Жануар физол



Pdf көрінісі
бет78/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   504
Байланысты:
Zhanuarlar-fiziologiyasy Nesipbaeb

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

30-сурет. Микроайналымдық арна 

 

 Транскапиллярлық алмасу, немесе қан мен ұлпалық сұйық арасындағы зат 



алмасу,  негізінен  капиллярлар  торабында  жүреді.  Капиллярлар  қабырғасы 

жұқа  дəнекер  ұлпалы  мембранада  орналасқан  бір  қабат  эндотелийлік 

торшадан  құралған.  Денедегі  капиллярлардың  жалпы  саны  жүздеген 

 



 

103


миллион,  сондықтан  жеке  капиллярлар  ұзындығы 0,3-0,7 мм,  диаметрі  5-20 

мкм болғанымен, олардың жалпы ұзындығы жүз мың километрге жетеді. Бұл 

мөлшер жер экваторының ұзындығынан 2,5 есе көп. 

Түрлі  органдарда  капиллярлардың  пішіні,  мөлшері  жəне  саны  əр  қалай 

болады.  Зат  алмасу  процесі  күштірек  жүретін  органдарда  олардың  саны 

көбірек. Мысалы, қаңқа етімен салыстырғанда жүрек етінің 1 мм

2

 көлденең 



қиындысында  капиллярлар  саны  5-6  есе  көп  болады.  Ұсақ  жануарлар 

денесінде  капиллярлар  ірі  жануарлармен  салыстырғанда  тығызырақ 

орналасады.  Тыныштық  жағдаймен  салыстырғанда  дене  жұмысы  кезінде 

ашық капиллярлар саны 25-30 рет артады. 

Капиллярлар  торабында  қанның  жылжуы  прекапиллярлық  қысқыштың 

қызметіне  байланысты.  Егер  олар  ашық  болса,  онда  қан  метартериолалар 

арқылы  нағыз  капиллярларға  өтеді.  Ал  олар  жабылған  жағдайда  қан  төте 

жолмен  капиллярларға  соқпай  венулаларға  ығысады.  Венулаларға  қан  төте 

тамырлар (артерия–веналық анастомоздар) арқылы да өте алады. 

Капиллярлар  қабырғасындағы  жасушалардан  су,  тұздар,  майда 

молекулалы  органикалық  заттар  өтеді  де,  белоктар  жəне  басқа  ірі 

молекулалы  заттар  өте  алмайды.  Капиллярлардың  артериялық  бөлігінде 

сүзілу  (фильтрация)  процесі  жүріп,  молекулалар  қаннан  ұлпа  аралық 

кеңістікке  шығады,  ал  капиллярлардың  веналық  ұшында  олардың  қан 

тамырларына кері өтуіне жағдай туғызылған. Бұл процесс капиллярлар мен 

ұлпалардағы  онкостық  жəне  гидростатикалық  қысымдардың  айырмасына 

байланысты  жүреді.  Гидростатикалық  қысым  сұйықты  қаннан  ұлпаларға 

ығыстырса, онкостық қысым - оны тамырлар жүйесінде ұстауға бағытталған. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет