5.16. Қан айналымының рефлекспен реттелуі
Қан қысымының салыстырмалы тұрақтылығы орталық жүйке жүйесінің
жүрек пен қан тамырлары арнасын реттейтін орталықтарының əсерімен
сақталады. Бұл орталықтардың физиологиялық күйі қан тамырларының
кейбір аймақтары мен дененің əртүрлі бөліктеріндегі сезімтал жүйке
ұштарынан келетін жүйке импульстерінің табиғатына қарай өзгеріп
отырады.
Қан тамырларының сезімтал жүйке ұштары жинақталған аймақтарын
рефлексогендік аймақтар (зоналар) деп атайды. Қазіргі кезде үш аймақтың -
қолқа, күре тамыр (синокаротид) жəне Бейнбридж, қызметі толық зерттелген.
Қолқаның рецепторлы аймағы депрессор жүйкенің сезімтал ұштарынан
құрылған. Бұл аймақты 1866 жылы И.Ф.Цион мен К. Людвиг ашқан. Аталған
жүйкені тітіркендіргенде қан қысымы төмендейді, сол себептен оны
депрессор деп атаған.
Қолқа доғасында қан қысымы жоғарыласа, тамыр қабырғасы керіліп,
барорецепторлар тітіркенеді де, қозу импульсі депрессор жүйкесі арқылы
сопақша мида орналасқан жүрек пен қан тамырларының қызметтерін
реттейтін орталықтарға бағытталады. Орталықтан қозу толқыны кезеген
жүйке арқылы жүрекке жəне вазодилятаторлар арқылы қан тамырларына
жіберіледі. Осыдан, жүрек жұмысы баяулап, қан тамырлары кеңиді де, қан
қысымы төмендеп, қалпына келеді.
Неміс ғалымы Э.Геринг 1923 жылы күре тамыр қойнауында (синуста,
тамырдың сыртқы жəне ішкі тармақтарға бөлініп, кеңіген жерінде) тағы бір
рефлексогендік аймақ болатынын дəлелдеді. Бұл аймақ күре тамыр (аrtеrіа
саrоtіs) аймағы деп аталады. Ол тіл–жұтқыншақ жүйкесінің тармағы
-
Геринг жүйкесінің сезімтал ұштарынан түзілген. Геринг жүйкесінің
физиологиялық маңызы белгия ғалымы Гейманс тəжрибелерінде
зерттелген
(46-сурет). Суретте бейнеленгендей, тамырларды буу арқылы ол бірінші
иттің күре тамыр аймағын жалпы қан айналымынан бөліп алып, екінші иттің
қан айналу жүйесіне қосқан. Осыдан кейін ІІ-иттің қан қысымын
жоғарылатқанда І-иттің күре тамыр аймағының керілуінің салдарынан оның
жүрегінің жұмысы баяулап, тамырлары кеңейіп, қан қысымы төмендеген. Ал
ІІ- иттің қан қысымын төмендеткенде, І- итте, керісінше, жүрек жұмысы
116
жиілеп, қан тамырлары тарылып, қысым жоғарылаған. Кейбір
тəжірибелерінде Гейманс І- иттің бүйрек үсті венасын үшінші иттің ойыс
венасымен жалғастыра отырып, күре тамыр аймағында қысым төмендеген
жағдайда адреналин гормонының бөлінуі күшейіп, үшінші иттің қан
қысымы жоғарылайтынын дəлелдеген. Демек, қан қысымын реттеуде
рефлекстік əсерлермен қатар гуморальдық факторлар да маңызды рөл
атқарады. Осы зерттеулері үшін Геймансқа Новель сыйлығы берілген.
Сонымен, қолқа мен күре тамыр аймақтарының барорецепторлары қан
қысымының жоғарылауына байланысты тітіркенсе, жүрек жұмысы баяулап,
қан тамырлары кеңиді де, қан қысымы төмендейді. Ал тамырдағы қысым
қалыптан төмендеп кетсе, барорецепторларға əсер азайып, жүрек жұмысы
жиілейді, тамырлар тарылады да, қысым қалыпты деңгейге көтеріледі.
Қан айналымын реттеуде қуыс веналар сағасында орналасқан сезімтал
жүйке ұштарының – Бейнбридж аймағының, да маңызы зор. Егер жүрекке
қан көбірек оралса, жүрекшелер мен қуыс веналар керіліп, олардың
қабырғасында орналасқан барорецепторлар тітіркенеді де, рефлекс түрінде
жүрек жұмысы жиілеп, қан тезірек артерияларға қуылады.
Қолқа мен күре тамыр қойнауында барорецепторлармен қатар қан
құрамының
өзгерістерін
сезінетін
сезімтал
жүйке
ұштары
–
Достарыңызбен бөлісу: |