20.8. Ми қыртысындағы тежелу процесі жəне оның
түрлері
Ми қыртысының қалыпты қызметі қозу жəне тежелу процестерінің өзара
əсері нəтижесінде қалыптасады. Қозу процесі шартты рефлекстің
қалыптасуын қамтамасыз етсе, тежелу процесі - оны өшіріп отырады. Тежелу
процесі рефлекторлық реакцияларды ретке келтіріп, жетілдіріп отыруға
жағдай тудырады.
Ми қыртысында тежелудің шартсыз жəне шартты түрлері кездеседі.
Шартсыз тежелу орталық жүйке жүйесінің кез келген бөлімінде байқалады,
ол бүкіл жүйке жүйесіне тəн құбылыс. Шартсыз тежелу шапшаң пайда
болады да, онша ұзаққа созылмайды. Тежелудің бұл түрі сыртқы тежелу
жəне шектеу болып бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |