Жануар физол


 Қан плазмасы мен зəрдің салыстырмалы құрамы



Pdf көрінісі
бет236/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   504
Байланысты:
Zhanuarlar-fiziologiyasy Nesipbaeb

 

31. Қан плазмасы мен зəрдің салыстырмалы құрамы 

 

Салыстырылатын заттар 



 

 

 Плазма 



 

 

Зəр (%) 



Заттардың 

зəрдегі 


концентра 

циясының 

еселеп 

өсуі 


III 


 

323


Су 

Белоктар, майлар, басқа 

коллоидтар  

Декстроза  

Несепнəр  

Несеп қышқылы 

Натрий  

Калий  


Аммиак  

Кальций  

Магний  

Хлор  


Фосфаттар  

Күкірт  


Креатинин  

90-93 


 

7  -9 


0,1 

0,03 


0,002 

0,32 


0,02 

0,001 


0,008 

0,0025 


0,370 

0,009 


0,002 

0,001 


95 

 



2,0 


0,05 

0,35 


0,15 

0,04 


0,0015                 

0.0060 


0,60 

0,27 


0,18 

0,10 




60 

25 


40 





         2 

30 


90 

100 


   

Бүйрек  түтікшелерінің  белсенді  əрекетін  қан  плазмасы  мен  зəр 

құрамындағы  сульфаттардың  мөлшерін  салыстыра  отырып  анықтауға 

болады.  Таблицада  көрсетілгендей  плазмада  сульфаттар  0,002  пайыз 

мөлшерінде кездеседі де, зəр құрамында ол 18 пайызға, немесе 90 есе өседі 

(0,18:0,002  =  90).  Егер  плазмадан  алғашқы  зəр  құрамына  өткен 

сульфаттардың кері сорылмайтынын ескерсек, онда 1 л зəр пайда болу үшін 

90 л алғашқы зəр түзілу керектігін есептеп шығару қиын емес. 

Алғашқы  зəр  құрамындағы  заттар  шығару  табалдырығы  жоғары  жəне 

шығару  табалдырығы  төмен  заттар  болып  екі  топқа  бөлінеді.  Бірінші 

топқа  алғашқы  зəрден  қанға  кері  сорылатын  қосылыстар  (қант,  хлоридтер, 

фосфаттар, калий, кальций, натрий, несеп қықылы) жатады. Бұл заттар нағыз 

зəрде  тек  қандағы  концентрациясы  шектен  тыс  жоғарылағанда  ғана 

байқалады.  Мысалы,  қоректік  гипергликемия,  диабет  ауруы  зəрде  қанттың 

пайда болуына соқтырады. Бүйрек түтікшелерінен қанға қайта сорылмайтын 

заттар  шығару  табалдырығы  төмен  заттар  деп  аталады.  Оларға 

сульфаттар, креатинин, несепнəр жатады. Бұл заттар организмнен толығымен 

нағыз зəр құрамында шығарылады. 

Зат алмасу өнімдерін (несепнəр, несеп қышқылы, индикан, уробилин т.б.) 

бөлумен қатар, бүйректе синтетикалық процестер де жүреді. Мысалы, гиппур 

қышқылы  қанда  жоқ,  ол  бүйрек  ұлпасында  түзіліп,  зəр  құрамына  енеді.  Зəр 

құрамындағы  аммиактың,  креатининнің  де  көп  мөлшері  бүйректің  өзінде 

түзіледі.  Демек,  зəр  түзу  процесі  тек  қана  сүзу  жəне  кері  сору  негізінде 

жүрмейді,  ол  бүйрек  торшаларының  белсенді  əрекетінің  нəтижесінде 

атқарылады.  Секрециялық  қызметтің  арқасында  бүйрек  арқылы  организмге 

енген  дəрі-дəрмектер  шығады.  Белсенді  секреция  нəтижесінде  түтікше 




 

324


маңындағы  капиллярлардағы  қаннан  нашар  немесе  тіпті  сүзілмейтін  заттар 

шығарылады. 

Бүйректің 

экскрециялау 

қызметін 

«клиренсң 

(тазарту) 

деген 


түсінікпен  сипаттайды.  Бүйрек  клиренсін  бір  минут  ішінде  белгілі 

бір  заттар  тазарған плазма  мөлшерімен  (мл)  анықтайды.  Клиренсті  анықтау 

үшін  белгіленген  заттың  зəр  мен  плазма  құрамындағы  мөлшерін  жəне 

минуттық 

диурезді 

(түзілген 

 

 

зəрді) 



біліп, 

 

 



мына 

формуламен  есептейді:  С  =  Vv:Р,  мұнда,  С  -  клиренс  (мл/мин); 

V-заттың  зəрдегі  мөлшері; 

V

-минуттық  диурез  (мл);  Р  -  заттың  плазмадағы 



мөлшері. 

Бүйректе  төмендегі  биологиялық  белсенді  заттар  да  түзіледі.                                                                     

    1.  Ренин  гормоны,  оның  секрециясы  бүйрек  артериясындағы  қан  қысымы 

төмендесе,  қандағы  натрий  иондарының  мөлшері  азайса  күшейеді.  Бұл  зат 

қан тамырлары арнасын тарылтып, қан қысымын жоғарылатады. 

2.  Эритрогенин,  ол  плазмадағы  эритропоэтиногенді  эритропоэтинге 

айналдырады. 

3. Кининогенин, ол нефрон түтікшелерінің дистальдық бөлігіндегі қалың 

дақ аймағында түзіліп, кининогенді кининге айналдырады. 

4.  Медуллин  (простагландин  А





),  бүйректің  бозғылт  қабатында  түзіліп, 

бүйректегі қан айналымды жақсартады, қанның бүйректегі қыртыстық жəне 

бозғылт  заттардың  арасында  таралуын  реттейді,  натрий  иондарының 

бөлінуін  арттырып,  ангиотонзин  ІІ-нің  тамыр  тарылтар  əсерін  төмендетеді, 

тамырларды кеңейтеді (антигипертензивтік əсер етеді). 

5.  Урокиназа  -  плазминоген  əрекетін  жандандырады        (фибринолиздік 

фактор). 

6.  Д



3

  дəрмендəрісі  -  бүйрек  түтікшелерінде  кальций  мен  анорганикалық 

фосфордың реабсорбциясын реттейді. Оның бүйректе түзілетін туындылары 

кальцийдің ішектен сорылуын жақсартып, сүйектің қатаюына ықпал етеді.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет