вестибулалық мүшені зақымдаса, бұл
рефлекс жойылады да, жануар басын дұрыс ұстау қабілетінен айрылады.
Аталған рефлексті басты түзеудің вестибулалық рефлексі деп атайды.
Егер лабиринті қос жақты зақымдалып, басын дұрыс қалпына ұстай
алмайтын жануарды қатты заттың, мəселен, еденнің, столдың үстіне
жатқызса, онда терінің қатты заттың беткеймен жанасуының салдарынан
рефлекс туындап, жануар басының қалпын түзетеді, басты көтеріп, оған
қалыпты кейіп беруге мүмкіндік алады. Бұл рефлексті басты түзетудің
терілік рефлексі деп атайды. Аталған рефлекс тұлға терісінің симметриялы
тітіркенбеуінің салдарынан туындайды. Егер осы тəжірибедегі жануар
денесінің жоғары қараған беткейіне тақтай қойып, оны қыса басса, онда
баяндалып отырған рефлекс тиылады да, мал басын көтере алмай қалады.
Сонымен, бастың кеңістіктегі қалпын ұстауды қамтамасыз ететін
рефлекстер вестибулалық мүше мен тұлға терісінде орналасқан
рецепторлардың тітіркенуі нəтижесінде атқарылады.
Кейіптену рефлексінің екінші сатысы - дене тұлғасын түзету рефлекстері,
мойын бұлшық еттері мен буын байламдарының проприорецепторлары жəне
тұлға терісі рецепторларының тітіркенуі нəтижесінде атқарылады.
Бастың кейпі қалпына келтіріліп, дене бір бүйіріне жатқан күйінде қалса,
алдымен мойын бұрылады. Осының нəтижесінде мойын еттерінің
пропироцепторлары тітіркеніп, дене тұлғасын өзгертуге бағытталған қимыл-
əрекеттер басталады. Бұл рефлекстер тұлға түзеудің мойындық рефлекстері
деп аталған. Бастың кейпі қалпына келгеннен кейін дене тұлғасын түзеуде
тері рецепторларынан тарайтын импульстердің де маңызы зор болады. Бұл
рефлекстерді тері рецепторларынан басталған тұлға түзеу рефлекстері
деп атайды. Орталық жүйке жүйесі зақымдалған жоғары сатыда дамыған сүт
қоректі жануарларда (мысық, ит, маймыл) көру мүшесінің рецепторларынан
басталатын тұлға түзеуге бағытталған рефлекстің тағы бір түрі кездеседі. Бұл
рефлекстерді оптикалық тұлға түзеу рефлекстері деп атайды.
566
Статокинетикалық рефлекстер. Рефлекстердің бұл түрі қозғалыс үстінде
айналмалы, үдемелі, түзу сызықты қозғалыс кезінде іркілу салдарынан
туындайды.
Айналмалы қозғалыс кезіндегі статокинетикалық рефлекстер жартылай
дөңгелек түтіктер рецепторларының тітіркенуі нəтижесінде туындайды. Бұл
рефлекстердің орталығы ортаңғы мидың қызыл ядросында орналасады.
Статокинетикалық рефлекстерге мысал ретінде «лифт рефлекстерінң,
немесе дененің айналмалы қозғалысы кезінде бас пен көз алмасының еріксіз
қимылдарын (нистагм) келтіруге болады. Лифт шапшаң көтерілсе, аяқтар
бүгіледі, ал ол шапшаң төмендесе - аяқтар сіресе жазылады. Дене айнала
бастағанда алғашқыда бас пен көз алмасы қарама-қарсы бағытта баяу
бұрылады, соңынан тез бастапқы кейпіне оралады.
Ми қыртысы жақсы дамыған жоғары сатыдағы жануарларға лабиринттік
жəне проприорецептивтік рефлекстерді басып, тежеп отыратын қасиет тəн.
Осының арқасында олар əр түрлі кейіпте болып, бүйірімен не шалқасынан
жата алады. Бұл ОЖЖ-ің жоғары бөліктері - мидың торлы құрылымы,
таламус, қыртыс асты ядролар мен ми қыртысының ми сабағының дене
қалпын сақтау (тонустық) рефлекстеріне тежеуші əсер ететінінің дəлелі. Ми
қыртысы неғұрлым жақсы дамыса, соғұрлым организмнің қимылдары еркін,
күрделі, үйлесімді келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |