Жануар физол


 Ортаңғы мидың құрылысы мен қызметі



Pdf көрінісі
бет422/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   418   419   420   421   422   423   424   425   ...   504
Байланысты:
Zhanuarlar-fiziologiyasy Nesipbaeb

 

19.3.3. Ортаңғы мидың құрылысы мен қызметі 

 

Ортаңғы  ми  сопақша  ми  мен  көпір  сияқты  ми  сабағының  құрылымы 



болып табылады. Ол көпір мен аралық мидың арасында жатады, сегменттік 

сипаттан толық айрылады. 

Сүт  қоректі  жануарларда  ортаңғы  ми  дорсальдық  жəне  базальдық 

(негіздік)  бөліктерден құралған (210-сурет).  

Дорсальдық  бөлікте  төрт  төмпешік  орналасады.  Бұл  құрылымдарда 

есту  мен  көрудің  бағдарлау  рефлекстерінің  орталықтары  орын  тебеді. 

Алдыңғы екі жұп төмпешіктерде көрудің бағдарлау рефлекстерінің, ал артқы 

жұп  төмпешіктерде  естудің  бағдарлау  рефлекстерінің  орталықтары 

орналасады. Осы орталықтардың қатысуымен көз, құлақ жəне бас бейнелер 

көрінген, немесе дыбыс шыққан жаққа бұрылады. 

 



 

562


 

   210-сурет.  Ми  кесіндісінің  ортаңғы  ми 

деңгейіндегі  көрінісі:                      

  1  –    ми  сабақтары;  2  –  көз  қимылдатқыш 

жүйке;  

   3  –  қызыл  ядро;  4  –  көз  қимылдатқыш 

жүйке  

   ялросы;  5  –  орталық  сұр  зат;  6  –  ми 

суағары  

    (Сильвисв суағары); 7 – алдыңғы қос  

   төмпешіктер; 8 –      қара тесемік. 

 

 



 

 

Ортаңғы мидың базальдық бөлігін оның сабақтары құрайды. Əрбір сабақ 



үш  бөліктен  -  бүркемеден,  қара  төсеміктен  жəне  табан  негізден,  тұрады. 

Бүркемеде  қызыл  ядро  мен  шығырлық,  көзқимылдық  жүйкелер  ядролары 

орналасады.  Демек,  ортаңғы  мидан  ІІІ  жəне  ІV  -  ми  жүйкелері  басталады. 

Бұл  жүйкелер  көз  алмасының  еттерін  жүйкелеп,  көз  қимылдарының 

үйлесімділігін қамтамасыз етеді. 

Қызыл  ядро  дене  қимылын  реттейтін  маңызды  құрылым.  Рубро-

жұлындық  жол  арқылы  ол  жұлынның  мотонейрондарымен  байланысады. 

Қызыл ядро үлкен ми жарты шарларының қозғағыш аймақтарының қыртыс 

асты  түйінен,  мишық  ядроларынан  жəне  қара  төсемік  нейрондарынан 

қоздырғыш  сигналдар  алады.  Өз  кезегінде  ол  сопақша  ми  орталықтарының 

(Дейтерс 

торшаларының)  қызметін  тежей  реттеп  отырады.  Оның 

қатысуымен  дененің  кеңістіктегі  қалпына  қарай  бұлшық  ет  тонусы  өзгеріп 

отырады. Қызыл ядро дененің қалыпты кейпі мен тепе-теңдігін қамтамасыз 

ететін тонустық рефлекстердің атқарылуын рететейді (211-сурет). 

Жалпы  алғанда  тонустық  (дене  қалпын  сақтау)  рефлекстер  ми 

сабағының,  сопақша ми мен ортаңғы мидың, басқаруымен атқарылады. Дене 

қалпын сақтау рефлекстері тепе-теңдік (статикалық) жəне қимыл-қозғалыс 

(статокинетикалық)  рефлекстері  болып,  екі  топқа  бөлінеді.  Тепе-теңдік 

рефлекстері  тыныштық  кезінде,  мал  тұрған  немесе  жатқанда  дененің 

қалыпты кейпін, тепе-теңдігін сақтауды қамтамасыз ететін қимыл əрекеттер. 



Статокинетикалық  рефлекстер  -  дене  қозғалысы  кезінде  байқалатын 

қимыл реакциялары. Олар кейіптену (дене қалпын сақтау) жəне тұлға түзеу 



(мақсаттық) болып екі топқа бөлінеді. 

 

 



 

 

 



211-ñóðåт.

 

Êîç¹-¹ûø 



æ¾éåíi» 

íåãiçãi 


á-éë-íûñт-ðûíû» 

ñõåì-ñû: 

1  —  ºîç¹-¹ûø  -éì-º;  2  — 

º½éðûºтû ÿäðî; 3 — º-óûç; 4 

— 

áîç¹ûëт 


ø-ð; 

— 



á-ä-ìø-  ÿäðî;  т-ë-ìóñ;  7 


 

563


 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   418   419   420   421   422   423   424   425   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет