Демек, денеде қанның қозғалысын қамтамасыз ететін негізгі фактор - қан
99
бірімен) жəне сыртқы (қанның тамыр қабырғасымен) үйкеліс күшін жеңуге
жұмсалады. Егер сол қарынша мен оң жүрекшені жалғастыратын қан
тамырларының диаметрі осы жолдың ұзына бойына бірдей болса, қан
қысымы бірте-бірте төмендеген болар еді. Оны пейзометрмен тəжірибе
жасап көрсетуге болады (28-сурет). Диаметрі өзгермейтін құбырға тік
түтікшелерді тізбектей жалғастырса, қысым көзінен алшақтаған сайын
олардағы қысым деңгейі біртіндеп төмендейтінін байқаймыз (сұйық
деңгейіне көңіл аударыңыз). Ал осы аспаптағы тік түтікшелерді диаметрі əр
түрлі құбырлармен жалғастырғанда, тізбектегі құбыр тарылған жерлерде
қысымның күрт төмендемейтінін байқауға болады. Қан айналым жүйесінде
кедергі артериолалар мен капиллярларда өте жоғары, сондықтан тамырдың
бұл бөлімдерінде қысым көбірек төмендейді. Қан тамырлары жүйесіндегі
жалпы қысымды 100 пайыз деп есептесек, оның шамамен 20 пайызы
артериялар, 10 пайызы - веналар, ал қалған 70 пайызы артериолалар мен
капиллярлар бөлімінің үлесіне тиеді.
28-сурет.
Əр түрлі
диаметрлі түтікшелермен аққан
сұйық қысымының өзгеруі:
А – түтіктің ұшы
тарылғанда қысымның
күрт төмендеуі;
Б – түтік диаметріне
байланысты қысымның
өзгеруі; а, в, с, d, е – түтіктің
əр бөлігіндегі қысым деңгейі
Достарыңызбен бөлісу: