Жануарларды жіктеу. Жануарлар әлеміне қамқорлық. Жануарларды жүйелеуге талпыныс. Адамдар ежелден – ақ жануарлар әлемінің сан алуандығын, ескеріп оларды белгілі бір жүйеге келтіруге, әрбір түрін жеке атауға мәжбүр болды. Біздің заманымызға дейінгі IV – V ғасырлар ежелгі грек ғалымдары, атап айтқанда Гепократ сол кезде белгілі жануарларды топтастырып, біреулерін құрлықта, суда енді біреулерін ауада тіршілік ететінін жанауарлар деп жіктеді. Ал грецияның ұлы ойшылы Арестотель жануарларды аңдар, құстар, балықтар, киттер және бунақ денелер деп жіктеді. Кейініректе ботаниктер мен зоологтар өсімдіктер мен жануарларды сыртқы белгілеріне қарап жіктеуді ұсынды. Жанауарларды жіктеудің кеңінен швед ғалымы Карл Линки қалады. Ол 4200 жануарды сипаттап 6 класқа топтастырды. Линки жануарларды туыстық белгісіне қарай біріктіруді ұсынып, қосарланған атауды енгізді. Мұнда қосарланған сөздердің алдыңғысы жеке жануар және өсімдіктің өзіне тән атауын, екіншісі туыстық атауын білдіретін болды.
Жанауарларды жіктеу. Жер бетіндегі барлық жануарлардыжәне өліп біткен жануарларды белгілі бір ретке келтіру жүйелеу деп аталады. Ал әлемдегі жануарларды бірінен бірі толық ажырайтын құрылысы, тіршілік ету ерекшеліктері, белгілі орында мекендеуі және басқа белгілері бойынша топтастыру жіктеу деп аталады. Өліп біткен және жер бетіндегібарлық жануарлар жіктеу кезінде жануарлар дүниесіне топтастырылады.. жануарлар дүниесінің екі тармағы бар: бір жасушалы жәндіктер (қарапайымдар) және көпжасушалы жануарлар. Жануарларды жіктеудің қысқаша сызба нұсқасы мынадай: - жануарлар дүниесі – жануар дүниесінің тармағы – тип – класс – отряд – тұқымдас – туыс – түр. Жіктеудегі ең үлкен топ жануарлар дүниесі, ал ең негізгі және кіші топ – түр. Жануарларды бұлай жіктеу көптеген зерттеулер арқылы ғылыми деректерге байланысты белгілі жүйеге келтіріледі. Жүздеген жануарлар түрі болғанына қарамастан оларды барлығына жеке – жеке атау беріліп, түрлер бірінен – бірі толық ажыратылатын дәрежеге жетті.