Жануарлар этологиясы оқу құралы Қостанай, 2016 Әож 591. 500(075) кбж 28. 6я7


И.П. Павлов бойынша жоғарғы жүйке қызметінің типтерінің классификациясы Гиппократ бойынша темперамент классификациясына сәйкес келеді



бет36/122
Дата06.01.2022
өлшемі365,26 Kb.
#15031
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   122
Байланысты:
Жануарлар этологоиясы

И.П. Павлов бойынша жоғарғы жүйке қызметінің типтерінің классификациясы Гиппократ бойынша темперамент классификациясына сәйкес келеді:

И.П. Павлов бойынша жоғарғы жүйке қызметінің типтерінің классификациясы

Гиппократ бойынша темперамент

1.Күшті біркелкі қозғалмалы (лабильді)

Сангвиник

2.Күшті біркелкі инертті

Флегматик

3.Күшті біркелкі емес (тежелуге қатысты өткір қоздырудың болуымен) – ауыздықсыз

Холерик

4.Әлсіз

Меланхолик

И.П. Павлов жүйке үрдістерінің негізгі үш қасиеттерінің әр түрлі комбинацияларының мүмкіндігін ескеріп, негізінде типтердің саны одан да көп екендігін атап айтқан.

Жоғарғы жүйке қызметінің күшті типтеріне қарама – қарсы екі жүйке үрдістерінің әлсіздігімен ерекшеленетін әлсіз типі қойылады. Осы типке жататын жануарлар, күшті типтегі жануарлар сияқты, біркелкілік пен қозғалғыштықтың әр түрлі дәрежелеріне ие, бірақ қоздыру үрдісінің әлсіздігі осы айырмашылықтардың мәнін деңгейлестіреді. Олар жоғарғы сезімталдыққа ие, бірақ жұмыс істе қабілеттілігі мен төзімділігі төмен болып келеді. Қоршаған ортаның жағдайларына қиындықпен бейімделеді, жиі ауырады, оларда қатты тітіркендіргіштердің әсерінен невроздар оңай дамиды.Ауыздықсыз типтегі жануарлардың бастапқы біркелкі еместігі тежеуіш үрдісінің жаттығуы мен тиісті тәрбиенің әсері арқылы едәуір дәрежеде тегістелуі мүмкін. Тәрбие арқылы әлсіз типке жататын жануарлардың кей жағдайда жүйке үрдістерін күшейтуге болады, бірақ бұл тек қолайлы, өзгермейтін ортада, И.П. Павлов айтқандай «жылыжайлық» жағдайда ғана мүмкін болып табылады.

Жоғарғы жүйке жұмысын обьективті түрде оқып үйрену мен ауыл шаруашылық жануарларының жүйке жүйесінің типтерін анықтау үшін көптеген әдістемелер қолданылады. Жануарлардың табиғи жағдайларына едәуір келетіні және өндірістік жағдайларда оңай қолданылатын жануарлардың азыққа оңай қозғалуына негізделген қозғалмалы-азықтық әдістемесі қолданылады. Ол тек бір қозғалысты ғана емес, сонымен қоса барлық бостандықта жүрген жануарлардың қозғалысын ескеруге мүмкіндік береді. Мұндай жағдайларда жануарларда шартты қозғалғыш рефлекстерінің туындауы өте тез өтеді және рефлекстері де тұрақты болады. Табиғи жағдайларда жануарлар сырттан келген тітіркендіргіштердің әсеріне байсалдылықпен жауап қайтарады, бұл уақытта сол тітіркендіргіштерге күшті ориентирлік реакция пайда болады.

Шартты рефлекторлық қызмет тиісті жануарлардың биологиялық және физиологиялық ерекшеліктеріне сай қалыптасадф. Тәжірибелерде шөп қоректі жануарлардың азыққа жақындауына кедергі келтіретін теріс тітіркендіргіштерді қолданудың сәйкессіздігі көрсетілген. Шөп қоректі жануарлармен жұмыс істегендегі мұндай тітіркендіргіштердің негізінен сәйкес келмеуі табиғи жағдайда олардың азық іздеу ерекшеліктерімен байланысты болып келеді. Жайылым кезінде шөп қоректі жануарларға ұдайы қозғалыста болу тән. Оларға тиісті мөлшерде азық жинап алу үшін, үнемі қозғалыста болулары керек.

Ет қоректі жануарлар азығын басқа жағдайларда іздеп табады. Олар өзінің жемтігіне аңду, ұстау және өлтіру арқылы қол жеткізеді. Жыртқыш аң жемтігін көрген сәтте бірден оған жақындамайды, білдірмей жақындап, шабуыл жасау үшін ыңғайлы уақытты күтеді, яғни оның қозғалғыш азықтық белсенділігі қатты ішкі тежелумен байланыста болады. Азық табу кезінде шөп қоректі және ет қоректі жануарлардың реакциялары әр түрлі және жыртқыштар тобына жататын иттерге арнап жасалған жоғарғы жүйке қызметінің типін анықтау үшін қолданылатын әдістемелер механикалық түрде шөп қоректі жануарларға ауыса алмайды. Жануарлардың жоғарғы жүйке қызметінің типін олардың мінез – құлқына тән ерекшеліктері арқылы да анықтауға болады. Бірақ бұл анықтама тек ұзаққа созылған және әр түрлі жағдайларда бақыланған жағдайда ғана анықталады. Қарапайым жағдайларда кейде ұзақ уақыт бойы жүйке үрдістерінің күші, тепе – теңдігі және қозғалғыштығы жайлы анықтама алу мүмкін болмайды. Қарапайым орталарда бақылаудан бөлек, типтерін анықтау мақсатында жануарлардың ерекше, жаңа, бірақ бәріне бірдей орталардағы мінез – құлқын зерттеу керек. Қиын емес тәжірибелерді жүргізу салыстырмалы және нақты нәтижелер береді (Г. В. Паршутин и £. Ю. Румянцева, 1954).

Жоғарғы жүйке қызметінің жануарлардың өнімділігімен байланысы.

Көптеген авторлардың жұмысында жануарлардың шартты рефлекторлық қызметінің олардың әр түрлі өнімділігі арасындағы байланысы бар екендігі дәлелденген. Осылай, жүйке жүйесінің типологиялық ерекшеліктері көбінесе өндіруші – бұқалар мен сиырлардың лактациясының сипатына қарай қолданудың оптимальды тәртібін анықтайды. Сүттің пайда болу үрдісі, сүт беру рефлексі, сиырлардағы сүт майларының мөлшері көбінесе жүйке үрдістерінің сапасына байланысты болып келеді. Сүтті өндірудегі тұрақты жоғарғы дәрежедегі өнімділік тек күшті біркелкі қозғалғыш үрдістері бар жануарларға ғана тән болып келеді. Осындай типтегі сиырлар ұстау ережелері мен азықтандыруға ( сауыншылардың өзгеруі, азықтарды өзгерту, басқа жерге орналастыру және т.б.) жақсырақ бейімделеді. Осыған байланысты олар жақсы азықтанады және олардан басқа типке жататын сиырларға қарағанда көбірек сүт алынады. Біркелкі емес жүйке үрдістері бар сиырларда тұрақты жоғарғы лактация деңгейі сирегірек кездеседі. Оларда көбінесе ішкі себептермен шақырылған сауым сүтінің мөлшерінің төмендеуі байқалады.

Әлсіз жүйкелік үрдістері бар сиырларға лактацияның төменгі дәрежесі тән, лактациялық кезеңнің ауытқып тез төмендеуі көбінесе өздігінен іске қосылумен аяқталады. Оларда тіпті сауын сүтінің мөлшері мен майдың пайыздық үлесі бір тәулік ішінде ауытқулары болып тұрады.Әлсіз типті бұқаларда орын ауыстырғанда жаңа жерге үйренісе алмай, жыныстық рефлекстері күшті ішкі тежелуге байланысты көпке дейін пайда болмайды және олардан сперманы алу қиындық туғызады. Мұндай бұқаларды пайдаланған кезде оларды ішкі тежелуді туындататын әр түрлі факторлардың әсерінен және жоғары жыныстық жүктемелерден қорғау керек; осы типке жататын жануарлардың нақты, өзгермейтін жағдайларда ғана жұмыс істеуге қабілетті болатынын ескере отырып сперма алудағы уақыт пен реттілігін қатаң түрде сақтау қажет. Мұндай өндіруші – бұқалардың типтері жағымсыз болып табылады.Күшті, бірақ біртекті емес жүйке жүйесі бар бұқалар олардың артығымен күш жұмсауына байланысты жүйке жүйесінің ауруларына, олқылықтарға бейім болып келеді.Мұндай бұқалардан сперманы оларға таныс емес кез келген орталарда және кез келген уақытта алуға болады.Олар біртекті ортада ұйқы – гипнотикалық тежелуге бейім емес, бірақ оларда ашушаңдық дамиды және жүйке жүйесінің шектен тыс жұмыс істеуін алдын ала алмайды. Осы типке жататын жануарларды дұрыс мақсатта қоданбаған жағдайда, оларда толық жыныстық әлсіреу пайда болады. Мұндай өндірушілердің спермопродукциясы әдетте сапасы мен көлемі жағынан төмен болып келеді. Күшті, біртекті және қозғалғыш жүйке үрдістері бар бұқалар қоршаған ортаның әр түрлі өзгерістеріне жақсы және тез бейімделеді, бірақ бір ортада ұзақ уақыт қолдану немесе сперма алу техникасын дұрыс орындамау оларда ұйқы – гипнотикалық күйін дамытады, немесе ашушаң және тыңдаусыз болып кетеді. Күшті біртекті инертті типке жататын бұқалар сперма алу барысында баяу қозады, бірақ әдетте жақсы сападағы эякулят береді. Мұндай өндірушілердің жұмыс істеу қабілеттері әлдеқайда жоғары болып табылады. Дұрыс азықтандыру мен рацион мөлшерінің жеткілікті болуы арқылы оларды шамадан тыс жүктемемен қолдануға мүмкіндік береді.

Жоғарғы жүйке қызметінің типіне қарай жылқылардың танып білудің сапасына тәуелділігі өте қатты байқалады. Жоғарғы жүйке қызметінің күшті біртекті және қозғалмалы типке жататын жануарларға барлық мақсатта қолданғанда да жұмыс істеу қабілеті тән. Жоғарғы жүйке қызметінің күшті біртекті емес (ауыздықсыз) типіне жататын жылқылар төменгі дәрежедегі күшпен желістерге жоғарғы жұмыс істеу қабілеттілігін көрсетеді. Бірақ жғарылаған күштің дәрменіне олардың жұмыс істеу қабілеттері төмен болады. Әлсіз типті жоғарғы жүйке жұмысына жататын жылқылар төмендетілген жұмыс істеу қабілетімен ерекшеленеді.

Ауыл шаруашылық жануарларының жүйке үрдістерінің сапасын зерттеу мақсатында жүргізілген көптеген жұмыстардың нәтижесінде мынадай қорытынды шығаруға болады: шаруашылыққа маңызды пайдалы қасиеттері көбінесе күшті, біртекті және қозғалмалы жүйке жүйелері қалыптасқан жануарларда бар; ал әлсіз жүйке үрдістері бар жануарлар кез келген мақсатта қолдануға қажеттілігі төмен болып келеді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет