Жануарлар этологиясы оқу құралы Қостанай, 2016 Әож 591. 500(075) кбж 28. 6я7


Жануарлардың жоғарғы жүйке қызметінің типтері



бет34/122
Дата06.01.2022
өлшемі365,26 Kb.
#15031
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   122
Байланысты:
Жануарлар этологоиясы

Жануарлардың жоғарғы жүйке қызметінің типтері


Жануарлардың жоғарғы жүйке жұмысы әр түрлі тітіркендіргіштердің – ішкі және сыртқы ортадан келіп түскен әсерлердің туындауымен қалыптасады. Жануарлар белгілі бір жағдайларда ғана талдау мен синтез жасайды және нақты ойлауыдың бар болуымен ерекшеленеді.

Мидың осындай жұмысын жануарлар мен адамдарға ортақ болып келетін болмыстың алғашқы сигналды жүйесі деп атауға болады

Ми қызметінің адамдарға ғана тән формасы бар, оны И.П. Павлов болмыстың екінші сигналды жүйесі деп атаған. Ол ауызша белгі беруге негізделген. Бұл сөз «сигналдардың белгісі» болып табылады. Жануарларда реакция тудыру үшін, оның рецепторларына ғана әсер ететін физикалық немесе химиялық сипаттағы белгілер қажет; адамдарда мұндай сигнал ретінде басқалары секілді шартты тітіркендіргіш болып табылатын оның ауызша мағынасы болуы мүмкін. И.П. Павлов адамдардабастапқы сигналдардың белгілері – айтылатын, естілетін және көрінетін түрінде екінші дәрежелі сигналдар пайда болды, дамыды және одан әрі жетелдірілген деп жазған.Осылайша, адамдардың жоғарғы жүйке қызметінің ерекшелігі ретінде бастапқы белгілердің негізінде құрылған екінші дәрежелі болмыстың сигналды жүйесі болып табылады. Бірақ бастапқы сигналды жүйелері қызметін тоқтатқан жоқ. Бізде сөздерді түсінуге арналған арнайы рецепторлар жоқ, олар басқа дыбыстар сияқты есту жасушаларымен қабылданады. Осылай, таныс емес шет тілі басқа дыбыстар сияқты бастапқы сигналды жүйемен қабылданады, тек оқып үйренгеннен кейін ғана, яғни түсінікті сөздерге айналғанда, бұл тіл тиісті есту жасушаларына әсер ете, екінші дәрежедегі сигналды жүйенің мағынасына енеді. Демек, сөздер өзінің дыбысымен емес, оған тиісті мағынасымен әсер етеді.

Екінші сигналды жүйе әлеуметтік бастамасымен пайда болады, ол адамдар мен оны қоршаған әлеуметтік орта арасындағы ара қатынастың нәтижесі болып табылады. Адамдарда ауызша сигнал беру, сөйлеу, тіл қатынасу мен ұжымдық жұмыстар барысында дамыған. Басқа адамдармен қатынаспаған жағдайда екінші дәрежелі сигналды жүйелер дамымай қалады. Бірақ дамудың қаншалықты биік сатысында тұрған жануар, адам тектес маймыл немесе, піл, жылқы немесе ит болсын олар күрделі сөйлеу тітіркендіргіштеріне адекватты түрде әсер ету жағдайында болмайды. Егер жолда кетіп бара жатқан адам жан – жағындағылардан тиісті жерге қалай бару керектігін сұраса, берілген жауап арқылы керек жеріне жетеді. Ал жануарлар болса жолды тек арнайы иістер, іс – қимылдар, дыбыстар және т. б. арқылы бастапқы сигналды жүйемен табады.

Адамдардың екінші дәрежелі сигналды жүйесінің бір ерекшелігі шартты байланыстарды туындатудың жылдамдығы: кейде бір нәрсе туралы бір рет естіген немесе оқыған жеткілікті болып табылады және олар ұзақ уақытқа ешқандай қайталанусыз сақталады. Екінші дәрежелі сигналды жүйенің негізі адамдардың қоршаған ортаға жоғарғы бейімделуі туралы ғылымның дамуына ықпал етті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет