115
Брадикинин өкпе ұлпаларынан, алқым жəне ұйқы бездерінен бөлініп
алынған полипептид. Ол артериолалардың бірыңғай салалы еттерін
босаңсытып, артерия қысымын төмендетеді.
Ацетилхолин парасимпатикалық жүйке ұштарында түзілетін холин мен
сірке қышқылының күрделі эфирі. Оның əсерінен артериолалар кеңейіп, қан
қысымы төмендейді (45-сурет). Қан тамырлары аденозинүшфосфор
қышқылы мен оның ыдырау өнімдерінің, көмір қышқыл газының, сүт
қышқылының əсерінен де кеңейеді.
Достарыңызбен бөлісу: