365
қалады. Бозғылт заттың сақталуы малды өлімнен құтқармайды. Демек,
бүйрекүсті бездердің қыртысты қабатының тіршіліктік маңызы зор.
Бездің қыртысты бөлігі аймақтарының да физиологиялық маңызы əрқилы.
Шумақты
аймақта
минералкортикоидтар,
шоғырлы
аймақта
-
глюкокортикоидтар, торлы аймақта -андрокортикоидтар түзіледі.
Бүйрек үсті бездердің қыртысты қабатынан 40-тан астам заттар бөлінген.
Олардың
тек
бесеуі
ғана
(дегидрокортикостерон,
кортикостерон,
альдостерон, кортизон, гидрокортизон) биологиялық белсенділігімен
ерекшеленеді. Аталған биологиялық белсенді заттардың үшеуі ғана -
альдостерон, кортикостерон жəне гидрокортизон, нағыз гормондар, ал
басқа қосылыстар осы гормондардың алмасу өнімдері болып табылады.
Бездің қыртысты қабатында түзілген гормондар үш топқа бөлінеді.
1) минералокортикоидтар - альдостерон, дезоксикортикостерон,
2)глюкокортикоидтар - гидрокортизон, кортизон, кортикостерон,
3) андрокортикоидтар - андрогендер (андростендион, андростерон),
эстрогендер (эстрон) жəне прогестерон.
Минералкортикоидтар организмде минералды заттардың алмасуын, ең
алдымен қан құрамындағы натрий мен калий деңгейін реттейді. Альдостерон
организмде натрийдің, хлоридтердің, судың жиналуына ықпал етіп, денеден
зəр
арқылы
калий
мен
фосфордың
бөлінуін
күшейтеді.
Минералкортикоидтар тапшылығы салдарынан организм натрийді, суды,
хлоридтерді көп бөледі де, ішкі ортаның қасиеттері өзгеріп, тіршілік
жағдайлары бұзылады, мал өліп қалады.
Минералкортикоидтардың бөліну қарқыны денедегі натрий мен калий
мөлшеріне байланысты өзгеріп отырады. Қан құрамында натрий мөлшері
жоғарыласа, минералокортикоидтардың бөлінуі баяулап, ал төмендесе -
үдеп, күшейеді. Калий керісінше əсер етеді. Ұлпалық сұйық пен қан
плазмасының
мөлшері
көбейсе,
минералкортикоидтардың
бөлінуі
баяулайды. Ескерте кетер жайт, натрий мен калий бүйрек үсті бездерге
тікелей əсер етпейді, олар без қызметін гипоталамус арқылы өзгертеді.
Достарыңызбен бөлісу: