Жануарлар экологиясы


 Популяцияның күрамы және кұрылымы



Pdf көрінісі
бет71/112
Дата15.11.2023
өлшемі12,6 Mb.
#122838
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   112
Байланысты:
жануарлар экологиясы

8.3 Популяцияның күрамы және кұрылымы
Әрбір популяция, жоғарыда айтылғандай, өзіне тән құрамы 
және құрылымы арқылы сол түрдің басқа популяцияларынан 
ерекшеленеді. Құрамы мен құрылымының кейбір силаты немесе 
сипаттайтын көрсеткіштері уақыт жэне кеңістік бойынша өзгеріп 
отырады. 
Популяцияның 
жағдайын 
сипаттайтын 
сандық 
көрсеткіштерді тұрақты жэне өзгермелі деп беледі.
Тұрақты көрееткіштер 
популяцияның дер кезіндегі (дәл сол 
кездегі) жағдайы туралы мэлімет береді. Тұрақты көрсеткіштерге 
популяцияның дарақтарының саны, тығыздығы және жастық, 
кеңістіктік, мінездік құрылымның көрсеткіштері жатады.
Популяцияның саны деп сол популяциядағы дарақтардың санын 
атайды. Популяцияның саны уақыт, мезгіл барысында айтарлықтай 
өзгеріп отырды. Өйткені популяциядағы дарақтар кей мезгілде туып 
көбейеді, кейде өліп шығынданады, ауып көшіп басқа популяцияға 
барып қосылады немесе басқа популяциядан дарақтар келіп косылады 
т.б. Популяцияның санының аз немесе көп болуы біріншіден, сол 
түрдің 
биотикалық 
әлеуетіне 
(потенциалына), 
екіншіден, 
популяцияның мекеніндегі популяцияға қажетті табиғи корлардың 
мөлшеріне байланысты. Популяцияның тіршілігіне қажетті табиғи 
қордың барлық түрі 
біркелкі жеткілікті 
болмайтындықтан 
популяцияның саны әрдайым шексіэ өсе алмайды. Мысалы орманда 
көкшымшыктың саны үя салуға қолайлы жердің санынан артылып 
кете алмайды. Жыртқыштың саны жемтік болатын жануардың 
санынан артыла алмайды.
Популяцияның тыгыздыгы 
деп кеңістіктің 
бір өлшемідік 
ауданына немесе көлеміне шакқандағы тиесілі дарақтар санын 
айтамыз. Жер бетінде тіршілік ететін жануарлардың тығыздығы 
кеңістіктің бір өлшемдік ауданының үлесіне тиетін дарақтар саны 
бойынша, ал топырақ жэне су жануарлары бір өлшемдік көлемге 
тиесілі 
саны 
бойьшша 
есептеледі. 
Популяцияны 
құрайтын 
даракгардың дене мөлшеріне сэйкес популяцияның тығыздығы 
төмендегідей 
өлшеммен 
анықталады: 
микрофауна 
тобының 
жануарлары 
1
шаршы см (немесе 
1
куб см), мезофауна тобына 
жататын омыртқасыз жануарлар -
1
шаршы метр 
(= 
1
куб.м.), ұсақ 
кеміргіштер — 
1
шаршы км, ірі жыртқыштар мен тұяқты жануарлар — 
100 шаршы км. Популяцияның тығыздығы 
популяцияның көбею 
қабілетін, ортаның абиоталық жэне биоталық факторларының
118


колайлылық деңгейін, популяцияның саны онын мекендеген табиги 
ортасының экд)Логиялық сыиымдылыгына сәйкеспігін 
бақылап 
бағалауга қажепп негізгі көрсеткіштердің бірі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   112




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет