11.11. Бүйрек үсті бездер
Бүйрек үсті бездер жануарларда бүйректің алдыңғы жағында орналасқан
жұп орган. Олардың жалпы массасы жылқы мен ірі қарада 25–40 г, шошқада
6–8 г, қой мен ешкіде 3–5 г, тауықта 200–400 мг.
Əр без сырт жағынан дəнекер ұлпалы фиброздық қабықпен қапталған
жəне сыртқы - қыртысты қабат, ішкі - бозғылт затқа бөлінген (132-сурет).
Эмбриогенезде (ұрықтық даму кезеңінде) қыртысты қабат мезодермадан
(ұрықтың аралық немесе ортаңғы қабығынан) дамиды да, интерральдық
ұлпадан құралады. Бозғылт зат эктодермадан (ұрықтың сыртқы қабығынан)
дамып, хромаффиндік ұлпадан тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |