Жануар физол



Pdf көрінісі
бет71/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   504
Байланысты:
Zhanuarlar-fiziologiyasy Nesipbaeb

 3.  Жүректен  тыс  (экстракардиалық)  реттеу  тетіктері  жүйке  мен 

гуморальды заттар əсеріне негіделген. 



Жүрек жұмысының жүйкемен реттелуі. Жүрек қызметін сопақша мида 

орналасқан  арнаулы  орталық  симпатикалық  жəне  кезеген  жүйкелер  арқылы 

реттейді.  Барлық  вегетативтік  жүйкелер  сияқты,  жүрек  қызметін  реттейтін 

симпатикалық жəне кезеген жүйкелер екі нейроннан тұрады. Симпатикалық 

жүйкенің  бірінші  нейроны  жұлынның  көкірек  бөлігінің  алдыңғы  бес 

сегменттерінің  бүйір  мүйіздерінде  орналасады  да,  оның  өсінділері  жұлдыз 

тəрізді  симпатикалық  түйінге  келіп  аяқталады.  Бұл  түйіндегі  екінші  нейрон 

өсінділері жүректің ет талшықтарына жетіп тарамданады. Оң симпатикалық 

жүйке - Ашофф-Тавар түйінін жүйкелендіреді. Қарынша еттеріне жүйке екі 

жақтан да таралады, Кис - Фляк жəне Ашофф - Тавар түйіндерінде аяқталған 

жүйке талшықтары жүрек жұмысының ырғағын, ал қарыншаларда аяқталған 

жүйке талшықтары – жүрек еттерінің жиырылу күшін реттейді. 

Кезеген  жүйкенің  бірінші  нейроны  сопақша  мида  орналасады.  Оның 

түйінге дейінгі ұзын (преганглийлік) өсінділері жүректегі жүйке түйіндеріне 

келіп  аяқталады.  Жүрек  түйіндерінде  орналасқан  екінші  нейрондар 

өсінділері  оң  жақтан  Кис-Фляк,  ал  сол  жақтан  Ашофф-Тавар  түйіндерінде 

аяқталады.  Қарынша  еттеріне  кезеген жүйке  жетпейді. Оң  кезеген  жүйке 

жүрек  жұмысының  ырғағын,  ал  сол  кезеген  жүйке  Ашофф-Тавар  түйінінің 

өткізгіштігін реттейді. 

Кезеген  жүйкенің  жүрекке  əсерін  алғаш  рет  неміс  ғалымдары  ағайынды 

Веберлер  зерттеген.  Иттер  мен  қояндарға  жүргізілген  тəжірибелердің 

негізінде  олар  кезеген  жүйкеге күшті  тітіркендіргішпен  əсер  еткенде жүрек 

жұмысының  тоқтап  қалатынын,  ал  əлсіз  тітіркендіргіштің  əсерінен  жүрек 

ырғағының  баяулайтынын  дəлелдеді.  Демек,  кезеген  жүйке  жүрек  

жұмысына   теріс əсер етіп, оның қызметін баяулатады (27- сурет). 

 



 

96

 



 

27 -сурет. Жүрек қызметіне кезеген (А) жəне симпатикалық (Б) жүйкенің 

əсері: 1кардиограмма; 2- жүйкелерді тітіркендірген мезгіл 

 

Неміс  ғалымы  Энгельманның  жіктеуіне  сəйкес  кезеген  жүйке  жүрекке 



бес  түрлі  əсер  етеді.  Оны  тітіркендіргенде  жүрек  жұмысының  ырғағы 

баяулайды (теріс хронотропты əсер – “хронос” - латын тілінде уақыт деген 

мағына береді),

 

жүрек еттерінің жиырылу күші əлсірейді (теріс инотропты 



əсер, “инос” - талшық деген мағына береді), қозғыштығы төмендейді (теріс 

батмотропты  əсер,  “батмос”  -  табалдырық  деген  мағына  береді),  өткізу 

жылдамдығы  баяулайды  (теріс  дромотропты  əсер,  “дромос”  -  жол  деген 

мағына береді), теріс тонотропты əсер – жүрек етінің тонусы төмендейді. 

Кезеген  жүйкенің  əсерінен  жүрек  етінің  рефрактерлік  кезеңі  қысқарып, 

мембраналық  потенциал  өседі,  гиперүйектену  процесі  байқалады.  Кезеген 

жүйкені  ұзақ  тітіркендірсе,  жүрек  оның  ықпалынан  шығып  кетеді  де, 

жұмысын  жиілетеді.  Оң  кезеген  жүйке  көбіне  Кис-Фляк  түйініне,  ал  сол 

жүйке - Ашофф-Тавар түйініне əсер етеді. 

Жүрекке  симпатикалық  жүйкенің  əсерін  орыс  ғалымы  Цион  (1865), 

кейінірек  И.П.Павлов  (1887)  айқындаған.  Симпатикалық  жүйке  жүрекке  оң 

əсер етеді. Қозу толқыны жүрекке симпатикалық жүйке арқылы тараса, онда 

жүрек  жұмысының  ырғағы  жиілейді,  жүрек  етінің  жиырылу  күші  артады, 

қозғыштығы  жоғарылайды,  өткізгіштігі  шапшаңдайды,  тонусы  артады. 

Демек, симпатикалық жүйке де жүрекке бес түрлі əсер етеді. Айта кетер жай, 

əрбір  əсер  арнаулы  жүйке  талшықтарының  əрекетінен  туындайды,  аталған 

барлық əсерлерді қамтамасыз ететін əмбебап талшық болмайды. 

И.П.Павлов зерттеулеріне сəйкес жоғарыда аталған əрбір əсерді реттейтін 

арнаулы  жүйке  талшықтары  болады.  Ғалым  симпатикалық  жүйкенің  бір 




 

97

талшығын  тітіркендіре  отырып,  оның  жүрек  ырғағын  өзгертпей,  тек  қана 



жүрек етінің жиырылу күшін арттыратынын байқаған. Кейінірек дəл осындай 

тек  қана  жүректің  жиырылу  күшін  əлсірететін  талшықтың  кезеген  жүйке 

құрамында болатыны да анықталды. Жүректің жиырылу күшіне ғана ықпал 

етіп,  басқа  көрсеткіштерін  өзгертпейтін  осындай  жүйке  талшықтарын  И.П. 

Павлов  трофикалық  (нəрлендіргіш)  жүйкелер  деп  атады.  Оның  пікірінше 

мұндай жүйкелер органдардағы зат алмасу процесін реттейді. 

Жүрек  жұмысын  реттейтін  жүйкелердің  орталықтары  əлсіз  қозу 

жағдайында  (тонуста)  болады.  Кезеген  жүйкелерді  қиып  тастаса  жүрек 

қағысы жиілейді, ал симпатикалық жүйкелерді қиғаннан соң ол айтарлықтай 

сирей 


қоймайды. 

Демек, 


парасимпатикалық 

жүйкелердің 

тонусы 

симпатикалық  жүйке  тонустарынан  басымырақ.  Қалыпты  жағдайда 

парасимпатикалық  жəне  симпатикалық  жүйке  орталықтарының  арасында 

үйлесімді  байланыс  қалыптасқан.  Олардың  біреуінің  қозуы  күшейсе, 

екіншісінің  қозуы  -  бəсеңдейді.  Егер  кезеген  жүйкенің  тонусы  ұзақ  уақыт 

күшейсе,  жүрек  қағысы  сирейді.  Бұл  құбылысты  брадикардия  деп  атайды. 

Кезеген  жүйкенің  тонусы  əлсіресе  –  жүрек  лүпілдейді  (қағыс  жиілейді), 

немесе тахикардия байқалады. 

Кезеген жүйкелердің тонусы туа байқалмайды. Жаңа туған  төлдерде ол 

сезілмейді  де,  тек  қаңқа      еттері  қызметтерінің  дамуына  байланысты 

қалыптасады.  Демек,  жүйке  тонусының  қалыптасуында  еттерде  орналасқан 

əр  түрлі  сезімтал  жүйке  ұштарынан  келетін  қозу  толқындарының  маңызы 

зор. 

Жүрек  жұмысы  рефлекс  түрінде  де  реттеледі.  Мысалы,  қан 



тамырларындағы  сезімтал  жүйке  ұштары  қан  қысымының  ауытқуларынан 

тітіркеніп, тек тамырлар тонусына əсер етіп қана қоймай, жүрек ырғағын да 

өзгертеді. Қан қысымы жоғарыласа, жүрек ырғағы баяулайды, ал төмендесе - 

жиілейді.  Ішкі  органдар  рецепторларын  күшті  тітіркендірсе  (мысалы, 

ішектегі  сезімтал  жүйке  ұштарын),  онда  жүрек  жұмысы  тежеледі.  Бұл 

құбылысты Гольтц рефлексі деп атайды. 

Жүрек қызметі дене жұмысының, тіршілік ортасы температурасының, əр 

түрлі  эмоциялардың  т.б.  əсерінен  де  өзгереді.  Бұл  өзгерістердің  барлығы 

орталық жүйке жүйесінің қатысуымен рефлекс жолымен жүреді. 

Жүрек  қызметін  реттеуде  сопақша  ми  орталықтарымен  қатар 

гипоталамус,  лимбика  жүйесі,  ми  қыртысындағы  орталықтар  да 

қатысады.  Жүрек  жұмысына  шартты  рефлекстің  қалыптасуы  оны 

реттеуге  үлкен  ми  жарты  шарларының  қатысатынының  айғағы.  Жарыс 

алдында  бəйгі  аттарының  жүрек  жұмысының  жиілеуі  шартты  рефлекстің 

белгісі. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет