Жануар физол


V  –  толқыны  -  веналарда  қанның  іркіліп, олардың қабырғасының керілуімен байланысты пайда болады. Кейбір  көзқарастарға  сəйкес  с



Pdf көрінісі
бет85/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   504
Байланысты:
Zhanuarlar-fiziologiyasy Nesipbaeb

V 

–  толқыны  -  веналарда  қанның 

іркіліп, олардың қабырғасының керілуімен байланысты пайда болады. Кейбір 

көзқарастарға  сəйкес  с  –  толқыны  ойыс  венаға  жақын  орналасқан  күре 

тамырдың соғуына байланысты. 

5.15.  Тамырлар арнасының реттелуі 

Дененің  түрлі  бөліктеріне  қан  бірдей  мөлшерде  тарамайды. 

Физиологиялық күйіне байланысты бір орган қанмен молырақ, ал екіншісі – 

азырақ  қамтамасыз  етіледі.  Дененің  əрбір  ағзасы  қанмен  толық  қамтамасыз 

етілген  жағдайда  ғана  қалыпты  жұмыс  атқара  алады.  Ағзаның  қызметі 

күшейсе,  оның  қанмен  жабдықталу  деңгейі  артады.  Салмағына  шаққанда 

қанмен  ең  мықты  жабдықталатын  ағза  –  бүйрек.  Одан  кейінгі  орындарды 

бауыр,  жүрек,  ми,  ішкі  секреция  бездері  алады.  Жүректің  систолалық 

көлемінің 80 пайызға жуығы бауыр, бүйрек, ет жəне мидың үлесіне тиеді.  

Үлкен  қан  айналым  шеңберінен  өтетін  қанның  мөлшері  жүректің 

минуттық  сиымдылығына  (көлеміне)  жəне  шеткі  кедергіге  байланысты 

өзгеріп  отырады.  Шеткі  кедергі  деңгейі  қан  тамырларының  тонусына  қарай 

қалыптасады: тамырдың тонусы жоғарыласа, оның арнасы тарылып, кедергі 

көбейеді, ал тонус төмендесе - арна кеңіп, кедергі азаяды. Өз кезегінде тамыр 

тонусы арнаулы жүйкелердің əсерімен өзгереді. 

Қан  тамырларына  жүйкелердің  əсері  жайлы  алғашқы  мағлұматтарды 

орыс  ғалымы  А.П.Вальтер  (1842)  жинақтаған.  Ол  симпатикалық  жүйкелері 

қиылып  тасталған  бақаның  сирағындағы  тамырлардың  кеңитінін  байқаған. 

Осыдан  бірнеше  жыл  өткен  соң  К.Бернар  (1851)  мойындағы  симпатикалық 

жүйкесі  қиылған  қоян  құлағы  тамырларының  кеңейетінін  дəлелдеді.  Оң 

жақтағы  симпатикалық  жүйке  қиылға,  тек  оң  кұлақтың  ғана  тамырлары 

кеңіп,  сол  құлақтың  тамырлары  өзгермеген  (43-сурет).  Қиылған 

âåí-ä-¹û 

ºûñûì 


т

¼ìåíäåï, 

îë-ðäû» 

º-áûð¹-ë-ðû 

ñîë-äû.  Á½ë  º½áûëûñтû  âåíа 

ñî¹óû

,  íåìåñå  âåíа  ïóëüñi  äåéäi. 

Âåí- ïóëüñi тåê æ¾ðåêêå æ-ºûí 

îðí-ë-ñº-í 

iði 

âåí-ë-ðä- 



¹-í- á-éº-ë-äû.  

Âåí-íû»  ñî¹óûí  -ðí-óëû 

-ñï-ï- ôëåáîãðаôïåí çåðттåï,

 



 

113


симпатикалық  жүйкенің  шеткей  ұшын  тітіркендіргенде,  қан  тамырлары 

тарылып, құлақтың температурасы төмендеген. Демек, симпатикалық жүйке 

талшықтары  қан  тамырларын  тарылтатын  жүйкелерге,  немесе 

вазоконстриктерлерге жатады.  

Қан 


тамырларының 

арнасын 


кеңейтетін 

жүйкелер 

негізінен 

парасимпатикалық  жүйкелерге  жатады.  Оларды  вазодилятаторлар    деп 

атайды.  Дененің  парасимпатикалық  жүйкемен  жүйкеленбейтін  бөліктерінде 

(мысалы, қаңқа еттерінде) қан тамырлары ұштарынан ацетилхолин бөлінетін 

жүйке талшықтарының əсерімен кеңиді. Осы себепті қан тамырлары арнасын 

өзгертетін жүйкелерді адренэргиялық жəне холинэргиялық деп те бөледі. 

 

 

Кейбір  деректерге  қарағанда  тамыр  арнасы  тек  вазоконстриктердің 



тонусына  байланысты  өзгереді.  Қазіргі  кезде  тамырларда 

αααα


  -  жəне 

ββββ


  - 

адренорецепторлар болатыны анықталды. Адреналин мен норадреналин 

αααα


 – 

рецепторларға əсер етсе, тамыр арнасы тарылады, ал 

ββββ

 - рецепторларға əсер 



етсе – кеңиді. 

Қан  тамырларын  тарылтатын  жүйкелерді  қиып  тастағанда  тамырлар 

арнасы  кеңиді.  Бұл  осы  жүйкенің  əлсіз  тонус  жағдайында  болып,  тамыр 

қабырғасының  еттерін  сəл  ширықтырып  отыратынының  айғағы.  Ал 

тамырларды  кеңітетін  жүйкелердің  тонусы  тұрақты  болмайды,  сондықтан 

оларды  қиып  тастағаннан  кейін  тамырлар  тарылмайды.  Демек, 

вазодилятаторлар тек қажет болған жағдайда ғана іске қосылады. 

Қан  тамырларының  арнасы  орталық  жүйке  жүйесінен  келетін  қозу 

толқындарының  əсерімен  өзгереді.  В.Ф.Овсянников  қан  тамырларының 

арнасын  реттейтін  орталықтың  (тамыр  қозғағыш  немесе  вазомоторлық 



орталықтың)  сопақша  мидың  ІV  -  қарыншасының  түбінде  орналасатынын 

дəлелдеген (1871). Орталық əлсіз тонус жағдайында болады. Ол прессорлық 

жəне 

депрессорлық 

бөлімдерден 

тұрады. 


Прессорлық 

бөлімді 


тітіркендіргенде  артериялар  тарылып,  қан  қысымы  жоғарылайды. 

Депрессорлық бөлім қозғанда - тамырлар кеңейіп, қан қысымы төмендейді. 

Қан  тамырлары  арнасын  реттейтін  екінші  дəрежелі  орталық  жұлынның 

кеуде  бөлігінде  орналасқан.  Сол  себепті  сопақша  мидан  жұлынды  бөліп 

тастап, организм тіршілігін жасанды тыныспен сақтап тұрса, ұзақ уақыт қан 

қысымы  бір  деңгейде  сақталады.  Ми  бағанасын  сопақша  мидан  жоғарырақ 



43-ñóðåт. Ìîéûíä-¹û ñèìï-тèê-ëûº 

æ¾éêåñi êåñiëãåí (2) ºîÿí º½ë-¹ûíû» 

т

-ìûðûíä-¹û ¼çãåðiñтåð. 1- ñ-󠺽ë-º. 




 

114


қиса, бірнеше сағат аралығында қан айналымы бұзылып, тіршілік тоқтайды. 

Демек,  сопақша  мида  орналасқан  орталыққа  орталық  жүйке  жүйесінің 

жоғарғы бөлімдері əсер етіп, оның қызметін бағыттап отырады.  

Қан  айналымын  реттеуде  үлкен  ми  жарты  шарлары  да  маңызды  рөл 

атқарады.  Ми  қыртысындағы  орталықтар  қан  айналым  жүйесі  қызметінің 

сыртқы  орта  жағдайларына  қарай  өзгеруін  қамтамасыз  етеді.  Түбір  асты 

түйіндерді тітіркендіргенде де қан қысымы айтарлықтай өзгереді. 

 

Қан  тамырларының  арнасы  қан  құрамындағы  түрлі  химиялық  заттар 



əсерінен  де  өзгереді.  Бұл  тұрғыда  гормондардың  маңызы  зор.  Адреналин, 

вазопрессин гормондары тамырларды тарылтып, қан қысымын көтереді (44-

сурет). Ми мен жүрек тамырлары адреналиннің əсерімен кеңиді. Бүйрек үсті 

безінің қыртыс бөлігінің  гормондары  тамыр  тонусын жоғарылатады.  Бездің 

қыртыс  бөлігін  сылып  тастаған  соң  20-40  сағаттан  кейін  дененің  барлық 

капиллярлары кеңейіп, қан қысымы төмендеп кетеді. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет