Жануарлар экологиясы



Pdf көрінісі
бет2/15
Дата03.03.2017
өлшемі12,6 Mb.
#7024
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

белсенді, енжар  жэне қолайсыз жағдайдан жалтарыну деген үш түрі 
бар:
Белсенді  жолы:  қандай  бір  фактордың  эсеріне  агза  өзінің 
қарсылығын  жоғарылату,  фактордың  қалыпты  жағдайдан  ауытқуына 
қарамастан  ағзаның  тіршілігіне  қажетті  барлық  қызметті  қалыпты 
жағдайда  сақтау  үшін  реттеу  жүйелерінің  қызметін  күшейту  т.б. 
белсенді  эрекеттер  арқылы  жүзеге  асады.  Мысалы,  сыртқы  орта 
шамадан  тыс  суытқан  кезде  немесе  шамадан  тыс  ыстық  кезде 
сүтқоректілер  мен  қүстар  денесінің  температурасын  өзгертпей, 
тұракты  мөлшерде  сақтау  арқылы  жасушаларында  жүрілетін 
биохимиялық  реакциялардың бірқалыптылығына жэрдемдеседі.
Енжар  бейімделу  —  жануарлар  өзінің  тіршілік  іс-әрекетгерін 
ортаның  факторларының  өзгерісіне  бағьшдыру  арқылы  бейжай  түрде 
икемделу  жолы.  Мысалы,  тіршілікке  қолайсыз  жағдайда  жэндіктер 
анабиоз  (жасырын  тіршілік)  күйғе  түсіп  денесінде  жүрілетін  зат 
алмасу  үрдісін  барынша  төмендетуі  арқылы  (жэндіктер  мен 
омыртқалы  жануарлардың  қысқы  үзақ  үйқыға  кетуі)  қолайсыз 
жағдайды бейжай түрғыда өткізуі.
Қолайсыз  әсерлерден  жалтарыну  -   жануарлардың  мінезінде 
жэне  тіршілік  айналымының  кезеңдерінде  қолайсыз  жағдайлардан 
қашқақтау  эдеттерінің  пайда  болуы  арқылы  қоршаған  ортаның 
қолайсыз  факторларына  кездеспеуге  бейімделуі.  Мысалы,  жылдың 
әртүрлі  мезгілдерінде  жануарлар  қоныс  аударып  колайсыз  мекеннен 
қолайлы  мекенғе  көшуі.  Мүндай  мекен  ауыстырып  көшу  жануарлар 
арасында  өте  жиі  кездеседі.  Жылдың  суық  мерзімінде  қүстар  жылы 
жаққа  қайтып  көктемде  қайта  келуі,  жэне  жануарлардың  басым 
көпшілігінің  балалап  көбею  уақыты  жылдың  жылы  мерзіміне  сэйкес 
болуы,  кейбір жәндіктер қатерлі  жағдайды  сезінген  кезде өлі  заттарға
3 Қоршаған ортаның жагдайына жануарлардың бейімделуі
12

ұқсап  қимылсыз,  козғалыссыз  (танатоза)  күйге  түсуі  барлығы  да 
қолайсыз факторларға ұшырамау мүмкіндігін тудыратын экологиялық 
бейімдел> шілікті көрсетеді.
Бейімделу уш түрлі жолмен жүзеге асады:
-  Морфологиялық бейімделу -жануарлардың дене құрылысы  мен 
пішінінде әртүрлі өзгерістер жүрілу арқылы ортаның жағдайына 
бейімделуі.  Мысал  ретінде  салқын  беддеуде  тіршілік  ететін 
құстар  мен  сүтқоректілердің  жүні  мен  түбіті  қыс  мезгілі 
жақындағанда  қалыңдап,  көктемде  күн  жылынысымен  түлеп, 
сирейтінін еске түсіріңіз.
-  Физиологиялық  бейімделу  -ағзада  атісарылатын  іс-қызметтер 
жүйесіне  өзгерістер  жүрілуінің  негізінде  бейімделеді.  Мысалы 
шамадан  тыс  ыстық  кезде  жануарлар  демігіп,  тыныс  алуын 
жиілету  аркылы  салқындайды,  немесе  терлеп,  ағзаның  ішкі 
мүшелерінде  жиналған  ыстықты  буландырып  сыртқа  шығаруы 
арқылы ыстық ортаға бейімделуі.
-  Этологиялық  (мінез-қылықтык)  бейімделу.  Шолде,  ыстық 
аймақтарда  тіршілік  ететін  көптеген  жануарлар  күндіз  інде 
(немесе  басқадай  салқын,  көлеңке  жерлерде)  тыгылып  жатып, 
түнде  белсенді  тіршілік  етеді.  Сондай-ақ  қысқы  ұзак  ұйқыға 
кету,  мезгілге  байланысты  корегі  мол,  жьыы  мекенге  көшу  т.б. 
мінездік  құбылыстар  арқылы  жануарлар  фактордың  мезгілдік, 
тәуліктік өзгерісіне бейімделеді.
3.1 Темперепгура факторыныц жануарларға әсері 
Жануарларға ең қажетті фактордың бірі -жылулық.
Ағзалардың 
темп ературасы 
оларды 
қоршаған 
органың 
темперетурасына 
байланысты 
болады. 
Өйткені 
ағзалардың 
тіршілігінің 
негізін 
калайтын 
зат 
алмасу 
реакцияларының 
жылдамдыгы  мен  бағыты  сыртқы  ортаның  температурасына 
байланысты  өзгеріп  отырады.  Ағзаның  тіршілігінің  барлық  іс-әрекеті 
температураға  тәуелді  жүріледі.  Жер  шарының  суық  белдеуінде 
тіршілік ететін жануарлар кысқы мезгіл басталарда ұзақ ұйқыға кетуі, 
күздің  аяғына  карай  сүтқоректілер  мен  құстардың  жүні  мен 
қауырсынының 
қалыңдауы,  құстардың  жылы  жақка  қайтуы, 
кеміргіштер  қыстық  азық  қорын  жинап,  інінің  аузын  бітеуі,  міне 
осының бәрі қыстың қытымыр суығынан қорғану үшін жасалады. Жаз 
басталасымен жануарлар түлеп, жұмырткалап, төлдей бастауы -жылы 
мезгіл басталганының белгісі.
Тірі  ағзалардың  көбі  0-55°С  температураның  аральнъінда 
тіршілік  ете  алады.  0°С-тан  төмен  немесе  55°С-тан  жоғары
13

температурада  жасуша  цитоплазмасывдагы  белоктар  (акуыздар) 
ұйып,  белоктың  құрылысы  бұзылатывдыкган  ағзалар  тіршілік  ету 
мүмкіндігінен  айрылады.  Агзаның  денесінде  су  азайган  сайын 
температураньщ 
қалыпты 
жагдайдан 
ауыткуына 
тезімділігі 
жогарылайды.  Өсімдіктің  тұқымы,  кейбір  жэндіктердің  споралары 
және  бактериялар  120-140°С  ыстыққа  жэне  -190-273°С  суыққа  төзе 
алады. Кейбір жайбасарлар (ТаЫі^гасІа) мен кішкентай жұмыркұрттар 
150°С  ыстыққа  да,  -270°С  суыққа  да  біраз  уақыт  төзетіні  тәжірибе 
арқылы  анықталган.  Кейбір  жұмырқұрттар  да  81°С  кайнар  бұлақта, 
кейбір түрлі шыбынның дернәсілі 69°С ыстық арасында, ал ұлулар 47- 
50°С  ыстық  бұлақтарда тұрақты  тіршігіік  етіп  дамып  жетіле  алатыны 
белгіленген. 
Жануар 
зерттеуші 
австриялық 
галым 
Швейгер 
Турцияның  Анатолия  аймагындагы  41-42°С-қа  жететін,  күкіртті 
ыстық  арасанда  еркін  жүзіп,  бейғам  тіршілік  ететін  балыктың  түрін 
алғаш тауьш анықтаған болатын.
Жер  шарының  ең  суық  өлкелерінде  тіршілік  ететін  өте  суық 
температуралык факторға төзуге бейімделген жануарлар да кездеседі. 
Айталық,  Антарктика  құрлыгывда  дерлік  тіршілік  жоқ:  мұнда 
тіршілік  етуге  жылылык  жетіспейді,  топырақ  түзілмеген(түзілуіне 
мүмкіндік  жоқ),  құрлықтың  беті  жаппай  мэңгі  мұзбен  қапталған. 
Мұнда жылдың көпшілік мезгілінде -80°С, немесе одан да суық болып 
тұратынына  қарасмастан  мұз  баспаган  кішкентай  ғана  жалаңаш 
жерлерівде  ондаған  түрлі  омыртқасыз  жануарлар  мен  төменгі 
сатыдагы қарапайым осімдіктер кездеседі.
Енжар  тіршілік  сатысына  ауысқан  жануарлардың  денесінде 
судьщ 
мөлшері 
азаятындықтан 
температураньщ 
ысып, 
суьш 
ауытқуына  олардың  төзімділігі  артады.  Мысалы,  колорадо  қоңызы 
жазғы  енжар  тіршілігі  кезінде  58-60°С  ыстыққа  бірнеше  сагат 
бойывда  төзе  алады.  Қысқы  ұзақ  ұйқыға  кетіп  енжар  тіршілік 
сатысына  енген  шатырқанат  көбелектің  жұлдызкұртын  (дернэсілін)
бір  тэулік  бойында  -78°С  суықгыққа  ұстағавда  ол  тастай  болып 
сіресіп  қатса  дагы  қайтадан  жылы  жерге  әкеліп  қойғанда  «тіріліп» 
тіршілігін жалғастыра бастаған.
Температура 
факторын 
қалай 
қабылдауына 
байланысты 
жануарларды термофильдер яғни жылусүйгіштер жэне криофильдер 
яғни  суықсүйгіштер  деген  екі  топқа  бөледі.  Жылусүйгіш  жануарлар 
сыртқы  ортаның  температурасыяың  төмен  болуын  қалайды,  ал 
термофильдер жылылыкгы талғап тіршілік етеді.
Жануарлар жылу энергиясын біріншіден, сыртқы ортадан алады 
(күн  энергиясы,  жердің  ішкі  жылулыгы).  Сонымен  қатар  зат  алмасу 
реакцияларынан бөлініп шыққан ішкі энергияны пайдаланады.
14

Денесіндегі  жылу  тсвдестігін  (баланс)  сақгауга  сыртган  алатын 
және  ағзаның  өзінің  ішкі  реакцияларының  нэтижесінде  өндіретін 
энергия  көзінің  кайсысы  басым  болуына  баиланысты  жануарлар  екі 
тоика бөлінеці: экзотерми^шы  (пойкилотермиялы) жэне эндотермиялы 
(гомойотермиялы).

Экзотермиялы  (немесе  пойкилотермиялы)  ягни  салкын  қанды 
жануарлар (грекше «экзос» — сырт, «пойкчлос» - өзгермелі, ауыспалы). 
Салқын  канды  жануарлардың денесінің температурасы  тұракгы  емес, 
сыртқы  ортаның  температурасының  өзгеруіне  байланысты  өзгермелі 
болады.
Құстар  мен  сүтқоректілерден  баска  барлык  жануарлар  салқын 
қандылар  (пойкилотермиялы)  тобына  жатады.  Салқын  қанды 
жануарлардың  жылу  алмасуьгаың  негізгі  ерекшілігі  —  оларда  зат 
алмасу  үрдісі  қаркынсыз  болатындықтан  денесінен  бөлінетін  ішкі 
энергияның  мөлшері  аз,  сондықтан  жылу  энергиясының  басым 
көпшілігін  сырткы  ортадан  (күн  энергиясы  жэне  жердің  қызуынан 
бөлінген 
энергия) 
алады. 
Салкын 
қандьшардың 
денесінің 
температу расы  сыртқы  ортаның  температурасына  тікелей  тәуедді 
болуы  міне  осыған  байланысты.  Бірақ  та  олардың  денесінің 
температурасы  сыртқы  органың  температурасымен  дэл  бірдей  емес, 
азды-көпті  мөлшерде  өзгеше  болады.  Суық  кезде  олардың  денесінің 
температурасы 
қоршаған 
ортаішң 
температурасынан 
жоғары, 
ыстыкта ортаның температурасынан  төмен  болады.  Көбелек,  түктіара
тэрізді  жэндіктердің  денесінщ  температурасы  олар  ұшпаи  тыныш 
отьфған  кезде  сыртқы  ортаның  10°С-тық  температурасьшан  0,4°С-
0,8°С  қана  жоғары  (10,4°С-10,8°С)  болған.  Ал  олар  жылдам  ұшып 
белсенді  қозғалған  кезде  денесінің  температурасы  36-40°С-қа  дейін 
жетіп,  ортаның  температурасынан  (10°С)  элдеқайда  артьшатыны 
дэлелденген.  Салқын  канды  жануарлардың  зат  алмасу  үрдісі  қанша 
баяу,  қарқынсыз  жүрілсе  де  одан  азды-көпті  эндогендік  (іштен 
өндірілетін)  энергия  бөлініп  шығады.  Осы  энергияның  нәтижесінде 
денесінің  температурасы  ортаның  температурасынан  жоғары  болады. 
Ал  денесінің  температурасы  сырткы  ортаның  температурасьшан 
төмен болуы -  ішкі секреция бездерінен бөлінген гормондардың әсері 
денесін салқындатып реттеуіне байланысты.

Эндотермиялы  (немесе  гомойотермиялы)  яғни  жылы  қанды 
жануарларға  сыртқы  ортаның  температурасына  тэуелсіз,  денесінің 
ішкі  температурасын  тұракты  сакгайтын  жануарлар  жатады  (грекше 
«эндос»  -  ішкі,  «гомойос»  -  ұқсас,  бірдей  деген  ұғымды  білдіреді). 
Бұлар -  қүстар мен сүтқоректілер.
15

Гомойотермді 
жануарларда 
зат 
алмасу 
қаркыііды
жүрілетіндіктен,  оның  нәтижесінде  бөлінетін  энергия да  мол  болады.
Бұл  энергия  тек  ішкі  кызметтерді  ғана  атқаруға  емес,  денесінің
температурасын тұрақты деңгейде сақтап тұруға да жұмсалады. Және
денесінің  жылуын  сыртқы  ортаға  таратпай  ұстап  тұруына  олардың
жуні  мен  іүбіті,  қауырсыны  үлкен  рөл  аткарады.  Жүні  мен
қауырсыны  сыртқы  ортаның  суығы  мен  ыстығын  денесінің  ішкі
мүшелеріне  өткізбеуге  де  көмегін  тигізеді. 
С о н д ы қ тан  
ортаның
температурасы өзгерсе де гомойотермді жануарлардың темгіературасы
өзгермей,  түрақгы  деңгейде  сақгалады.  Олардьщ  денесіндегі  жылу
теңдестігін  сақтауға  өзіндегі  зат  алмасу  үрдісінен  өндірілген  жьшу
негізгі  рөл  атқарады,  сыртқы  ортаның  денесін  қыздыратын  жылу
елеулі  үлес  қоспайды.  Сондықтан  да  гомойотермді  жануарларды
эндотермді  немесе денесі  іштен  жьшынатын  (ішкі  жылу  көзі  арқылы
денесінің  температурасын  реттейтін)  жануарлар  деген  кабат  атаумен 
атайды.  • 

1  _  >
Гомойотермді  (эндотермді)  жануарлар  өз  денесінен  бөлініп
шыққан  жылумен  қамтамасыз  етілумен  қатар,  жылуды  қанша
мөлшерде  өндіріп,  қанша  мөлшерде  жұмсауды  кез-кезінде  дәлме-дәл
реттеуте  қабілетп.  Сондықтан  да  олардың  температурасының
тұрақгьшығы  өзгермейді.  Эндотермділіктің  нәтижесінде  жануарлар
сыртқы  ортаның  температурасына  тәуелді  болмай,  еркін  тіршілік
етуіне  айтарлықтай  жол  ашылатындықтан  эндотермділік  қасиетінің 
жануарлар үшін маңызы зор.
Осындай  реттеуінің  нәтижесінде  эндотермді  жануарлардың 
денесінің  температурасы  жоғары  мөлшерде  болады  және  тұрақты 
сақталады.  Қалыпты  жағдайда  құстардың  ішкі  температурасы 
шамамен  41°С  деңгейінде.  Құстардын  жеміне  және  жеген  жемінің 
сапасына  байланысты  38-43,5°С  аралығында  ауытқиды.  Сүтқоректі 
жануарлардың  дене  температурасы  құстардан  төменірек  (36-37°С) 
жэне эртүрлі  топтың  сүрқоректі  жануарларының дене температурасы 
бірдей 
емес: 
біртесіктілердің 
(Мопоігеташ) 
тік 
ішегінің 
температурасы  30-33°С  (ішкі  температураны  эдетте  тік  ішектің 
температурасын  өлшеу  арқылы  зерттейді),  қалталылардың  ішкі
темперагурасы  -  34°С,  кеміргіштерде  —  35-39,5°С,  тұяқтьшар  мен 
жыртқыштарда -  35,2 - 39°С.
Гомойотермді  сүтқоректілердің  кейбіреуі  жылдың  қолайсыз 
мезгіліңде  қысқы  ұзақ  ұйқыга  кетеді.  Қысқы  ұзақ  ұйқы  кезінде 
олардың  денесінің  температурасы  төмендейтіні  анықталған  (суыр, 
саршұнақ,  кіргіі,  жарғанат,  құстардан  —  ұзынқанат  қарлығаш). 
Осылайша  денесінің 
температурасының 
тұракты 
жоғарылығы
16

жылдың  мезгіліне  байланысгы  ауысып  отыратын  жануарлар  -  
гстеротермді  (һеіегоз  -   баска,  әртүрлі)  немесе  әртүрлі  (өзгермелі) 
температуралы жануарлар тобын қүрайды.
ЗЛЛ Темнература факторына жануарлардың бейімделуі
Қоршаган  орта температурасының өзгерістеріне әріүрлі  жолмен 
бейімделу  арқылы  жан>арлар  өздерінін  температурасының  оңтайлы 
(оптимум)  деңгейде  сақгалуын  қамтамасыз  етеді.  Темпераіура 
жагдайына  әртүрлі  жануарлар  әртүрлі  жолмен,  әртүрлі  деңгейдегі 
белсенділікпен  бейімделеді.  Ортаның  температурасының  өзгеруіне 
сәйкес  жағгуарлар денесінің температурасын  негізгі  үш  түрлі  жолмен 
реттеп бейімделеді.
1. 
Химиялық  жолмен  реттеу  аркылы  бейімделу  -   ортаның 
темперагурасының  өзгерісіне  сәйкестіріп  денесінен  жылу  өндіру 
мөлшерін  белсенді  түрде  өзгертеді:  ыстықта  —  жылуды  аз  бөледі, 
суытса -  көп бөледі.
2. 
Денесінің  температурасын  физикалық  жолмен  ретгеу 
арқылы  бейімделеді.  Денесінің  (әсіресе жүнінің,  түбітінің,  терісіндегі 
қабык,  қабыршақтардың жылу  өткізу  қабілетін,  түсін,  тыныс  алу,  қан 
айналым  жүйесін  өзгерту  арқылы  ішкі  жылуының  сыртқа  шыгуын 
шектеп жылуын сакіау, әйтпесе керісінше, денесіндегі артык ыстықты 
сыртқа бөліп шыгару қабілетін жогарылату аркылы іске асады.
3. 
Мінез-құлыктық  өзгерістер  арқылы  реттеп  бейімделу. 
Жануарлар  мекен-жайдағы  өзінің  орнъш,  орналасу  бағытын,  пішінін, 
немесе  мінезі  мен  қозгалысын  әртүрлі  мөлшерде  өзгерту  арқылы 
ортаның темперагурасын өзіне қолайлы деңгейде қабылдайды.  Кейбір 
жануарлар тек мінездік өзгерісггер  жасау  аркылы гана денесінің жылу 
теңдестігін (жылу балансын) өте каркынды реттей алады.
Гомойотермдік жануарлармен салыстырганда пойкилотермді 
жануарларда 
зат 
алмасу 
үрдісінің 
қаркыны 
бәсең, 
баяу 
жүрілітіндіктен  олардың  химиялык жолмен  денесінің  жылуын  реттеу 
мүмкіндігі  аз.  Физикалық  реттеу  арқылы  температура  өзгерісіне 
бейімделу  қабілеті  де  төмен.  ІІойкилотермді  жануарлардың  өздігінен 
жылу  өндіру  кабілеті  төмен  болгаңдыкган  жылудың  тапшылыгына 
қарсы  тұра  алмайды.  Сондықган  ортаның  темлературасы  төмендеген 
кезде  олардың  тіршілік  іс-әрекеті  барынша  баяулап,  козгалыссыз 
сілейген  бейнеіе айналады.  Осындай  белсенсіз  жагдайда олар  суықка 
жақсы төзе алады.  Бұл жагдайдан  қайтадан белсенді  тіршілікке ауысу 
үшін  олар  сыртқы  ортадан  белгілі  бір  мөлшерде  жылу  сіңіріп  алуы 
қажет.  Салідын  қанды  жануарлар  күн  көзіне  кыздырыну  немесе 
керісінше,  көлеңкелі  салқын  жерге  орын  ауыстыру  арқылы  сыртқы
С.Торайғыров
атындвғы  П М У-дІң
акадөмик  С.Е^айсөмбае  |
атындағы  ғылыми 

КІТАПХАНАС Ьі ]

ортадан  денссіне  сіңетін  жылудың  мөлшерін  реттей  шіады.  Олар 
денесінің  температурасын  көбінесе  мінез-құлықтық  өзгерістер  жасау 
арқылы реттейді. Атап  айтсақ, денесінің пішіні мен тұрпатын өзгерту, 
микроклиматы  қолайлы  орынга  ауысу  т.б.  жолдармен.  Көнтеген 
салқын  қанды  жануарлар  күндізіі  ыспықга  көленкелі,  салқын  жерді 
жағатгайды  да,  салқын  түссе,  күн  сәулесі  түскен  орынды  сагалайды. 
Кесіртке  мен  жыланның  шөлде  кездесетін  кейбір  түрлері  күндіз 
қызган  құмнан  қашқақтап  бүггалардың  бүтагына  өрмелейді.  Ал 
көптеген жәндіктер және жылан, кесірткелердің кейбір түрлері қызган 
ыстық  күннен  қорганып  інге  кіреді.  Құмырсқа,  ара  тәрізді  қогамдык 
жәндіктер  ішкі  температурасы  өздерінің  тіршілігіне  қолайлы  түрде
реттеліп тұратын ұя жасап алады.
Жылы  қанды  (гомойотермді)  жануарлар  коршаган  ортамен 
жыл>г 
алмасу 
үрдісін 
қарқынды 
жүргізу 
аркылы 
денесінің 
температурасын  жылдың  қай  мезгілінде  болса  да  тұрақты  сақтайды. 
Олардың  эрбірінде дене  температурасын  озіне  ең  оңтайлы  мөлшерде 
сақгауға  жәрдемдесетін  әртүрлі  амал  шаралар  дамыган.  Атап  айтсақ, 
морфологиялық,  физиологиялық  жэне  мінез-құлыктық  бейімделудің 
қай-қайсысы  коптеген  түр^е  кездеседі.  Осыган  сэйкес  қоршаган  орта 
температурасының  озгерісіне  физикалық,  химиялық  жолмен  оңай
бейімделе алады.
Денесінің температурасын эртүрлі жолмен реттей алатыидықтан
ит,  мысық т.б.  жануарларды  44°С-тык  ыстық  болмеде  7  сагат  ұстап, 
содан  соң  температурасын  өлшеп  көргенде  олардың  тік  ішегінің 
температурасы  40-42°С-тан  аспаган.  Ал  Австралияның  шолейт 
жазыгында  мекендейтін  қызыл  кенгуру  мен  үлкен  сұр  кенгурулар 
сыртқы  ортаның  температурасы  44°С-қа  жетсе  де  денесінің 
температ> расьш  тұракты  38°С  деңгейінде  сақтайтыны  айқындалган. 
Гомойотермді жануарлар ыстыққа төтенше төзімді  екенін дэлелдейтін 
тагы  бір  мысал  -   агылшындық доктор  Ч.  Блэгденнің  итке  жүргізген 
тэжірибесі.  Ол  126°С  ыстық  жэне  құргақ  камерага  бірнеше 
жолдастарымен  жэне  итпен  бірге  кіріп  45  минут  шыдап  тұрган. 
Олардың  озімен  бірге  камерага  алып  келген  шикі  ет  пісіп.  суық  су 
қайнаган,  бірақ  адамдардың  да  иттің  де  денсаулығына  ешбір  зақым 
келмеген (Шмидт-Нильсен,  1972).
3.1.2 Салкын қанды жануарлардың дамып жетілуіне
температураның эсері
Қандай  бір  агзаның  ұрыгы  дамьпі  жетілу  үшін  белгілі  бір
мөлшерде жылулықгы қажет етеді.
18

Жылы  канды  жаиуарларға  сүтқоректілер  мен  құстар  жататыны 
бэрімізге  мэлім.  Құстардың  денесінің  тұрақты  температурасы 
сүтқоректілерден  де  жоғары  -  42°С.  Олар  осы  артықшылығын 
пайдаланып  жұмыртқасын  басып  —  денесінің  жылуымен  жылыту 
арқылы  дамытып  жетілдіреді.  Сүтқоректі  жануарлардың  ұрығы 
анасыньщ  құрсағында  дамитындықтан  олар  үшін  сыртқы  ортаның 
температурасының  әсері  мүлдем  жоққан  тэн.  Жылы  қанды  жануар 
денесінің  темгіературасының  тұрақтылығын  пайдаланып  ұрығының 
дамып жетілу үрдісін сыртқы ортаның температурасына тәуелділіктен 
айырғаны  — гомойотермділіктің  тағы  бір  артықшылығы  деп  көруге 
болады.
Салқын  қанды  жануарлардың  өсіп  жетіл>і  тікелей  сыртқы 
ортаның 
температурасына 
тэуелді. 
Суықта 
салқьга 
қанды 
жануарлардың  жұмыртқасы  да,  дернэсілі  мен  куьфшағы  да  өсіп 
жетіле  алмайды.  Себебі,  суықгың  әсерінен  зат  алмасу  үдерісі  тым 
баяулап  дамып  жетілуге  энергия  жетіспейді.  Жэне  ересектері  де 
белсенді тіршілік ете алмайды.
Сыртқы  ортаның  температурасы  белгілі  бір  денгейге  жетіп 
жылынған  кезде  олардың  тіршілігі  қайта  сергіп,  дамып  жетіле 
бастайды.
Зат 
алмасу  үрдісі  қалыпты  мөлшерге  жетіп,  дамып  жетіле 
бастау  әртүрлі  салқын  қанды  жануарларда  эртүрлі  температурадан 
басталады.  Осылайша  белсенді  тіршіліктің  басталу  температурасын 
табалдырық  температурасы  немесе  дамып  жетілудің  әуелгі 
температурасы  деп  атайды.  Сыртқы  ортаньщ  температурасы  эуелгі 
(табалдырық)  темггература  деңгейінен  жоғарылаган  сайын  дамып 
жетілу  үрдісі 
қарқындап  жануарлардың  эрбір  даму  сатысы 
жыддамдайды,  тез  жетіліп  есейеді.  Мысалы,  патшабалықтың 
уылдьфығы 
0°С-тан 
дами 
бастайды. 
Оның 
уылдырығы, 
температурасы  тұрақты  +2°С  суда  205  тәулік,  +5°С  суда — 82  тәулік, 
+10°С  суда 41  тэулікте  жетіліп  шабақ  болып  шығады.  Майшабақгың 
уылдырыгы  +2°С  суда  45-50  тәулік,  +16°С  суда  6-8  тэулік  дамып 
шабақка  айналады.  Шөп  бақаның  уылдырығы  +9°С  суда  30  тэулік, 
+21°С суда 8 тэулік дамып  бақашабақ жетіліп  шығатыны  анықталған. 
Сондай-ақ  беде сұркөбелегінің жұмыртқасы  ауаның тэуліктік орташа 
температурасы  18°С кезде 9 тэулікте жетіліп дернәсіл сатысына өтеді, 
ал  тэуліктік  орташа  температурада  23°С  болса  екпінді  дамып,  7 
тэулікте дернэсіл жетіліп шығады.
Келтірілген  мысатдардан  белгілі  бір  т\рдің  дамып  жетілуіие 
қажетті  температураның  жинақ  косындысы  барлык  жағдайда  бірдей 
екенін көреміз. Дэлірек айтқанда, патшабалықтың уылдырығы:
19

а) +2°С-та 205 тәулікте жетіледі темнератураның қосындысы 410°С.
б) 5°С-та 82 тәулік, қосындысы - 410°С.
в)  10°С-та 41  тәулік, қосындысы тагы да410°С.
Сонымен,  салқын  қанды  жануарлардың дамып  жетілуінің  әрбір 
сатысы  жүрілу  үшін  олар  сыртқы  ортадан  белгілі  мөлшерде  жылуды 
өзіне  сіңіруі  қажет.  Бұл  жылу  қарқынды  температуралардың 
қосындысымен 
өлшенеді. 
Қарқынды 
температура 
дамуды 
қолдайтын  әуелгі  табалдырық  температура  мен  коршаған  орта 
температурасының  айырмашылыгы  арқылы  елшенедь  Мысалы,
судың температурасы  +5°С-қа жеткеннен бастап  бақаның уылдырыгы 
дами  бастайды  деп  көрсек  бүл  5°С  температура  табалдырық 
температурасы 
деп 
есептеледі. 
Ал  даму 
барысында 
судың 
температурасы  жылып  12°С-қа  жеткен  болса  қаркынды  температура 
К=12-5=7  болады.  Бүны  дамудьщ  түрақты  температурасы  деп  те 
атайды.  Егер  табалдьфық  температураны  I  деп,  кезіндегі  ортаның 
температурасын Т деп белгілесек, қарқынды температураны К=Т-1 деп 
белгілейтін  боламыз. 
Егер  бақаның  уылдырығы  жогарыдагы 
көрсеткіштер бойьшша 20 тәулік (С) бойы дамьш бақашабақ сатысына 
жеткен  болса  уылдырықтан  бақашабақ  сатысына  дейінгі  дамуына 
қажетті  қарқынды  температуралардьщ  қосындысы  х  =  (  Т  -  1°  ).  С 
формуласымен  оңай  есептей  аламыз.  Мүндагы  х  -   дамуға  қажетті 
(қарқынды)  температуралардың  қосындысы,  С  -   табалдырық 
температурадан  артық  температуралы  тәуліктің  (немесе  сағаттын) 
саны.  Жоғарыда  көрсетілген  сандарды  пайдаланып  дамуга  қажетті 
қарқынды  температураның  жиынтығын  (қосындысын)  есептейік:  х 
=(12°С  -  5°С  )*20=140°С.  Ендеше  уылдырықтан  бакашабақ  болып 
даму үшін  140°С жылу қажет екені белгілі болады.
Қарқынды  температура  жинағын  есептей  білудің  праісгикалық 
маңызы 
зор. 
Әсіресе 
жануарларды 
жерсіндіру, 
тоған 
шаруашылығында  балық  өсіру,  ауыл  шаруашылығының,  орманның 
зиянкес  жэндіктерімен  күресу  жұмыстарын  тиімді  жүргізу  үшін 
олардьщ  дамып  жетілуіне  кажетті  температуралық  көрсеткіштерді 
міндетті түрде ескеру қажет.
3.2 Ы лғалдылық, онын жануарларға әсері
Жануарлардың  тіршілігіне  тікелей  немесе  жанама  ықпалын 
тигізетін негізгі фактордың бірі — ортаның ылғалдылығы. Су агзадағы 
зат  айналым  үрдісін  қамтамасыз  етіп,  ағзаның  барлық  қызметтерінің 
қалыпты  жағдайда  дүрыс  жүрілуіне  мүмкіндік  туғызады.  Сондықтан 
денесіндегі  ылғалдың  теңдестігін  сақтау  жануарлар  үшін  аса 
маңызды. Жануарлар құрлықта,  кейбірі суда тіршілік етеді. Ылғалдық
20

үнемі  тапшы  болатын  шөдді  мекеңдерде тіршілік  егепн  жануарлар да аз 
емес. Әсіресе құрлыкга тіршілік ететін жануарлар ылғалдың тапшылығына 
үшырамауға эртүрлі жолмен бейімделген.
Жан>’арлардың дене салмағыньщ  70-ке жуык пайызьш  су  кұрайды. 
Әсіресе зат йлмасуьш үнемі екпінді жүргізетін жүйке жүйесі, бауьф сшгқты 
мүшелердің жасушасьшын жалпы салмағыньщ 80-85 пайызын су иеленеді. 
Осьшьщ  өзі-ақ  жануарлар  үшін  су  канша  маңызды  екенін  баяндайды. 
Жасушадағы  барлык судьщ 95  пайызын еркін су,  4-5  пайызын  акуыз бен 
косылыс түзіп байланыскан су қүрайды.
Судың  жануарларға  қажеггігі  оның  физикалық,  химиялық 
касиеттеріне  және  ағзаға  аткаратьш  қызметтеріне  байланысты.  Судьщ 
ағзаға атқаратын төмендегідей қасиеттері мен қызметгерін атауға болады:
- Су - әлемдік табиғи еріткіштердің бәрінен артық еріткіш:  көптүрлі 
затгарды  ерітуге қабілетгілігі түрғысынан  судан  аргық ешбір  сүйық жоқ. 
Жасушада  жүрілетін  көптеген  химиялық  реакциялар  суда  еріген 
иовдардьщ  эрекеттесіп,  эсерлесуіне  негізделген.  Соңдықган  да  су 
заттардың ыдырау, түзілуі жүрілетін негізгі ортаның рөлін атқарады.
- Су тек реакңияларды жүргізегін орта ғана емес, судьщ өзі эртүрлі 
реакцияларға тікелей қатысьш эртүрлі күрделі затгарды түзеді.
-  Су  агзалардьщ  жылуьш  түрақгаңдьфушы,  жылу  мөлшерін 
реттеуші ретінде үлкен рөл атқарады. Бұл — судың жылу өткізгіпггік, жылу 
сыйымдылык  қасиеті  жоғары  жэне  жоғары  температурада  (100°С) 
буланатьш  касиетгеріне  байланысгы.  Жылу  сыйымдылығы  жоғары 
болгандыкган  сьфткы  ортаньщ  температурасы  қальшты  деңгейден  өпге 
азайьш,  не  өте  көбейіп  а>ъггкыған  кезде,  сол  ауыткудың  ағзаға  тигізетін 
әсерін  жұмсартады.  Жылу  өткізгіштігі  —  ағзаның  барлық  мүшесіне 
жылудың  біркелкі  таралуына  жәрдемін 
гигізеді.  Судьщ  булану 
температурасы  жоғары  болғандықган  жануарлардың  ішкі  мүшелеріңде 
пайда  болған  ыстық терлеген  кезде  буланған  сумен  бірге  сьфтқа белініп 
шығады да ыстықгаған денесі салқьшдайды.
|   Агзаға  кажетгі  заттар  суда  еріген  ерітінді  түрде  жануарлардьщ 
эртүрлі  үлпалары  мен  мүшелеріне  таравды,  ал  ағзага  кажетсіз  зиявды 
затгар  тағы  да  су 
арқылы 
аластатылады. 
Сондыктан 
судың 
тасымалдаушылық рөлі де аз емес.
Ылғалдық  сүйгіш  касиетіне  сэйкес  жануарларды  гигрофильдер 
яғни 
ылғал 
сүйгіпггер, 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет