Жануарлар этологиясы оқу құралы Қостанай, 2016 Әож 591. 500(075) кбж 28. 6я7



бет35/122
Дата06.01.2022
өлшемі365,26 Kb.
#15031
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   122
Жүйке жүйесінің типтері. Жануарлардың бір түріне әсер ететін бір тітіркендіргіш немесе тітіркендіргіштердің комплексі біртекті реакцины тудырады. Бірақ бұр жалпылама алғанда ғана дұрыс болады. Егер әрбір жануарға жеке қарасақ, олардың реакцияларында бір- біріне ұқсамайтын индивидуалды өзгешеліктері бар екендігін байқаймыз. Мысалы, атқорада тұрған жылқылар сұлы тұрған қойманың кілтінің шылдырын естігенде, кісінеп мазасыздана бастайды. Бұл дыбыс шартты азықтық тітіркендіргіш болып табылады, себебі одан кейін шартсыз қосымша күш, яғни сұлыны беру болады. Басқаша айтсақ, жылқыларда кілттің шылдырына шартты рефлекс қалыптасқан. Егер сұлы тұрған қойманың есігін ашу барысында жылқыларға дұрыстап назар аударсақ, бұл дыбысқа барлығының бірдей реакция бермейтінін байқаймыз. Олардың бірі өжіре ішінде мазасыздана жүріп іргелес жылқылармен қабырға арқылы төбелесе бастайды, есікті тұяғымен тебеді, кейбіреулері сұлыны әкелетін жаққа қарай қарап, басқа жылқыларға, адамдарға, дыбыстарға және т.б. мән бермей тұрады. Кейбір жылқылар қозғалыссыз тұрса, кейбіреулері торға біресе жақындап, біресе алыстап мазасыз күйде болады. Бұл реакциялардың өзгешеліктері жануарлардың жүйке жүйесінің қасиеттерімен , немесе, И.П. Павлов айтқандай, оның жоғарғы жүйке жүйесінің типімен анықталады.

Бас ми қабығында ұдайы екі үрдіс өтіп жатады: қоздыру және тежелу. Жануарлардың барлық жоғарғы жүйке жұмысы осы екі үрдістің өзара әрекеттесуінің нәтижесінде жүзеге асады. Бірақ барлық жануарларда қоздыру мен тежелу прроцестері бірдей болмайды. Олар бір – бірінен күші, қозғалғыштығы мен біркелкілігімен ерекшеленеді. Бұл жүйке үрдістерінің әр түрлі әрекеттесулері жоғарғы жүйке қызметінің типологиялық ерекшеліктерінің айырмашылықтарын анықтайды.

Жүйке үрдістерінің күші бас ми қыртысының жасушаларының жұмыс істеу қабілеттілігмен анықталады. Жүйке үрдістері әлсіз және күшті болып келеді. Егер сыртқы ортада шектен тыс күшті тітіркендіргіштер пайда болса, күшті жүйке үрдістері бар жануарлар тиісті жұмысымен жауап қайтара алады, немесе, тежеліп және осындай тітіркендіргіштің әсерін басады.

Жүйке үрдістерінің біркелкілігі қоздырушы мен тежеуші үрдістердің күштерінің өзара әрекетіне байланысты,олар бірдей (біркелкі) болуы мүмкін, немесе екеуінің біреуінің күші басым (біркелкі емес) болуы мүмкін. Күшті жүйке жүйелері бар, бірақ қоздыру үрдісінің артық болуы жануарлардың қатты қоздырушылығымен сипатталады, олардың жүйке үрдістері беркелкі емес болады. Жүйке үрдістерінің қозғалғыштығы олардың пайда болуы мен қозғалысының жылдамдығы, қоздырудың тежелумен ауысу жылдамдығы арқылы сипатталады және, керісінше, сыртқы ортаның өзгерісіне Мінезқұлықреакциясының өзгеруінің жылдамдығымен сипатталады. Жүйке үрдістері жылжымалы (лабильды) немесе инертті болуы мүмкін. Жүйке үрдістерінің жоғарғы жылжымалылығы сыртқы ортаның тез өзгеріп отыратын өзгерістеріне бейімделуін қамтамасыз етеді.

Жүйке үрдістерінің қасиеттері тиісті жануардың жүйке жасушаларының ұйымдастырылуының индивидуалды ерекшеліктеріне тәуелді болады. И.П. Павлов бойынша, жүйке жасушалары «әр түрлі функционалдық заттардың қорын» жинайды және оларды жұмыс істеу барысында (қоздырылған күйінде) жасушалармен жұмсайды. Күшті жүйке жасушалары функционалдық заттардың көптеген қорын иемденген және жоғарғы дәрежеде ұзақ әрі қиналып жұмыс істеуге мүмкіндіктері бар. Әлсіз жүйке жасушалары төменгі жұмыс істеу қабілетімен ерекшеленеді, функционалды заттардың шығыны аздаған жүйке үрдістерінің күш түсіруінен де пайда болады. Бұл жасушалар жұмыс істеу қабілетінің шегіне тез жетеді және шамадан тыс күш түсіруінен зардап шегуі мүмкін.

Қозғалғыштығының дәрежесі жүйке жасушаларының қоздыру үрдісінен тежелу үрдісіне немесе керісінше ауысуындағы әр түрлі қабілеттіліктерін анықтайды.

Э. Асратянның тұжырымдамасы бойынша, жүйке үрдістерінің қозғалғыштығы (олай болса, жүйке қызметінің типінің қандай дәрежеде екендігі) тек жүйке жасушаларының қасиеттері мен ұйымдастырылуымен ғана емес, автономды жүйке жүйесінің тонусының жағдайымен және тиісті гуморальды механизмдермен ескертіледі.

Жүйке үрдістерінің қозғалғыштығы, біркелкілігі және күші комплексте жүйке жүйесінің типологиялық ерекшеліктерін тудырады, олар ағзаның Мінезқұлықреакцияларында, жалпы оның тонусында, өнімділігі мен жұмыс жасау қабілеттілігінде байқалады.

Жүйке үрдістерінің күшінің, біркелкілігінің және қозғалғыштығының ара қатынасына байланысты И.П. Павлов жоғарғы жүйке қызметінің төрт негізгі типін ажыратқан және күшті жүйкелік үрдістері бар нұсқаларын ұсынады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет