Жануар физол


Шартты  немесе ішкі тежелу



Pdf көрінісі
бет449/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   445   446   447   448   449   450   451   452   ...   504
Байланысты:
Zhanuarlar-fiziologiyasy Nesipbaeb

Шартты

 немесе ішкі тежелу  ми қыртысына ғана  тəн құбылыс.  Ол  ми 

қыртысының шартты рефлекторлық қызметімен байланысты. 



 

604


Шартты  тежелу  біртіндеп  қалыптасады  да,  ұзақ  мерзімге  сақталады.  Ол 

шартты-бейтарап  тітіркендіргішті  шартсыз  тітіркендіргішпен  демемей, 

нығайтпай  қойған  кезде  пайда  болады.  Демелмеген  тітіркендіргіш  алдында 

өзі қозу процесін тудырған жүйке торшаларында тежелу процесін өршітеді. 

Демек,  шартты  тітіркендіргішпен  байланысты  орталық  басқа  орталықтың 

əсерімен емес, өзінде жүретін процестердің салдарынан тежеледі, сондықтан 

да, оны ішкі тежелу деп атайды. 

Шартты  (ішкі)  тежелу  өшу,  жіктеу  (дифференциялану),  бөгеу,  шартты 

тежеу болып бөлінеді. 

Өшу  -  шартты  тітіркендіргішті  шартсыз  тітіркендіргішпен  демемей, 

бекітпей  қоюдың  нəтижесінде  туындайды.  Егер  шартты  тітіркендіргішті 

жиі-жиі  қайталап,  оны  шартсыз  тітіркендіргішпен  бекітпей  қойса,  шартты 

рефлекс  күші  бірте-бірте  əлсіреп,  соңынан  ол  тиылып,  өшіп  қалады.  Бұл 

жағдайда  шартты  сигнал  əсерімен  шартты  рефлекс  орталығында  қозу 

процесі  емес,  тежелу  процесі  туындайды.  Рефлекстің  өшу  жылдамдығы 

оның  беріктігіне  байланысты.  Ерте  қалыптасқан,  жақсы  нықталған 

рефлекстер жаңа пайда болған рефлекстерге қарағанда баяу өшеді. 

Егер рефлекс өшкеннен кейін шартты тітіркендіргіш əсерін біраз уақытқа 

доғарсақ,  онда  шартты  рефлекс  қайтадан  қалпына  келеді.  Аз  мерзімдік 

үзілістен кейін шартты сигнал шартсыз тітіркендіргішпен демелмей-ақ жауап 

реакциясын  тудырады.  Демек,  өшу  кезінде  шартты  рефлексті  қамтамасыз 

ететін  механизм  жойылмайды,  тек  ішкі  тежелу  салдарынан  ол  уақытша 

əрекеттен шығарылады. 



Жіктеу  -  бір-біріне  ұқсас  екі  шартты  тітіркендіргіштердің  бірін  бекіту, 

бірін  бекітпеу  нəтижесінде  қалыптасады.  Мысалы,  итте  метрономның 

минутына  100  рет  жиілікпен  соғуына  шартты  сілекей  бөлу  рефлексі 

қалыптасқан  дейік.  Осыдан  кейін  метрономды  минутына  96  рет  соғатын 

жылдамдыққа  қойып,  оны  шартсыз  тітіркендіргішпен  (тамақпен) 

ұштастырмай  қою  керек.  Алғашқы  кезде  ұқсас  екі  тітіркендіргіш  те  жауап 

реакциясын  тудырады.  Бірақ  бірнеше  рет  қайталаудан  кейін  екінші 

тітіркендіргіш  (96  соққы)  жауап  реакциясын  тудырмайды,  ол  шартты 

тежегіш  тітіркендіргішке  айналады.  Оның  əсерімен  ми  қыртысында  тежелу 

процесі туындайды. 



Бөгеу.  Егер  шартты  сигнал  əсерінің  басталу  мерзімі  мен  оны  шартсыз 

тітіркендіргішпен  ұштастыру  уақыты  алшақтау  болса  (2–3  минут),  онда 

шартты  рефлекстің  басталуы  дəл  осындай  мерзімге  бөгеледі.  Бұл  жағдайда 

шартты  тітіркендіргіш  əсері  екі  сатыға  -  əрекетсіз  жəне  əрекетті,  бөлінеді. 

Бастапқы  əрекетсіз  сатыда  шартты  сигналдың  əсерімен  шартты  рефлекс 

орталығында тежелу процесі туындайды да, жауап реакция бөгеледі. Осыдан 

кейін  бірінші  саты  аяқталып,  тежелу  тиылады  да,  қозу  басталады,  əрекет 

атқарылады. 




 

605


Шартты тежеу. Егер шартты рефлекс тудыратын тітіркендіргішке тағы 

бір  бөгде  тітіркендіргіш  қосып,  оны  шартсыз  тітіркендіргішпен 

ұштастырмаса,  онда  бұл  қосарланған  тітіркендіргіш  əрекет  тудырмайды, 

тежелудің  туындауына  себепкер  болады.  Мысалы,  метроном  дыбысын 

шартсыз тітіркендіргішпен ұштастырады. Ал метроном мен қоңырау тіркесін 

шартсыз  тітіркендіргішпен  ұштастырмайды.  Алғашқы  бұл  тіркес 

метрономды  жеке  қолданғандағыдай  рефлекс  тудырады.  Бұл  генерализация 

(жайылу) құбылысымен байланысты.  

Тəжірибиені  əрі  қарай  жалғастыра  берсе,  онда  метроном  мен  қоңырау 

тіркесі өзінің оң сигналдық мəнін жоғарылатады, рефлексті тежейді, ал жеке 

қолданылған  метроном  -  шартты  рефлексті  тудыра  береді.  Демек,  жануар 

шартты  тітіркендіргіш  əсерін  демелмейтін  тітіркендіргіштер  тіркесінен 

ажырата  алатын  болады.  Қалыптасу  механизмі  жағынан  шартты  тежеу 

жіктеуге  ұқсас.  Бұл  жағдайда  бір-біріне  біршама  ұқсас  тітіркендіргештер 

жіктеледі. 

Шартты  тежеу  қосалқы  тітіркендіргіш  пен  оң  əсерлі  шартты 

тітіркендіргіш  мерзім  жағынан  қабаттаса  əсер  еткен  жағдайда  ғана 

туындайды.  Егер  қосымша  тітіркендіргіш  əсері  оң  шартты  тітіркендіргіш 

əсерінен  аз  ғана  уақыт  (10  сек)  бұрын  тиылса,  онда  екінші  реттік  шартты 

рефлекс қалыптасады. 

Қорыта  келгенде  ішкі  тежелу  шартты  рефлекс  доғасы  орталықтарының 

арасындағы  байланыстың  жойылуының  салдарынан  пайда  болады.  Демек, 

ішкі  тежелудің негізгі биологиялық  маңызы оның  ми  қыртысын  тіршіліктік 

маңызын  жоғалтқан  шартты  рефлекторлық  байланыстардан  тазартуында. 

Ішкі  тежелу  арқылы  организм  көптеген  маңызсыз  шартты  рефлекторлық 

реакциялардан  арылады.  Шартты  рефлекстердің  тежелуі  нəтижесінде 

организм  сыртқы  орта  жағдайларына  дəлірек  бейімделеді,  үлкен  ми  жарты 

шарларында  талдау  жəне  жинақтау  процестері  дəл  жəне  нақтылы 

атқарылады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   445   446   447   448   449   450   451   452   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет