Жануар физол



Pdf көрінісі
бет444/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   440   441   442   443   444   445   446   447   ...   504
Байланысты:
Zhanuarlar-fiziologiyasy Nesipbaeb

 

 

229-сурет. Шартты рефлекстің  

қалыптасу схемасы: 

І – көру орталығы; ІІ – ас қорыту  

орталығы; 1 – афференттік жол,  

2 – ауыз куысындағы сезімтал  

жүйке ұштары, 3 – төмендеу жолы,  

4 – сілекей бөлу орталығы,  

5 – сілекей безі, 6 – орталыққа  

тепкіш жүйкелер, 7 – өрлеу жолы. 

 

 

 



Егер  шартты  жəне  шартсыз  тітіркендіргіштер  əсері  бірнеше  рет  тіркес 

қайталанса,  қозу  импульсі  көру  орталығынан  ас  қорыту  орталығына 

жақсырақ  өте  бастайды.  Бір  бағытта  өткен  қозу  орталықтар  арасында  із 

қалдырады.  Ақырында  шам  жағылғаннан  кейін  ит  сілекей  бөле  бастайды. 

Бұл шамның жарығына шартты сілекей бөлу рефлексінің қалыптасқанының 

 



 

598


белгісі.  Енді  торлы  қабық  рецепторларынан  көру  орталығына  бағытталған 

көру  импульсі  даңғыл  жолмен  ас  қорыту  орталығына  беріледі  де,  одан 

төмендеу жолы арқылы сопақша мидағы сілекей бөлу орталығына тарайды. 

Бұл  орталықтан  қозу  импульсі  сілекей  бездеріне  бағытталып,  олар  сілекей 

бөледі. 

Шартты  жəне  шартсыз  тітіркендіргіштер  əртүрлі  рецепторларға  əсер 

етеді, сондықтан шартты жəне шартсыз рефлекстер доғасы əр түрлі өрістен 

басталады.  Олардың  орталыққа  тепкіш  жолы  да  əр  текті.  Бірақ  бұл 

рефлекстердің  орталықтан  тепкіш  жолы  ортақ  болады.  Осы  жəйт  шартты 

рефлекстердің  тек  шартсыз  рефлекстер  негізінде  пайда  болатынының 

дəлелі. 

Шартты  рефлекстерді  қалыптастыруда  қыртыс  асты  құрылымдар,  атап 

айтқанда  мидың  торлы  құрылымы,  маңызды  рөл  атқарады.  Шартты 

рефлекстерді  қалыптастыру  кезінде  электрлік  белсенділік  ми    қыртысынан 

бұрын  ортаңғы  жəне  аралық  ми  торлы  құрылымында  байқалады.  Ортаңғы 

жəне аралық ми деңгейінде торлы құрылымды зақымдау шартты рефлекстің 

қалыптасуына кедергі келтіреді. Торлы құрылым ми қыртысы торшаларының 

белсенділігін  арттыра  отырып,  уақытша  байланыстың  қалыптасуына  қажет 

жағдай тудырады. 

Ми қыртысының əр түрлі бөліктерінің арасындағы уақытша байланыс тек 

қыртыстық  құрылымдар  арқылы  қалыптаспай,  қыртыс  асты  құрылымдары 

арқылы да қалыптасуы мүмкін (230-сурет). Əрбір қыртыстық аймақ көптеген 

эфференттік  жолдар  арқылы  қыртыс  астындағы  орындаушы  аппаратпен 

байланысады.  Сондықтан  уақытша  байланыс  ми  қыртысының  белгілі  бір 

аймағының  афференттік  жəне  эфференттік  жолдарының  арасында  пайда 

болуы  мүмкін  деген  де  болжам  бар.  Сонымен,  ми  қыртысының  сезімтал 

аймағында  таламус  пен  торлы  құрылым  арқылы  келген  импульс  өңдеуден 

өткен  соң  уақытша  байланыс  арқылы  эффенттік  жолға  өтіп,  қыртыс  асты 

құрылымдарға  барады  да,  қайтадан  ми  қыртысына  көтеріліп,  шартсыз 

рефлекс орталығына жетеді. Демек, бұл жағдайда шартты рефлекс қыртыс - 

қыртыс  асты  -  қыртыс  бағытындағы  вертикальдық  байланыс  арқылы 

қалыптасады. Мұндай кезде шартты жəне шартсыз рефлекстер орталықтары 

арасындағы  қыртыс  арқылы  өтетін  горизонтальды  байланыс  та  жоққа 

шығарылмайды. 

Уақытша  байланыстың  тұйықталуының  физиологиялық  негізінде  жүйке 

орталықтарының басымдылық, даңғылдану, жинақтау қасиеттері де жатады. 

Шартты  рефлекстердің  қалыптасуы  барысында  ми  қыртысындағы  шартсыз 

рефлекс орталығында туындаған қозу ошағы доминантты сипатқа ие болады. 

Ол шартты сигнал əсерімен пайда болған əлсіз қозу ошағынан импульстерді 

өзіне  тартады.  Орталықта  шартсыз  рефлекспен  байланысты  импульстер 

жинақталады  да,  оның  қозғыштығы  мен  лабильділігі  арта  түседі.  Шартты 

жəне  шартсыз  тітіркендіргіштер  əсері  қайталанған  жағдайда  орталықтың 




 

599


қозғыштығы  мен  лабильділігінің  деңгейі  жоғары  шекке  көтеріліп,  екі  қозу 

орталығының арасы тұйықталады. Сондықтан қозу импульсі шартты рефлекс 

орталығынан  шартсыз  рефлекс  орталығына  ешбір  кедергісіз  өтеді  де,  тиісті 

рефлексті тудырады. 

 

 

 



230-сурет. Шартты рефлекстің қос байланысты доғасының схемасы: 

А, Б – қас қағу жөне қоректік рефлекстердің қыртыстық орталықтары; В, Г – 

сол рефлекстердің түбір асты орталықтары; І, І' – афференттік нейрондар, 2, 

2' – аралық нейрондар, 3, 3' – эфференттік нейрондар, 4, 5, 4 , 5 – афференттік 

нейрондардың синапстық байланысы, б – кері байланысты қамтамасыз ететін 

аралық  нейрон  мен  табиғи  (бейтарап)  тітіркендіргішті  қабылдайтын 

афференттік  нейрон  арасындағы  синапс.  І–ІІ  –  тура  жəнс  кері  шартты 

байланыстар. 

 

Шартты  жəне  шартсыз  тітіркендіргіштер  қабаттаса  əсер  еткен  кезде 



жүйке орталықтарының айналасындағы пресинапстық мембрана ұштары мен 

нейроглиялық торшалар мембранасында ұзаққа созылған үйексіздену жүреді. 

Глиялық  торшалардың  негізгі  қызметі  -  миелиндену  процесін  қамтамасыз 

ету.  Бұл  процесті  үйексіздену  жандандыра  түседі.  Нейрон  өсіндісінің 

пресинапстық  аймағы  глиялық  торша  өсінділерінде  тұйықталады  да, 

үйексіздену  нəтижесінде  миелинмен  қапталып,  қозуды  өткізуге  қолайлы 

жағдай  туындайды.  Синапсқа  жеткен  қозу  импульсі  көп  мөлшерде 

медиатордың  бөлінуін  қамтамасыз  етеді  де,  постсинапстық  мембрананың 

үйексіздену деңгейі жоғары шегіне жетеді. Бұл қозудың синапс арқылы өтуін 

қамтамасыз  етеді.  Ал  пайда  болған  миелин  қабығының  қабаттары 

қалыңдаған сайын бұл байланыс нығая түседі (231-сурет). 

Уақытша  байланыстың  қалыптасу  механизміне  П.К.Анохин  басқаша 

түсініктеме берген. Оның пікірінше шартты жəне шартсыз тітіркендіргіштер 



 

600


қабаттаса əсер еткен кезде рибонуклеин қышқылы молекуласының орналасу 

тəртібі  өзгеріп,  РНК  қодының  өзгеруімен  байланысты  аксоплазмада  белгілі 

жүйке  импульстеріне  сезімтал  ерекше  белок  молекулалары  пайда  болады. 

Осы  молекулалар  қозған  екі  орталық  арасындағы  байланыстың 

«сақтаушысың қызметін атқарады. 

 

231-сурет. Уақытша байланыстың  

пайда болу схемасы: 

А – потенциалдық синапс;  

Б – уақытша байланыстың  

пайда болуы; 1– жүйке ұшының  

пресинапстық бөлігі, 2 – синапс  

саңлауы; 3– олигодендроцит,   

4

 

–  миелин  қабығы,  5–  



медиатор. 

 

 



 

 

 



Қалыптасқан  уақытша  байланыстың  өткізгіштік  қасиетін  сақтауда 

импульстердің  қыртыста  сақиналы  сипатта  айналуының  да  маңызы  зор. 

Мəселен,  ми  қыртысының  бесінші  қабатындағы  пирамидалық  торшалардың 

төменгі  аксонынан  тараған  бүйір  тармақтар  қыртыстың  беткей  қабаттарына 

көтеріліп,  екінші  жəне  үшінші  қабаттың  аралық  нейрондарында  аяқталады. 

Осы  жолдармен  пирамидалық  торшалардан  тараған  импульстер  аралық 

пирамидалық  торшаларға  кері  оралып,  оларды  қайта  қоздырады. 

Тұйықталған бүйір тармақтарға импульстер қозу күші тым жоғарылап кеткен 

жағдайда  немесе  осы  жолды  құрайтын  элементтердің  қозғыштығы  артқан 

кезде  ғана  таралатын  болу  керек.  Бұл  жағдай  шартты  жəне  шартсыз 

тітіркендіргіштер əсерлері қатарласып, импульстердің екі ағыны қабаттасқан 

кезде байқалады. Өз кезегінде  импульстердің тұйықталған сақиналы жүйеде 

айналуы  уақытша  байланыс  қалыптасқан  нейрондар  синапстарында  жоғары 

қозғыштық қасиетті сақтауға мүмкіндік береді.  





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   440   441   442   443   444   445   446   447   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет