Жануарлар дүниесінің табиғаттағы маңызы. Тіршілік ету сипаты. Жануарлардың табиғаттағы маңызы. Тіршілік ортасына қарай жануарлардың табиғаттағы маңызы ерекше. 1) Топырақта тіршілік ететін жәндіктермен жануарлар оның құрамын өзгертіп, құнарлығын арттырады.
2) Жер бетіндегі өсімдіктер қалдықтарын азық үшін ініне тасиды. (кейбір кемірушілер).
3) Қорегін іздеп топырақты қопарыстырады. Құстар мен басқа хайуандар да.
4) Өсімдіктердің тұқымын таратады, бунақденелер, баларалар, көбелектер.
5) Өсімдіктерді тозаңдыруға қатысады.
6) Табиғатта тазалықты сақтауда да жануарлардың үлесі мол, әртүрлі органикалық қалдықтар мен жануарлардың өлексесін жеп, түскен жапырақтарды қорегіне жаратып, шірінділердің сақталмауына жағдай жасайды.
7) Жануарлардың табиғаттағы тепе – теңдікті сақтауда да маңызы зор: табиғатта көбейіп бара жатқан түрлерді жояды (күші мығым жануарлар әлсіздерін жейді).
Жануарлар дүниесіне шолу. Жануарлар туралы жалпы ұғым. Зоология ғылымы. Жануарларды жер шарының кез келген түпкірінен кездестіруге болады. Олар тірі ағзалардың барлығымен қарым – қатынаста тіршілік етеді. Қазіргі кезде дүниежүзінде жануарлардың 2 млн астам түрі бар деп есептеледі, яғни жануарлар түрінің саны өсімдіктер түрінен 3 есе көп. Тек Қазақстанда 30 мыңнан астам бунақденелердің тіршілік етуі жануарлар дүниесінің сан алуандығына нақтылы дәлел бола алады.
Жануарлар мен өсімдіктердің ұқсастығы мен айырмашылығы неде? Сырттай қарағанда, жануарлар мен өсімдіктерді туыстас, ортақ тектен таралған деп есептеу мүмкін емес тәрізді. Ал шындығына келетін болсақ жануарлар да, өсімдіктер де біріне – бірі ұқсас күрделі органикалық заттардан, жасушалардан құралған тірі ағзалар болып табылады. Жануарлар да өсімдіктер тәрізді көбейеді, қоректенеді, тыныс алады. Сондай – ақ жануарлардың тұқым қуалаушылық, өзгергіштік, тітіркену қасиеттері де өсімдіктерге ұқсас. Мұндай белгілер жануарлар мен өсімдіктердің туыстас екенін, ортақ тектен таралғанын дәлелдейді.
Дегенмен, жануарлар мен өсімдіктерде айырмашылықтар бар. Бұл әсіресе олардың қоректену тәсілінен айқын байқалады. Жасыл өсімдіктер қоректену кезінде биоорганикалық заттардан органикалық заттар түзеді. Ал жануарлар болса, дайын органикалық заттармен яғни өсімдіктермен немесе басқа жануарлармен қоректенеді. Сондай – ақ жануарлардың жүйке жүйесі, сезу, зәр шығару және т.б. мүшелері жақсы жетілген. Жануарлар (кейбір түрлерінен басқасы) арнаулы мүшесі арқылы қозғалады.
Сөйтіп, мындай тұжырым жасауға болады: өсімдіктер мен жануарлар тірі ағзалардың өзара ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар, бірі мен бірі тығыз байланысты екі тобы, олар – табиғаттың біртұтас құрамдас бөлігі.