579
жалпылама ядроларының афференттік таламус-қыртыстық талшықтары да
тарамдала жайылады.
Екінші - сыртқы дəнді қабат, майда жұлдызша торшалардың жиынтығы
болып табылады. Бұл қабаттың вентральдық бөлігінде ұсақ пирамидалық
торшалар да орналасады.
Үшінші - сыртқы пирамидалық торшалар қабаты, орташа мөлшерлі
пирамидалық торшалардан құралған. Екінші жəне үшінші қабат торшаларын
өсінділері қыртыс-қыртыстық жалғама жолдар құрайтын нейрондар
біріктіреді.
Төртінші - ішкі дəнді қабат, көптеген түйіршіктер түзетін жұлдызша
торшалардан құралады. Ми қыртысының бұл қабатында таламустың арнаулы
ядроларынан
басталатын
таламус-қыртыстық
жолдың
афференттік
талшықтары аяқталады.
Бесінші - ішкі пирамидалық торшалар қабаты, ірі пирамидалық
торшалардан құралған. Ең ірі пирамидалық нейрондар үлкен жарты шарлар
қыртысының қозғағыш аймағында орналасады да, олардың аксоны қыртыс-
жұлындық (пирамидалық) жəне қыртыс-сопақша ми жолдарын құрайды да,
мақсатты қимыл мен дененің қалпын сақтау реакцияларының үйлесімдігін
реттейді.
Ең соңғы алтыншы қабат үлкен жарты шарлардың ақ затымен тікелей
жанасатын жəне солармен араласып кететін əртекті (полиморфты) немесе
шүйкелі (ұршық тəрізді) торшалардан құралады. Бұл қабат нейрондарының
өсінділерінен қыртыс-таламус жолы түзіледі.
Жоғарыда баяндалған алты қабаттық құрылым жаңа қыртысқа
(неокортекске) тəн (224-сурет). Сонымен қатар ми жабынында құрылысы
қарапайым,
торша
қабаттары
анық
байқалмай,
қыртыс
асты
құрылымдарымен тұтасып жататын аймақ та бар. Мидың бұл бөлігін
ежелгі
қыртыс (архикортекс) деп атайды. Функционалдық тұрғыда бұл сезімтал
Достарыңызбен бөлісу: